Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң)
экспорты мен импортын лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысы
(22.01.03 ж. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 3 қыркүйектегі N 893 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151, 14.10.00 ж. N 152 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртiбi(1-қосымша);
экспорты Қазақстан Республикасының Үкiметi рұқсатының негiзiнде лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (2-қосымша);
импорты Қазақстан Республикасының Үкiметi рұқсатының негiзiнде лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (3-қосымша);
экспорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (4-қосымша);
импорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (5-қосымша);
экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (6-қосымша) бекiтiлсiн;
экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес экспортқа арналған құжаттар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі (8-қосымша).
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен тiркелген жерiне қарамастан, шетелдiктердi қоса алғандағы Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғалары үшiн мiндеттi тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) (бұдан әрi - тауарлар) экспорты мен импортының тәртiбi белгiленсiн. Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) импорты лицензиялауға қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 27.01.98 ж. N 39 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. N 152; 06.04.01 ж. N 451 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы қаулыға 2-6, 8-қосымшаларға сәйкес белгiленген номенклатура бойынша тауарлардың экспорты мен импортына (этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) басқа) лицензиялар, экспортқа құжаттар берсiн.
27.01.98 ж. N 39 қаулысына сәйкес қаулы 4-тармақпен толықтырылды, 4-6-тармақтар тиiсiнше 5-7-тармақтар болып саналды; ҚР Үкіметінің 29.12.98 ж. N 1351 қаулысымен 2, 3, 4-тармақтар өзгертілді; ҚР Үкіметінің 19.01.99 ж. N 31; 28.11.00 ж. N 177; 22.01.03 ж. N 72 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi этил спирті мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) импортына лицензиялар берсін.
ҚР Үкіметінің 09.03.98 ж. N 186 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 548 өкiмiне:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын.
6. 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған еп танылсын.
7. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр айдан кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Ә. Қажегельдин
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 30
маусымдағы N 1037 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың,
қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын
лицензиялаудың тәртiбi
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Тәртіптiң күшi ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен тiркелген жерiне қарамастан, шетелдiктердi қоса алғандағы Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына (бұдан әрi өтiнiм берушi) қолданылады.
3. Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрi Лицензиар) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 17.06.02 ж. N 666 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Лицензиялар белгiлеген нысандағы бланкiлерде (3, 4 қосымшалар) ресiмделедi.
Лицензиялар бланкiлерiнiң ұсынушыға бағалы қағаздардың деңгейiнде қорғалу дәрежесi, сондай-ақ есептiк сериясы мен номерi болады және қатаң есептiлiк құжаты болып табылады. Лицензиялардың бланкiлерiн алуды, оларға есеп жүргiзудi және сақтауды Лицензия берушi жүзеге асырады.
Болат және тоқыма өнімдерінің экспортына арналған лицензия белгіленген нысандағы бланкілермен (5 және 6-қосымшалар) ресімделеді.
5 және 6-қосымшалардағы экспортқа арналған лицензия мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады.
Болат және тоқыма өнімдерінің экспортына арналған лицензиялармен бірге Еуропа Қоғамдастығының уәкілетті органы талап ететін нысан бойынша экспортқа арналған құжат беріледі.
ҚР Үкіметінің 10.11.00 ж. N 1693; 09.01.02 ж. N 13; 02.04.02 N 389 19.08.02 N 924 қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Лицензияларды ресiмдеу үшiн өтiнiм берушi Лицензиарға:
а) лицензия алуға арналған белгiленген үлгiде өтiнiш (1, 2-қосымшалар);
б) сыртқы сауда мәмiлелерiне қатысушылардың арасындағы сатып алу-сату келiсiм-шартының (шартының) немесе иелiктен шығарудың өзге де шартының көшiрмесi мен салыстыру үшiн түпнұсқаны;
в) егер өтiнiм берушi ретiнде делдал қатысса, тауарды экспорттаушы және өндiрушi немесе импорттаушы және тұтынушы арасындағы шартты;
г) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi:
заңсыз тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
жеке тұлғалар үшiн - дербес кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (патент);
д) лицензиялық алымды төлегендiгiн растайтын құжатты;
е) қызметтiң белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асыруға арналған тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясын;
ж) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органның осы қаулыға 2-5 қосымшаларға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерi бойынша рұқсатын;
з) тауар шығарылған елдiң құзыреттi органы берген тауардың шығу сертификатын ұсынады;
и) есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті орган берген әкелуге (әкетуге) рұқсат (сертификат).
к) ұсынылатын құжаттардың тiзiмдемесiн;
"в", "д", "г", "е", "ж", "з" тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың бiрiншi басшысының қолымен және өтiнiм берушiнiң мөрiмен расталған ксерокөшiрмесi ұсынылады.
Ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауаптылық өтiнiм берушiге жүктеледi.
ҚР Үкіметінің 09.01.02 ж. N 13 қаулысына сәйкес 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Өтiнiш Лицензиардың деректер банкiнде тiркеуге жатады.
Лицензия немесе лицензия беруден бас тарту туралы дәлелдi шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.
ҚР Үкіметінің 09.01.02 ж. N 13 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Лицензия келiсiм-шартқа (шартқа) кiргiзiлген тауарлар атауларының санына қарамастан, кемiнде тоғыз белгiден тұратын коды көрсетiле отырып, сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына сәйкес тауардың бiр түрiне ресiмделедi.
Лицензия ол берiлген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жылдан артық емес мерзiмге бiр мәмiле бойынша экспорттық немесе импорттық операцияларды жүзеге асыру үшiн берiледi.
Лицензияның қолданылу мерзiмi келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындауды аяқтағанға дейiн бiрақ, бiр күнтiзбелiк жылдан асырылмай ұзартылуы мүмкiн. Лицензияның қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн оның иесi Лицензиарға жазбаша нысанда себебi көрсетiлген өтiніштi, бiрақ, лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 10 күннен кешiктiрмей ұсынады.
Лицензияның қолданылу мерзiмiн ұзартуды лицензияға қолымен және мөрiмен расталған тиiстi қосымша жазба енгiзу жолымен Лицензиар жүзеге асырады.
Лицензиар кеден органдарының назарына лицензияны растайтын уәкiлеттi адамдар қолының үлгiлерi мен мөрлерiнiң таңбасын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді
8. Лицензияны беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтату, лицензияларды керi қайтарып алу және тоқтата тұру "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Лицензия бөлектенбейтiн, яғни лицензиаттың тарапынан басқа жеке және заңды тұлғаларға берiлмейтiн болып табылады. Лицензия тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бiр түрiнiң экспорты мен импортына онда көрсетiлген мерзiмдерге рұқсат болып табылады және лицензияланған тауарды кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болады.
10. Тауардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бiр түрiн бiр мемлекетке шығаруға берiлген лицензия бұл тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) басқа мемлекетке шығару үшiн пайдаланыла алмайды.
11. Лицензиар:
лицензиат тиiстi өтiнiш берген;
лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;
лицензиат Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған;
лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата түрған себептер жойылмаған;
лицензиатқа оның жүзеге асыруға лицензиясы бар қызметтiң түрiмен айналысуға сот тыйым салған жағдайларда тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш күндiк мерзiм iшiнде жазбаша нысанда лицензиат пен кеден органына хабарланады.
12. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылғаннан кейiн, лицензия жаңартылады. Лицензиар үш күндiк мерзiм iшiнде лицензиат пен кеден органына жазбаша нысанда хабарланатын шешiм қабылданғаннан кейiн, лицензия жаңартылған болып саналады.
13. Лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн, оның түпнұсқасы бар кеден органы 10 күндiк мерзiм iшiнде Лицензиарға мөрмен және бiрiншi басшының қолымен расталған, оның атқарылғандығы туралы тиiстi белгiмен бiрге лицензияның көшiрмесiн жолдайды.
14. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
15. Лицензиардың тауарлардың экспортын/импортын лицензиялауға байланысты шешiмi мен iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 09.01.02 ж. N 13 қаулысымен тәртіп 16-тармақпен толықтырылды
16. Лицензия жоғалған кезде лицензиаттың телнұсқаны алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша он күн iшiнде лицензияның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына алым төлейдi.
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 02.04.02 ж. N 389 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді
Экспортқа лицензия алуға арналған өтiнiш
┌───────────────────────────────────────────────────────────────────┐
│1. Лицензия N │
├──────────────────────────────────────────────────┬────────────────┤
│2. Өтiнiм берушi ұйым, оның мекен-жайы, телефоны ├────────────────┤
├─────────────────────┬─────────┬──────────────────┴────────────────┤
│3. Тапсырумен (ұйым, └─────────┤7. Сатушы, оның мекен-жайы │
│кәсiпорын, оның │ │
│мекен-жайы, телефоны) │ │
├───────────────────────────────┼───────────────────────────────────┤
│4. Дайындаушы │8. Арналған елi ───────────── │
├───────────────────────────────┼────────────┬─────────┬────────────┤
│5. Шыққан елi │9. Мерзiмi ├Өтiнiш │лицензия │
│ ┌────────────┤ │бойынша │бойынша │
├──────────────────┴────────────┼────────────┴─────────┼────────────┤
│6. Кеден │10. Мәмiленiң сипаты │ │
│ │11. Төлем валютасы │ │
├───────────────┬───────────────┼────────────┬─────────┼────────────┤
│12. Тауардың │13. СЭҚ ТН │14. Өлшем │15. Саны │16. Тауардың│
│атауы мен толық│бойынша тауар- │бiрлiгi │ │жалпы құны │
│сипаты │дың коды │ │ │ (мың) │
│ │ │ │ │төлем |тең-│
│ │ │ │ │валю- |ге- │
│ │ │ │ │тасымен|мен │
├───────────────┼───────────────┼────────────┼─────────┼────────────┤
├───────────────┼───────────────┼────────────┼─────────┼────────────┤
├───────────────┴───────────────┼────────────┴─────────┴────────────┤
│17. Лицензия сұрау үшiн негiз │19. Келiсiлдi │
├───────────────────────────────┼───────────────────────────────────┤
│18. Өтiнiм берушi ұйымнан │20. Лицензияны беретін мемлекеттік │
│ │органның атауы, аты-жөнi │
│ │лауазымы │
│ │қолы, М.О. күнi │
├───────────────────────────────┴───────────────────────────────────┤
│21. Есеп (валюта) шоттарының номерi, банк бөлiмшесiнiң атауы │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│22. Лицензияның айрықша шарты │
└───────────────────────────────────────────────────────────────────┘
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 02.04.02 ж. N 389 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді
Импортқа лицензия алуға арналған өтiнiш
┌───────────────────────────────────────────────────────────────────┐
│1. Лицензия N │
├──────────────────────────────────────────────────┬────────────────┤
│2. Өтiнiм берушi ұйым, оның мекен-жайы, телефоны └────────────────┤
├────────────────────┬──────────┬───────────────────────────────────┤
│3. Тапсырумен (ұйым └──────────┤7. Сатушы, оның мекен-жайы │
│кәсiпорын, оның │ │
│мекен-жайы, телефоны) │ │
├───────────────────────────────┼───────────────────────────────────┤
│4. Тұтынушы │8. Шыққан елi ┌─────────────────┤
├───────────────────────────────┼────────────┬────┴────┬────────────┤
│5. Баратын елi │9. Мерзiмi ├Өтiнiш │лицензия │
│ ┌────────────┤ │бойынша │бойынша │
├──────────────────┴────────────┼────────────┴─────────┼────────────┤
│6. Кеден │10. Мәмiленiң сипаты ├────────────┤
│ │11. Төлем валютасы ├────────────┤
├───────────────┬───────────────┼────────────┬─────────┼────────────┤
│12. Тауардың │13. СЭҚ ТН │14. Өлшем │15. Саны │16. Тауардың│
│атауы мен толық│бойынша тауар- │бiрлiгi │ │жалпы құны │
│сипаты │дың коды │ │ │ (мың) │
│ │ │ │ │төлем |тең-│
│ │ │ │ │валю- |ге- │
│ │ │ │ │тасымен|мен │
├───────────────┼───────────────┼────────────┼─────────┼────────────┤
├───────────────┼───────────────┼────────────┼─────────┼────────────┤
├───────────────┴───────────────┼────────────┴─────────┴────────────┤
│17. Лицензия сұрау үшiн негiз │19. Келiсiлдi │
├───────────────────────────────┼───────────────────────────────────┤
│18. Өтiнiм берушi ұйымнан │20. Лицензияны беретін мемлекеттік │
├───────────────────────────────┤органның атауы, аты-жөнi │
│ │лауазымы │
│ │қолы, М.О. күнi │
├───────────────────────────────┴───────────────────────────────────┤
│21. Есеп (валюта) шоттарының номерi, банк бөлiмшесiнiң атауы │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│22. Лицензияның айрықша шарты │
└───────────────────────────────────────────────────────────────────┘
3-қосымша
ҚР Үкіметінің 02.04.02 ж. N 389 қаулысымен 3-қосымша өзгертілді
Экспортқа арналған лицензия
┌───────────────────────────────────────────────────────────────────┐