29.09.04 ж. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 6-тармақтың редакцияcы
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар, радиожиілік спектрін пайдалану саласында кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 25 қарашадағы № 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 48, 469-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы почта байланысы және телекоммуникациялар, радиожиілік спектрін пайдалану саласында кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың тәртібі туралы ережеде:
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Жергілікті жерлердегі лицензиаттардың лицензия шарттарын сақтауын бақылауды заңдарда белгіленген тәртіппен, лицензиар бекіткен жоспарлар мен кестелерге сәйкес, сондай-ақ анықталған тәртіп бұзу фактілері бойынша немесе арызданушылардың шағымдары бойынша лицензиардың нұсқауымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті жүзеге асырады".