Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне
дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық
препараттарды сатып алуға берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1384 қаулысы
(2005.11.10. берілген өзгерістемен)
"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi бекітілсiн.
2. Қоса берiлiп отырған:
вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
туберкулезбен ауыратындар үшiн туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
қант диабетiмен ауыратындар үшiн диабетке қарсы препараттарды және жеткiзiп беру құралдарын сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
онкологиялық аурулармен ауыратындар үшiн химиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
бүйрек кемiстiгi бар аурулар үшiн дәрiлiк заттар, шығыс материалдары мен жинақтаушылары бар диализаторлар, сондай-ақ бүйрегiн ауыстырып қондырған науқастарға дәрiлiк заттар сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекітілген сомасын аударуды қамтамасыз етсiн.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын пайдалану туралы есептердi есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және
басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды
сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердi пайдалану ережесi
Осы Ереже 028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртібін айқындайды.
1. 2005 жылға арналған болжамды бағаларды ескере отырып, дәрiлiк заттардың, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың бiрыңғай номенклатурасын, сондай-ақ олардың көлемiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі айқындайды.
2. Дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әрекет етедi. Конкурстық комиссияның құрамына облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды басқару (дәрiлiк заттарды сатып алу кезiнде) және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алу кезiнде) органдарының өкiлдерi енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен дәрiлiк заттар бойынша конкурстың (баға ұсыныстарының сұранымын немесе бiр көзден мемлекеттік сатып алуды пайдалана отырып жеткiзушiнi iрiктеу) қорытындылары туралы хаттаманы дәрiлiк заттар бойынша облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерiне (басқармаларына), вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттар бойынша облыстық, Астана және Алматы қалаларының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерiне (басқармаларына) жiбередi.
4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерi (басқармалары) мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерi (басқармалары) заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмде:
мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды жүзеге асырады;
қазынашылық органдарда мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тiркелуi және олардың одан әрi орындалуы жөніндегі шараларды қабылдайды;
дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды соңғы алушыларды айқындайды;
дәрілiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды пайдалану мониторингiн жүзеге асырады.
5. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерi (басқармалары) мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерi (басқармалары) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жасалуы және орындалуы туралы есептердi ұсынады.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң өткiзiлген конкурстардың қорытындылары бойынша қалыптасқан үнемдеу шегiнде дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды қосымша сатып алуды жүзеге асыруы мүмкiн.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Yкіметі заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қажеттi есептердi ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2005.11.10. № 1016 қаулысымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысымен
Бекiтiлген
Онкологиялық аурулармен ауыратындар үшін химиялық
препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
Атауы | Сомасы, мың теңге |
Ақмола облысы | 40702,9 |
Ақтөбе облысы | 31482,5 |
Алматы облысы | 95594,0 |
Атырау облысы | 36865,5 |
Шығыс Қазақстан облысы | 112279,8 |
Жамбыл облысы | 40347,8 |
Батыс Қазақстан облысы | 38468,4 |
Қарағанды облысы | 36776,3 |
Қостанай облысы | 37418,2 |
Қызылорда облысы | 41152,0 |
Маңғыстау облысы | 17583,7 |
Павлодар облысы | 36550,0 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 44103,7 |
Оңтүстік Қазақстан облысы | 50646,5 |
Астана қаласы | 31380,1 |
Алматы қаласы | 86944,6 |
Барлығы: | 778296,0 |
ҚР Үкіметінің 2005.11.10. № 1016 қаулысымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысымен
Бекiтiлген
Қант диабетімен ауыратындар үшін диабетке қарсы
препараттарды және жеткізу құралдарын сатып алуға
берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу
Атауы | Сомасы, мың теңге |
Ақмола облысы | 62205,0 |
Ақтөбе облысы | 29879,0 |
Алматы облысы | 115875,0 |
Атырау облысы | 30479,0 |
Шығыс Қазақстан облысы | 197708,0 |
Жамбыл облысы | 93846,0 |
Батыс Қазақстан облысы | 44732,0 |
Қарағанды облысы | 151408,0 |
Қостанай облысы | 101311,0 |
Қызылорда облысы | 13833,0 |
Маңғыстау облысы | 14124,0 |
Павлодар облысы | 51031,0 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 78836,0 |
Оңтүстiк Қазақстан облысы | 187522,0 |
Астана қаласы | 42741,0 |
Алматы қаласы | 197894,0 |
Барлығы: | 1413424,0 |
ҚР Үкіметінің 2005.11.10. № 1016 қаулысымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысымен
Бекiтiлген
Туберкулезбен ауыратындарға арналған туберкулезге қарсы
препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
Атауы | Сомасы, мың теңге |
Ақмола облысы | 25673,1 |
Ақтөбе облысы | 29519,5 |
Алматы облысы | 44402,1 |
Атырау облысы | 18184,6 |
Шығыс Қазақстан облысы | 35614,7 |
Жамбыл облысы | 23929,7 |
Батыс Қазақстан облысы | 8628,1 |
Қарағанды облысы | 43730,0 |
Қостанай облысы | 26282,6 |
Қызылорда облысы | 47802,2 |
Маңғыстау облысы | 11605,3 |
Павлодар облысы | 15746,9 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 21730,5 |
Оңтүстiк Қазақстан облысы | 51124,5 |
Астана қаласы | 16271,3 |
Алматы қаласы | 14058,9 |
Барлығы: | 434304,0 |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысымен
бекітiлген
Вакциналарды және басқа да медициналық
иммундық-биологиялық препараттарды
сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
Атауы | Сомасы, мың теңге |
Барлығы: 1130770,0 Ақмола облысы 62599,0 Ақтөбе облысы 66374,0 Алматы облысы 122038,0 Атырау облысы 22457,0 Шығыс Қазақстан облысы 126838,0 Жамбыл облысы 82634,0 Батыс Қазақстан облысы 26505,0 Қарағанды облысы 92080,0 Қостанай облысы 62909,0 Қызылорда облысы 62140,0 Маңғыстау облысы 34778,0 Павлодар облысы 60529,0 Солтүстiк Қазақстан облысы 44663,0 Оңтүстiк Қазақстан облысы 172005,0 Астана қаласы 25690,0 Алматы қаласы 66531,0 |
ҚР Үкіметінің 2005.11.10. № 1016 қаулысымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысымен
Бекiтiлген
Бүйрек кемістігі бар ауруларға дәрілік заттар,
шығыс материалдары мен жинақтаушылары бар диализаторлар,
сондай-ақ бүйрегін ауыстырып қондырған науқастарға дәрілік
заттар сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттердің сомасын бөлу
Атауы | Сомасы, мың теңге |
Ақмола облысы | 18126,8 |
Ақтөбе облысы | 30452,9 |
Алматы облысы | 34757,7 |
Атырау облысы | 14163,0 |
Шығыс Қазақстан облысы | 32894,6 |
Жамбыл облысы | 10234,4 |
Батыс Қазақстан облысы | 11760,0 |
Қарағанды облысы | 22196,0 |
Қызылорда облысы | 4420,0 |
Қостанай облысы | 12668,0 |
Маңғыстау облысы | 11664,0 |
Павлодар облысы | 16499,4 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 12552,0 |
Оңтүстік Қазақстан облысы | 26767,2 |
Астана қаласы | 58661,0 |
Алматы қаласы | 89134,0 |
Барлығы: | 406951,0 |