Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1462 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
«Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 64-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | | | | | | | | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1462 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық және облысаралық қатынастарда
жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi әрi халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.
2. Халықаралық қатынастардағы жолаушылар тасымалы (транзиттi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Облысаралық қатынастардағы жолаушылар тасымалы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда жүргiзіледi.
4. Халықаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұлттық тасымалдаушы жүзеге асырады, облысаралық қатынастарда - бәсекелестiк негiзде жүзеге асырылады.
2. Халықаралық және облысаралық қатынастарда
жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәртібі
5. Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мынадай кезеңдердi:
1) халықаралық және облысаралық қатынастардағы поездар қозғалысы кестесiн және оларды қалыптастыру схемаларын әзiрлеудi;
2) халықаралық жолаушылар тасымалын аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын шетел мемлекеттерiнiң магистральдық инфрақұрылымын ұстау мен пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалармен келiсудi;
3) халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар поездарына қызмет көрсетудi ұйымдастыруды қамтиды.
6. Халықаралық және облысаралық қатынастардағы жолаушылар поездары қозғаласының кестесiн әзiрлеу бастапқы пункттерден шығу және соңғы пункттерге келу, сондай-ақ iрi елдi мекендерге келу мен шығу кезiнде жолаушылар үшiн қолайлы уақытты қамтамасыз ету қағидатын ескере отырып жүзеге асырылады.
7. Поездарды қалыптастыру схемаларын әзiрлеу кезiнде тасымалдаушы тұрақты айналымдағы жолаушылар вагондарының санын, құрамдарды қалыптастыру және олардың айналымы, тiкелей қатынайтын вагондарды ағыту мен тiркеу пункттерiн, жол жүру бағытында жолаушылар поездарына техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
8. Жаңа облысаралық қатынастарды ұйымдастыруды тасымалдаушы магистральдық темір жол желiсiнiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiн ескере отырып жүзеге асырады.
9. Қозғалыс кестесiнде көзделмеген қосымша жолаушылар поезын тасымалдаушының тағайындауы немесе вагондарды қосымша қосу халықаралық және облысаралық қатынастардағы жолаушылар ағынының күтiлетін көбеюi жағдайында жүргiзiледi.
10. Халықаралық қатынастарда поездар немесе вагондар санын көбейту, сондай-ақ поездар қозғалысының кестесiнде көзделген жолаушылар поезының немесе тiкелей қатынайтын вагонның қозғалысын тоқтатуды тасымалдаушы аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын шетел мемлекеттерiнiң магистральдық инфрақұрылымын күтiп ұстау мен пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалармен келiскеннен кейiн магистральдық темір жол желiсi операторымен бiрлесiп жүргiзедi.
11. Жолаушылар тасымалы жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн ашық барлық темір жол станциялары мен тоқтау пункттерi арасында жүзеге асырылады.
12. Халықаралық және облысаралық қатынастарда орындарды есепке алуды ұйымдастыру, бос және босайтын орындар туралы ақпарат беру және оларды iске асыру автоматтандырылған (электрондық) басқару жүйесi арқылы және/немесе жөнелту станциясынан поездың жүру жолы бойынша қол тәсiлiмен жүргiзiледi.