1997 жылғы 31 наурыздағы № 82 өкіміне өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы
4 сәуiрдегі № 90-ө өкімі
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 31 наурыздағы № 82 өкіміне мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн реформалау тұжырымдамасын жүзеге асыру және "Қазақстан Республикасында азаматтарды мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" (жаңа редакцияда), "Қазақстан Республикасында азаматтарды мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына:
Төтенов Б.В. - Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi,
жұмыс тобы жетекшiсiнiң орынбасары
енгiзiлсiн.
Премьер-Министр