Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62
қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 39 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен күші жойылды
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзілсiн:
мынадай мазмұндағы 12-2-тармақпен толықтырылсын:
"12-2. Халықаралық автомобиль тасымалдары кезiнде рұқсат жүйесiн орындаудың тәртібі мен шарттарын автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлетті орган белгiлейдi";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым ставкаларында:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiруi (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті үшiн - 10 айлық есептiк көрсеткiшке;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |