2. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
ҚР 29.11.99 ж. N 488-1; 04.06.01 ж. N 205-II; 09.08.02 ж. N 346-II Заңдарымен 77-бап өзгертілді
77-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
мемлекеттiк бақылау
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның лауазымды адамдарының:
меншiк нысаны мен бағыныштылығына қарамастан, ұйымдарға және басқа да объектiлерге (соның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) кедергiсiз (қызмет куәлiктерiн көрсету арқылы) кiрiп, көруге, мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттаманы, талдамалардың нәтижелерi мен өзге де материалдарды сұратуға және танысу үшiн тегiн алуға;
қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды молықтыру мен пайдалану жөнiндегi жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар талаптарының, оның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптардың орындалуын, тазарту құрылыстары мен басқа да залалсыздандыратын құрылғылардың жұмысын, оларды бақылау құралдарын тексеруге;
табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында белгiленген ережелердiң сақталуын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалану шарттарының (келiсiм-шарттарының) және табиғат пайдалануға берiлген рұқсаттың орындалуын тексеруге, белгiленген тәртiппен олардың күшiн жоюға, олардың күшiн жою жөнiнде нұсқамалар беруге немесе ұсыныс енгiзуге;
экологиялық аудит мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныс енгiзуге және олардың қорытындыларының орындалуын тексеруге;
экологиялық жағынан қауiптi жүктердi (бұйымдарды), қалдықтар мен шикiзат ресурстарын қоршаған ортаның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, (әкетуге) сондай-ақ одан алып өтуге (одан әрi тасымалдауға) тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;
заңды және жеке тұлғаларға талаптар қоюға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жолсыздықты жою жөнiнде нұсқамалар шығаруға;
экологиялық талаптар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және тоқтата тұру туралы сот органдарына арыз беруге;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi заңдарда белгiленген тәртiппен қарауға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген залал мөлшерiн анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның негiзiнде кiнәлi адамдардан осы залалды ерікті түрде өтеу туралы талап етуге немесе сотқа талап қоюға;
тиiстi қаржы-несие ұйымдарына экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын объектiлердiң құрылысы мен пайдаланылуын, шаруашылық және өзге де қызметтi қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқама енгiзуге;
өндірістік экологиялық бақылаудың және мониторингтің нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеруге;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұзушылардың әрекеттерін болғызбау немесе олардың жолын кесу үшін ішкі істер, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарынан көмек сұрауға және оны алуға.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның лауазымды адамдарының өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi, бағыныстылық ретiмен немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi тармақтарында көзделген хабарламаларды алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн өз қаулысымен жояды немесе оларды алып тастайды.
ҚР 04.06.01 N 205-II Заңымен 78-бап өзгертілді
78-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
өндiрiстiк бақылау
Өндiрiстiк бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша орталық атқарушы органдар немесе ұйымдар бекiтетiн ережелер негiзiнде жүзеге асырылады.
ҚР 04.06.01 N 205-II Заңымен 79-бап өзгертілді
79-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық
бақылау
Қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы, табиғат пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның шарттар бойынша жүзеге асырады.
Қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртiбiн қоғамдық бiрлестiктер өз жарғыларына сәйкес белгiлейдi.
80-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды
жүзеге асыратын адамдарды қорғау шаралары
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын адамдар мiндеттi сақтандырылуға тиiс, олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда да залалды белгiленген тәртiппен өтетуге құқығы бар.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын адамдардың заңдарда көзделген жағдайларда арнаулы құралдар мен атылатын қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
ХVII тарау. Экологиялық аудит
81-бап. Экологиялық аудит
Экологиялық аудит - ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық және өзге де қызметiн, олардың табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi есеп беруiнiң дұрыс жасалуын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғаудың нормалары мен ережелерiн, экологиялық талаптарды сақтауын тәуелсiз тексеру.
82-бап. Экологиялық аудиторлық қызмет
Экологиялық аудиттi тапсырысшымен шарт негiзiнде тәуелсiз адамдар (экологиялық аудиторлар) мен аудиторлық ұйымдар жүргiзедi. Заңдарда белгiленген жағдайларда экологиялық аудит мiндеттi болып табылады.
Экологиялық аудиттi жүргiзуге шетелдiк аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар тартылуы мүмкiн.
Экологиялық аудиторлық қызмет мемлекеттiк лицензиялауға жатады, ал бiлiктiлiк комиссиясы аттестациялаған және Қазақстан Республикасы аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға бiлiктiлiк куәлiгiн (құжат-куәлiк) алған жеке немесе заңды тұлға экологиялық аудитор бола алады.
83-бап. Экологиялық аудиттi жүзеге асыру тәртiбi
Экологиялық аудиторлық қызметтiң, аудиторларды аттестациялаудың, экологиялық аудиттi жүргiзудiң тәртiбi мен ережелерi, экологиялық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi, жауапкершiлiгi заңдармен белгiленедi.
ХVIII тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды
шешу және қоршаған ортаны қорғау туралы
заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
84-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды
шешу
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды соттар шешедi немесе олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
85-бап. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
86-бап. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу
1. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзуы салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар келтiрген зиянын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу ерiктi түрде немесе белгiленген тәртiппен нұқсанды есептеудiң бекiтiлген кесiмдi бағасы мен әдiстемесiне сәйкес, ал олар болмаған жағдайда келтiрiлген залалдарды ескере отырып, қоршаған ортаның бұзылған жай-күйiн қалпына келтiруге жұмсалған нақты шығындар бойынша жүргiзiледi. Зиянды өтеуден өндiрiлiп алынатын сома қоршаған ортаны қорғау қорларына, ал заңдарда белгiленген жағдайларда зардап шеккен заңды немесе жеке тұлғаға аударылады.
2. Қызметi қоршаған ортаны қорғауға күштi қауiп төндiрумен байланысты заңды және жеке тұлғалар, егер жойқын күштiң немесе зардап шегушiнiң қаскөйлiгi салдарынан зиян келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, өздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.
3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, оны емдеуге және денсаулығын қалпына келтiруге жұмсалған шығындарды, науқасты күту жөнiндегi шығындарды, өзге де шығындар мен залалдарды ескере отырып толық көлемiнде өтелуге тиiс.
Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның шамасын анықтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ал зиянды өтеу сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген моральдық зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
ХIХ тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
87-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жалпыға бiрдей экологиялық қауiпсiздiктiң басымдығын сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
88-бап. Шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан
Республикасы аумағындағы қоршаған ортаны
қорғау саласындағы қызметi
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттелмесе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiне жол берiледi.
89-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
саласындағы халықаралық шарттары
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының