29.09.04 ж. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 7-тармақтың редакцияcы
7. "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсіпкерлік қызметті лицензиялау, радиожиілік спекторын пайдалану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 қарашадағы № 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 48, 469-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсіпкерлік қызметті лицензиялау, радиожиілік спекторын пайдалану тәртібі туралы ережеде:
17-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"халықаралық байланыс (трафик) қызмет көрсетулерінің уәкілетті орган жүзеге асыратын есептеу жүйесі арқылы міндетті бағыттандыру туралы;".