ҚР 08.05.03 ж. N 414-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 95-баптың редакциясы
95-бап. Азаматтық авиация қызметiне байланысты мiндеттi сақтандыру
Өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын әуе кемелерiнiң, азаматтық авиацияның басқа да объектiлерi мен жабдықтарының меншiк иелерi мен пайдаланушылары жолаушылардың өмiрi мен денсаулығын сақтандыруға мiндеттi.
Әуе кемелерiнiң, азаматтық авиацияның басқа да объектiлерi мен жабдықтарының меншiк иелерi мен пайдаланушылар - заңды тұлғалар, бұған қоса Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген сақтандыру туралы заңдарға сәйкес азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.
Халықаралық авиажелiлерiндегi сақтандыру Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.