Жоюға жататын мемлекет қатысқан мемлекеттік кәсiпорындар, шаруашылық
серiктестiктердiң қызметкерлерiн жұмыспен қамту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995
жылғы 16 тамыздағы № 1128 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Жоюға ұсынылған мемлекет қатысқан мемлекеттік кәсiпорындар, шаруашылық серiктестiктердi iрiктеудiң тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 652 қаулысына сәйкес жоюға жататын мемлекеттік кәсiпорындар, шаруашылық серiктестiктердiң қызметкерлерiн жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен тиiстi министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволармен және жойылатын кәсiпорындардың өкiлдерiмен бiрлесiп:
жойылуға жататын кәсiпорындардың босаған қызметкерлерiн осы елдi мекеннiң немесе облыстың еңбек рыногының қажеттерiне сәйкес келешекте одан әрi жұмысқа орналастыру немесе жеке кәсiпкерлiкпен шұғылдануға қайта оқыту жөніндегі шараларды жүзеге асырсын;
жеңiлдiктi шарттармен бастапқы алғы шарттар (кредиттер, лизинг инвестицияларын, жер учаскелерiн, үй-жайлар, жабдықтар және т.с.с. бөлу) жасау арқылы көмек көрсетсiн;
босаған жұмыс күшiнiң біліктiлiк құрылымын, сондай-ақ республика кәсiпорындарының шетелдiк жұмыс күшiн пайдаланудың заңдылығын ескерiп, облыс кәсiпорындарында жаңа жұмыс орындарын құру мүмкiндiгiн қарастырсын. Шетелдiк жұмыс күшiн пайдалану туралы заңдар бұзылғаны анықталған жағдайда оларды жою және заңсыз алынған орындарға жоюға жататын кәсiпорындарда босаған азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесу жөнiнде шаралар қабылдасын;
босаған қызметкерлердiң саны 200-ден асатын кәсiпорындарды жою кезiнде бұл кәсiпорындарда босаған қызметкерлердi есепке алу және кәсiптiк бағдарлау жөнiнде уақытша пункттер ашсын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 652 қаулысына сәйкес құрылған Дәрменсiз кәсiпорындарды сауықтыру және жою жөніндегі облыстық комиссиялар жоюға жататын кәсiпорындардан босаған қызметкерлердiң еңбегiн одан әрi пайдалану жөнiнде ұсыныстар, сондай-ақ жою комиссиялары мен мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету қызметiнiң органдары жүргiзiлген шаралардың әлеуметтiк зардаптарын жеңу жөнiнде ұсынымдар әзiрлесiн.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыстардың, Алматы қалалық әкiмшiлiктерiне және Қазақстан Республикасының еңбек министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi