Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201
қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 ж. 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысы
(2004 ж. 8 қаңтарға берілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы N 269 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. N 458 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар бекiтiлсiн:
1 қосымшаға сәйкес, лицензиялауға жататыны қызметтiң түрлерiне, соның iшiнде патент түрiнде, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиялардың) тiзбесi;
2 және 3 қосымшаларға сәйкес лицензиялар мен патент түрлерiнiң үлгiлерi Қызметтiң нақты лицензияланатын түрлерi бойынша лицензиялар мен патенттердiң нысанын өкiлеттiк берiлген органдар (лицензиялар) бекiтедi және олардың мағынасы аталмыш үлгiлерге сәйкес келуге тиiс;
4 қосымшаға сәйкес, санитарлық, экологиялық таукен техникалық қадағалау және мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысын қажет ететiн қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi;
5 және 6 қосымшаларға сәйкес, лицензия (патент) алу үшiн берiлетiн өтiнiштердiң формалары.
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. N 837 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі лицензиялау жүйесiн жетiлдiру саласындағы мемлекеттiк үйлестiрушi орган болып белгіленсiн.
ҚР Үкiметiнiң 08.04.97 ж. N 505 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Осы қаулының 1 қосымшасында аталған мемлекеттiк органдар "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысының 2-тармағында көзделген лицензияланатын қызметтiң нақты түрлерiн лицензиялау тәртiбi мен шарттарын әзiрлеген кезде:
қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын; лицензиялау кезiндегi материалдарды дайындау мен ресiмдеу бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртiбi мен шарттарын;
қызметiң лицензияланатын түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулер түрлерiнiң тiзбесiн;
лицензиялау бойынша өкiлдiктердi басқарудың тиiстi салалық аумақтық органдарына, соның iшiнде облыстар мен Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органдарының құрамына кiретiн органдарына беру тәртiбiн;
iшкi рыноктағы қазақстандық өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау тәртiбiн айқындасын.
3. Лицензиялануы облыстар мен Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органдарымен жүзеге асырылатын қызметтiң түрлерiн лицензиялау тәртiбi мен шарттарын әзiрлеу олардың құзырына сәйкес орталық атқарушы органдарға жүктеледi.
ҚР Үкiметiнiң 28.06.96 ж. N 835 қаулысымен қаулы 4-шi тармақпен толықтырылды
4. Осы қаулыға 1-қосымшада аталған мемлекеттiк органдар лицензия беруде жекелеген аймақтарда белгiлi бiр қызметтер мен тауарлар өндiрушiлердiң монополиялық жағдайына жол бермей және өндiрiстiк қуаттардың орынсыз ыдыратылуын шектей отырып, республикалық нарықтың қалыптасуына белсендi ықпал жасайды.
ҚР Үкiметiнiң 31.07.97 ж. N 1196 қаулысымен қаулы 5-шi тармақпен толықтырылды
5. Лицензиарлар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасына қорғаныс дәрежесi, облыс кодын қамтитын есептiк сериясы мен нөмiрi бар, кiтапша етiп жасалған, тiгiлген және берiлген лицензиялардың (патенттердiң) есебiн жүргiзу мен оларды бақылауға арналған бақылау талондары бар, осы қаулымен белгiленген нысандар бойынша лицензиялар (патенттер) бланкiлерiн дайындауға тапсырыс орналастырсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына 1 Қосымша
Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне,
лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк
органдардың (лицензиярлардың) тiзбесi
Тізбе өзгерістер және толықтыруларымен 2004 ж. 8 қаңтарына берілген
┌─────┬────────────────────────────────┬─────────────────────────────────────────────┐
│ N │ Өкiлеттiк берiлген орган │ Лицензияланатын қызметтiң түрлерi │
├─────┼────────────────────────────────┼─────────────────────────────────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │
├─────┼────────────────────────────────┼─────────────────────────────────────────────┤
│ 1. ├Қазақстан Республикасы ├Қару-жарақ пен оның оқ-дәрiлерiн, әскери │
│ │Экономика және │техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы │
│ │сауда министрлігінің │элементтер мен олардың приборларын, егер │
│ ├Қорғаныс өнеркәсібі │олар басқа салаларда пайдаланылмаса, сондай- │
│ │жөніндегі комитеті │ақ құрастыру,iске қосу, пайдалану, сақтау, │
│ │ │жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса │
│ │ │алғанда арнайы материалдар мен оларды өндi- │
│ │ │руге арналған жабдықтарды, әзiрлеу, өндiру, │
│ │ │жөндеу және сату Жарылғыш және пиротехника- │
│ │ │лық заттарды және оларды қолданып жасалатын │
│ │ │бұйымдарды (азаматтық пиротехникалық затта- │
│ │ │рды және оларды қолданып жасалатын бұйымдар- │
│ │ ├ды қоспағанда) әзiрлеу, өндiру және сату │
│ │ │Босаған әскери-техникалық құралдарды жою │
│ │ │(құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта │
│ │ │өңдеу │
│ │ │Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның пат- │
│ │ │рондарын, суық қаруды жасау, өндіру, │
│ │ │жөндеу, сату, сатып алу, коллекция жасау, │
│ │ │экспонатқа қою │
│ │ │уларды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып│
│ │ │алу, сақтау, сату, пайдалану және жою │
│ │ │ │ │
│ 2. ├Қазақстан Республикасы │Ракеталық-ғарыштық техниканы құру, │
│ │Энергетика және минералдық │өндiру, пайдалану, жөндеу және модер. │
│ │ресурсиар министрлiгiнiң │низациялауды, оның жұмыс iстеуiн қам. │
│ │Аэроғарыш комитеті │тамасыз ету үшiн жер үстiндегi инфра. │
│ │ │құрылымды пайдалануды қоса отырып, │
│ │ │ғарыш кеңiстiгiн пайдалану бойынша │
│ │ │барлық түрлер (полигон, командалық- │
│ │ │өлшеу кешенi, стендiк база және │
│ │ │басқалар) │
│ │ │ │
│ 3. ├Қазақстан Республикасы │жолаушылар мен жүктерді өзен, теңіз және те- │
│ │Көлік және коммуникациялар │мiр жол көлігімен тасымалдау; жолаушылар мен│
│ │министрлігінің Көліктік │жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық та-│
│ │бақылау комитеті │сымалдау; қауіпті жүктерді әуе көлігінен бас-│
│ │ │қа, барлық көлік түрлерімен тасымалдау; қауп-│
│ │ │тi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын │
│ │ │темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контей- │
│ │ │нерлердi жасау және жөндеу;теңiз кемелерiне,│
│ │ │жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге │
│ │ │байланысты теңiз порттарының қызметi │
│ │ │ │
│ 4. ├Қазақстан Республикасы │Атом энергиясын пайдалану объектiлерiн │
│ │Энергетика және минералдық │орналастыру, жобалау, құру, пайдалануға │
│ │министрлiгiнiң Атом │енгiзу, пайдалану, консервациялау және │
│ │энергетикасы жөніндегі │пайдаланудан шығару; │
│ │комитеті │ │
│ │ │радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу; │
│ │ │ │
│ │ │ядролық қондырғылар мен ядролық │
│ │ │материалдарды физикалық қорғау; │
│ │ │ │
│ │ │ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi │
│ │ │бақылау жөнiндегi қызмет көрсетулер; │
│ │ │ │
│ │ │радиоэкологиялық зерттеулер мен │
│ │ │радиациялық оңалту жөнiндегі │
│ │ │жұмыстарды жүргізу; │
│ │ │ │
│ │ │ядролық жарылыстар өткiзiлген жерлердегi │
│ │ │қызметтiң барлық түрi; │
│ │ │ │
│ │ │ядролық материалдар мен радиоактивтi │
│ │ │заттарды Қазақстан Республикасы │
│ │ │аумағының шегінде тасымалдау (транзиттік │
│ │ │тасымалдауды қоса алғанда); │
│ │ │ │
│ │ │атом энергиясын пайдалануға байланысты │
│ │ │қызмет үшiн қызметкерлердi, мамандарды │
│ │ │даярлау және аттестациялау; │
│ │ │ │
│ │ │арнайы қорғану құралдарын қолдану │
│ │ │қажеттiгiнсiз оларды пайдалану үшiн │
│ │ │жол берiлетін нормадан асатын мөлшерде │
│ │ │радиоактивтi заттар бар өнiмдердi │
│ │ │дайындау және сату; │
│ │ │ │
│ │ │радиоактивтi заттар мен изотоптар │
│ │ │пайдалана отырып рентген жабдығын, │
│ │ │аспаптарды және жабдықтарды әзiрлеу, │
│ │ │өндiру және сату │
│ │ │ │
│ 5. ├Қазақстан Республикасының │Электр және жылу энергиясын │
│ │Энергетика және минералдық │(жиынтық орнатылған жылу қуаты │
│ │ресурстар министрлiгi │100 Гкал/сағаттан астам жылу │
│ │ │энергиясы көздерiнен) өндiру, беру │
│ │ │және тарату │
│ │ │ │
│ │ │өнеркәсiптік жарылу-өртену қаупі │
│ │ │бар және тау-кен өндiрiстерiн, │
│ │ │электр станцияларын, желiлерi мен │
│ │ │кіші станцияларын, гидротехника │
│ │ │құрылыстарын, магистральды │
│ │ │газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, │
│ │ │көтергіш құрылыстарын, сондай-ақ │
│ │ │қысым күшiмен жұмыс iстейтін │
│ │ │қазандықтарды, сауыттар мен │
│ │ │өткiзгiш құбырларды пайдалану, │
│ │ │мұнай мен газға арналған бұрғылау │
│ │ │жұмыстары │
│ │ │ │
│ │ │химия, бұрғылау, мұнай-газ │
│ │ │кәсiпшілігі, геологиялық барлау, │
│ │ │тау-кен - шахта, металлургия, │
│ │ │энергетика жабдықтарын, │
│ │ │жарылудан қорғалған │
│ │ │электротехникалық жабдықтарды, │
│ │ │аппаратура мен бақылау │
│ │ │жүйелерiн, апаттан қорғану, дабыл │
│ │ │мен көтергіш құрылыстарын, │
│ │ │сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс │
│ │ │iстейтiн қазандықтарды, сауыттар │
│ │ │мен өткiзгiш құбырларды │
│ │ │жобалау, дайындау, монтаждау │
│ │ │(өндiрiстi пайдалану кезеңiнде) │
│ │ │және жөндеу │
│ │ │ │
│ │ │электр энергиясын қайта сату │
│ │ │мақсатында сатып алу │
│ │ │ │
│ │ │тұрғын-үй және коммуналдық- │
│ │ │тұрмыстық объектілердi │
│ │ │газдандыру жөнiндегi өндiрiс және │
│ │ │жөндеу жұмыстары │
│ │ │ │
│ │ │минералдық шикiзатты қайта │
│ │ │өңдеу │
│ │ │ │
│ │ │мұнай өнiмдерiн өндіру; │
│ │ │ │
│ 6. ├Қазақстан Республикасының ├Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар │
│ │Индустрия және сауда │және тау-кен өндiрiстерiн, магистраль. │
│ │министрлiгiнiң Құрылыс │ды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, │
│ │істері жөніндегі агенттігі │көтергiш құрылыстарын, сондай-ақ │
│ │ │қысым арқылы жұмыс iстейтiн │
│ │ │қазандықтарды, ыдыстар мен құбыр. │
│ │ │ларды жобалау және салу │
│ │ │бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiк, │
│ │ │геологиялық барлау, тау-кен-шахталық │
│ │ │құралдардың, жарылудан қорғалған │
│ │ │электротехникалық құралдардың, │
│ │ │аппаратура мен бақылау жүйесiнiң, │
│ │ │апаттан қорғану және дабылдың, │
│ │ │көтергiш құрылыстардың, сондай-ақ │
│ │ │қысым арқылы жұмыс iстейтiн қазан. │
│ │ │дықтардың, ыдыстар мен │
│ │ │құбырлардың монтажы │
│ │ │тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық │
│ │ │объектiлердi газдандыру бойынша │
│ │ │құрылыстық жұмыстар │
│ │ │ │
│ │ │өрттен-қорғау дабылы мен өртке қарсы │
│ │ │автоматика құралдарын жобалау мен │
│ │ │олардың монтажы (өндірісті пайдалану │
│ │ │кезеңіне дейін) │
│ │ │ │
│ │ │жолаушылық лифтiлердiң монтажы, │
│ │ │оларды жөндеу және қызмет көрсету │
│ │ │ │
│ │ │жалпыреспубликалық магистралдық │
│ │ │және халықаралық байланыс желiлерiн │
│ │ │жобалау және салу │
│ │ │ │
│ │ │жобалау-iздеу эксперттiк және │
│ │ │құрылыс-монтаждық жұмыстар, құрылыс │
│ │ │материалдарын, өнiмдерi мен конструк. │
│ │ │цияларын өндiру бойынша жұмыстар │
│ │ │жоғары және орталық мемлекеттiк │
│ │ │органдарды көшiруге қатысты Ақмола │
│ │ │қаласының аумағындағы объектiлерi │
│ │ │қоспағанда │
│ │ │ │
│ 7. │алынып тасталды │ │
│ 8. │алынып тасталды │ │
│ 9. │алынып тасталды │ │
│ │ │ │
│10. ├Қазақстан Республикасының ├Қаруды (қызметтiк-штаттық және │
│ │Iшкi iстер министрлiгi │азаматтық) және оның оқ-дәрiлерiн сату. │
│ │ ├Қару жөндеу шеберханаларын ашу және │
│ │ │өзiн өзi қорғаудың жеке құралдарын │
│ │ │әзiрлеу, мемлекеттiк емес субъектiлермен │
│ │ │iз кесуге (детективтiк) байланысты заң │
│ │ │қызметiн көрсету; жол қозғалысын реттеудің │
│ │ │техникалық құралдарын орнату, монтаждау, │
│ │ │жөндеу және пайдалану │
│ │ │ │
│11. ├Қазақстан Республикасының │Алматы қаласының аумағында жүзеге │
│ │Денсаулық сақтау │асырылатын қызметтен басқа, │
│ │министрлігі │дезинфекциялау, дезинсекциялау және │
│ │ │дератизациялау құралдары мен │
│ │ │препараттарын дайындау, өндiру, қайта │
│ │ │өңдеу және көтерме сату, сондай-ақ │
│ │ │оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен │
│ │ │көрсетілетiн қызметтер түрлерi │
│ │ │ │
│ │ │емдiк препараттар дайындау және сату │
│ │ │(малдың, өсiмдiк пен шөптiң емдiк │
│ │ │өнiмдерiн өсiру, жинау және сатудан │
│ │ │басқасы) │
│ │ │ │
│ │ │медициналық және дәрiгерлiк │
│ │ │қызметпен айналысу, Алматы қаласының │
│ │ │аумағында жүзеге асырылатын қызметтен │
│ │ │басқа │
│ │ │ │
│ │ │денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі │
│ │ │құралдары, психотроптық заттар │
│ │ │және прекурсорлар айналымына байланысты │
│ │ │қызмет түрлері: тасымалдау, сатып │
│ │ │алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою │
│ │ │ │
│12. ├Қазақстан Республикасы ├Қазақстан Республикасының мемлекеттiк │
│ │Премьер-Министрінің │құпияларын техникалық жағынан қорғау, │
│ │Кеңсесі │соның iшiнде ақпаратты қорғаудың │
│ │ │техникалық құралдарын, ақпаратты │
│ │ │өңдеудiң қорғалған техникалық құрал. │
│ │ │дарын әзiрлеу, дайындау, монтаждау, │
│ │ │ретке келтiру, жөндеу және оларға │
│ │ │сервистiк күтiм жасау жөнiндегi │
│ │ │қызметтiң барлық түрлерi │
│ │ │ │
│13. ├Қазақстан Республикасының │Жерге орналастыру топографиялық-геодезия. │
│ │Жер ресурстарын басқару │лық және картографиялық жұмыстар жүргiзуi │
│ │жөніндегі агенттігі │мен жерге орналастыру │
│ │ │топография-геодезиялық және │
│ │ │картографиялық өнiмдердi сату │
│ │ │ │
│14. ├Қазақстан Республикасы ├Өлшеу құралдарын өндiру, түгендеу, │
│ │Индустрия және │жөндеу │
│ │сауда министрлiгiнiң │ │
│ │Стандарттау, метрология │ │
│ │және сертификаттау ├Қазақстан Республикасының мемлекеттiк │
│ │жөнiндегi комитеті │рәмiздерiн айшықтайтын конституцияда │
│ │ │белгiленген материалды-бейнелеу │
│ │ │заттарын өндiру │
│ │ │ │
│15. ├Қазақстан Республикасы │Кеден режимiн жүзеге асыру жөнiндегi │
│ │Мемлекеттік кіріс министр. │қызмет (кеден заңында қаралған), │
│ │лігінің Кеден комитетi │кеден қызметiн көрсету │
│ │ │ │
│ │ │ │
│16. ├Қазақстан Республикасының │Жалпы бастауыш, жалпы негiзгi │
│ │Бiлiм және ғылым │немесе жалпы орта бiлiм; кәсiптiк, │
│ │министрлiгi │оның iшiнде кәсiптер бойынша │
│ │ │бастауыш бiлiм; кәсiптiк орта, │
│ │ │кәсiптiк жоғары, жоғары оқу │
│ │ │орнынан кейiнгi кәсiптiк, оның iшiнде │
│ │ │мамандықтар бойынша білім беретiн заңды │
│ │ │тұлғалардың бiлiм беру қызметi, сондай-ақ │
│ │ │мектепке дейiнгi және мектептен тыс │
│ │ │ұйымдардың қызметi бiлiм беру ұйымдары үшiн │
│ │ │оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, │
│ │ │электронды оқулықтар мен қосымша оқу │
│ │ │әдебиетiн басып шығару жөнiндегi қызмет │
│ │ │ │
│17. ├Қазақстан Республикасының │сот-сараптама қызметi, │
│ ¦Әдiлет министрлiгi │адвокаттық қызмет нотариустардың қызметi │
│ │ │ │
│17-1.├Қазақстан Республикасының │Адвокаттық қызметпен │
│ ¦Әдiлет министрлiгi │байланысты емес │
│ │Тiркеу қызметi комитетi │ақылы заң қызметiн │
│ │ │көрсету, мүлiктi │
│ │ │бағалау │
│ │ │ │
│ │ │ │
│18. ├Қазақстан Республикасының │Республиканың бүкiл │
│ │Мемлекеттiк кiрiс │аумағында лотереяларды (мемле. │
│ │министрлiгi │кеттiк(ұлттық) лотереялардан басқа) │
│ │ │ұйымдастыру және өткiзу │
│ │ │банкроттық рәсімдерде төлем жасауға │
│ │ │қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және │
│ │ │істерін басқару жөніндегі қызмет │
│ │ │ │
│19 │алынып тасталды │ │
│20 │алынып тасталды │ │
│ │ │ │
│21. ├Қазақстан Республикасының │Банк қызметi, банк қызметінің аудиті, │
│ │Ұлттық банкi │клирингтiк және есеп │
│ │ │айырысу ұйымдарының қызметi │
│ │ │заңдарға сәйкес валюта операцияларына │
│ │ │жатқызылатын шетелдiк валютамен │
│ │ │операциялар жасау │
│ │ │ломбардтардың қызметi │
│ │ │елтаңбалық қағаз шығару │
│ │ │ │
│ │ ├Өмірді сақтандыру" саласындағы және "жалпы │
│ │ │сақтандыру" саласындағы қызмет, қайта │
│ │ │сақтандыру жөніндегі қызмет, сақтандыру │
│ │ │брокерлерінің қызметі, сақтандыру │
│ │ │рыногындағы актуарийлік қызмет, сақтандыру │
│ │ │(қайта сақтандыру) ұйымының аудиті │
│ │ │ │
│ │ │бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет, │
│ │ │бағалы қағаздармен сауда-саттық │
│ │ │ұйымдастырушыларының және бағалы қағаздар │
│ │ │нарығына кәсiпқой қатысушылардың өзiн-өзi │
│ │ │реттейтiн ұйымдарының қызметi; │
│ │ │ │
│ │ │бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару және │
│ │ │әкелу; │
│ │ │ │
│ │ │зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы │
│ │ │төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметi; │
│22. │алынып тасталды │ │
│ │ │ │
│23. ├Қазақстан Республикасының │Ақпаратты қорғаудың криптографиялық │
│ │Ұлттық қауiпсiздiк │құралдарын, арнаулы жедел-iздеу │
│ │комитетi │шараларын жүргiзу үшiн арнаулы │
│ │ │техникалық құралдарды дайындау, │
│ │ │шығару жөндеу және сату │
│ │ │ │
│24. ├Қазақстан Республикасының │Шетелден жұмыс күшiн таратуға, │
│ │Еңбек және халықты │сондай-ақ Қазақстан Республикасынан │
│ │әлеуметтiк қорғау │шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты │
│ │министрлiгi │қызмет, Алматы қаласының аумағында │
│ │ │жүзеге асырылатын қызметтен басқа │
│ │ │ │
│25. ├Қазақстан Республикасының │Заңды тұлғалардың түстi │
│ │Индустрия және сауда │және қара металдардың │
│ │министрлiгi │сынықтары мен │
│ │ │қалдықтарын жинауы │
│ │ │(дайындауы), сақтауы, │
│ │ │қайта өңдеуi және │
│ │ │сатуы │
│ │ │ │
│26. ├Қазақстан Республикасының │Малдәрiгерлiк қызмет, Алматы қаласының │
│ │Ауыл шаруашылығы │аумағында жүзеге асырылатын қызметтен │
│ │министрлiгi │басқа │
│ │ │ │
│ │ │астықты сақтау │
│ │ │ │
│ │ │пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік│
│ │ │және фумигациялық әдістермен қолдану жөнінін-│
│ │ │дегі қызмет │
│ │ │ │
│27. │Облыстардың ├Қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң │
│ │әкiмдерi │қызметi │
│ │Астана және Алматы │Бәс тiгулер мен казиноларды │
│ │қалаларының │ұйымдастыру және өткiзу │
│ │ │Жылу энергияларын өндіру, беру және │
│ │ │тарату (жиынтық орнатылған │