Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау
комитетiнiң мемлекеттік мекемелерін құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1470
қаулысы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 17-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 3 қазандағы № 1019 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 8-бөлiмiнiң 6.1 және 6.2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитеті аумақтық бөлiмшелерiнiң штат саны лимиттерiнiң шегiнде мынадай мемлекеттік мекемелер:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетiнiң Алматы қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығы;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетінiң Атырау қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығы құрылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі - мекемелер) қызметінің негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының біліктiлiгiн арттыру болып белгiленсiн.
3. Мекемелердi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi мынадай мазмұндағы 31 және 32-тармақтармен толықтырылсын:
"31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетiнiң Алматы қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығы;
32. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Атырау қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығы.".
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | | | | | | | | | А. Есімов |