41-бап
Әрбiр Жоғары Уағдаласушы Тарап осы Конвенция күшiне енгiзiлгеннен кейiн кемiнде екi жылдан кейiн осы Конвенцияға енгiзуге болатын жақсартуларды iздестiру мақсатында жаңадан халықаралық конференция шақыру бастамасын өз мойнына ала алады. Осы мақсатта ол Француз Республикасының Үкiметiне жүгiнедi, аталған елдiң Үкiметi осы конференцияны дайындауға қажет шаралар қабылдайды.
1929 жылғы 12 қазанда Варшавада жасалған осы Конвенция 1930 жылғы 31 қаңтарға дейiн қол қою үшiн ашық болып қала бередi.
ҚОСЫМША ХАТТАМА
2-шi бабына
Жоғары Уағдаласушы Тараптар бекiту немесе қосылу кезiнде, осы Конвенцияның 2-бабының 1-абзацы Мемлекет тiкелей өзi, оның отарлары, протектораттары, мандаттық аумақтары немесе өздерiнiң егемендiгiне, өздерiнiң сюзеренитетiне немесе өздерiнің өкiмет билiгiне қарасты барлық өзгедей аумақтар жасайтын халықаралық әуе тасымалдарына қолданылмайды деп жариялау құқығын сақтап қалады.