Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентiнiң 19.05.95 ж. N 2283 Жарлығымен; ҚР 15.07.96 ж. N 31-1 ; 10.07.02 ж. N 338-II Заңдарымен 5-бап өзгертiлдi
5-бап. Шекара қызметiн басқару, қаржы және материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз ету
1. Шекара қызметiне тiкелей басшылықты және оны басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Шекара қызметiнiң Директоры жүзеге асырады. Шекара қызметiнiң Директоры Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары болып табылады.
2. Шекара қызметiнiң құрылымы мыналардан тұрады: Шекара қызметiнiң Орталық аппараты, арнаулы бiрлестiктер, құрылымдар (шекара отрядтары, теңiз шекара дивизиясы), бөлiмдер (шекаралық бақылау отрядтары, жеке бақылау-өткiзу пункттерi), бөлiмшелер (шекаралық комендатуралар, шекара заставалары, бақылау-өткiзу пункттерi), авиациялық, теңiз және арнаулы бөлiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы құратын қамтамасыз ету бөлiмдерi мен бөлiмшелерi.
3. Шекара қызметi штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
4. Шекара қызметiнiң жұмысын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен, Заң 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Шекара қызметiнiң мекемелерi
1. Шекара қызметiнде өзiнiң бұқаралық ақпарат құралдары, әскери-медицина, мәдени-тәрбие, спорт мекемелерi мен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылатын және таратылатын өзге де мекемелер болады.
2. Әскери қызметшiлердiң, мекемелердiң жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң штат санын Шекара қызметi штат санының лимитi шегiнде Шекара қызметiнiң Директоры белгiлейдi.
ҚР Президентiнiң 19.05.95 ж. N 2283 Жарлығымен; ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Шекара қызметiнiң жұмысына бақылау жасау
1. Шекара қызметiнiң жұмысына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүзеге асырады.
2. Шекара қызметiнiң қаржылық жұмысына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бақылау жасайды.