Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық
комиссиясының құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1662 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының құрылымы қосымшаға сәйкес қызметкерлердiң шектi санының негiзiнде 50 адам болып бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының құрылымы үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы № 985 қаулысының 4, 6, 8-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 33, 312-құжат).
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1662 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі
ұлттық комиссиясының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Төраға
Комиссия мүшелерi
Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамасы мен жалпы стандарттары
басқармасы
Бухгалтерлiк есептiк мамандандырылған стандарттар басқармасы
Құқық және талдау жұмысы бөлiмi
Қаржы-есеп бөлiмi
Кадр және арнайы жұмыс бөлiмi
Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi