Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысы
(2013.10.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесi бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 24 шiлдедегi № 741 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 300-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | | | | | | | | А. Есімов |
ҚР Үкіметінің 2012.02.07. № 901 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1458 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.
2. Аң аулау - аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін мекендейтін ортасынан алу жүзеге асырылатын жануарлар дүниесін арнайы пайдалану түрі.
Олжалау мақсатымен жануарлар дүниесі объектілерін іздеу, аңду және ізіне түсу, олжалауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда адамдардың қабынан алынған аңшылық атыс қаруымен және аң аулаудың басқа құралдарымен немесе олжаланған аңшылық өнімімен, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен не осы Ереженің 20-тармағында көрсетілген аң аулаудың басқа құралдарымен белгіленген аң аулау мерзімнен тыс кезде жүруі аң аулауға теңестіріледі.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты (бұдан әрі - рұқсат) жоқ болған кезде көлік құралдарындағы және аялдау орындарындағы жануарлар немесе олардың бөліктері мен дериваттары заңсыз олжаланған өнімге теңестіріледі.
3. Аң аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кәсіпшілік аң аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау.
4. Кәсіпшілік аң аулау - кәсіпкерлік қызмет мақсатында аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.
5. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - спорттық, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнімді жеке пайдалану үшін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.
Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстарды және аң аулайтын иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.
6. Аңшылық алқаптар - бұл аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін аң аулау объектісін білдіретін жануарлар түрлерінің тіршілік ортасы болып табылатын аумақтар мен акваториялар.
7. Аңшылық алқаптар:
1) аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілген;
2) аңшылық алқаптардың резервтік қорындағы аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізуге және аң аулауға жол берілетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жерлер болып бөлінеді.
8. Егер жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) өзгеше белгілемесе, аң аулау бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жүргізіледі.
9. Қазақстан Республикасында оның аумағында тұратын немесе келетін, он төрт жасқа толған жеке тұлғалар (бұдан әрі - аңшы) аңшылыққа қойылатын ең төменгі талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төленгені туралы белгісі бар аңшы куәлігі мен рұқсаты болған жағдайда осы Ережеде рұқсат етілген олжалау құралдарын, аң аулайтын иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып аң аулау құқығына ие болады. Бұл ретте аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулау құқығына он сегіз жасқа толған жеке тұлғалардың аңшылық атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты болған жағдайда ие болады.
10. Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында бекітіп берілген аңшылық алқаптарда ғана аң аулауға, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының болған кезде және тұрғылықты елінде берілген олардың аң аулау құқығын куәландыратын құжаты және рұқсаты, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге ішкі істер органдарының рұқсаты болған жағдайда құқығы болады.
11. Жануарларды олжалау құралдары аңшылық атыс қаруы, аушы жыртқыш құстар, аң аулайтын иттер және аң аулаудың түріне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған барлық техникалық құралдарды қолдана отырып жануарлар олжаланатын құралдар болып танылады.
12. Аң аулау өнімдері болып жануарлардың терілері (мамық жүнді тері, тері шикізаты, құстардың терісі), олардың еті, майы, қауырсыны мен мамығы, бұғы мүйізі, жұпары, өті, бас сүйектері, мүйіздері (табиғи жолмен тасталған немесе мерт болған жануарлардан басқа), азу тістері және жануарлар денесінің басқа да бөліктері, құстар мен бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқалары, сондай-ақ ауланған жануарлардың өздері танылады.
Аңшылық олжаларын жинау мақсатында жануарлар дүниесінің объектілерін алу кезінде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес аң аулау хаттамалары және осы Ереженің 3 - 10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жануарлар түрлеріне олжалау парақтары толтырылады.
13. Аң аулау кезінде аңшылық алқаптарды тұрмыстық және кәсіпшілік қалдықтарымен, тастанды заттармен ластауға жол берілмейді.
2. Аң аулау тәртібі
14. Аң аулау уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері беретін аң аулауға тиісті рұқсаттың негізінде жүргізіледі.
Көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде аталық үйректер олжалауға аңшыда алдамшы үйрек немесе тұлыптар болған жағдайда жол беріледі.
15. Кәсіпшілік аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:
1) аңшылыққа қойылатын ең төменгі талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлегені туралы белгісі бар аңшы куәлігі;
2) рұқсат;
3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының рұқсаты;
4) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде - белгіленген тәртіппен берілген оларды тіркеу туралы құжаттар;
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасалған шарттар;
6) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
7) кәсіпшілік журналы болған кезде жол беріледі.
Кәсіпшілік аң аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезінде аңшылық шаруашылығы субъектісі рұқсатты пайдалану үшін жауапты тұлға тағайындайды.
16. Әуесқойлық (спорттық) аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:
1) аңшылыққа қойылатын ең төменгі талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлегені туралы белгісі бар аңшы куәлігі;
2) рұқсат;
3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының рұқсаты;
5) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде - белгіленген тәртіппен берілген оларды тіркеу туралы құжаттар болған кезде жол беріледі.
Тұяқты жануарлар мен аюды әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезінде рұқсатты пайдалануға жауапты аңшының деректері рұқсаттың бет жағына, ал қалған қатысушылардың деректері олардың аңшы куәліктерінің нөмірлері көрсетіліп, сырт жағына енгізіледі.
17. Тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды олжалау қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі.
18. Тұяқты жануарлар мен қоңыр аю олжаланғаны туралы белгіні осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген адамдар атып алғаннан кейін, жануарлардың басқа түрлері олжаланғаны туралы белгіні аң аулау аяқталғаннан кейін күн сайын не келесі аң аулау орнына ауысқан кезде сол күні қорықшы немесе ол болмаған кезде аңшының өзі рұқсатқа, егер бұл рұқсат нысанында көзделген болса, жолдамаға, ал кәсіпшілік аң аулау кезінде - кәсіпшілік журналына белгі жасайды.
19. Қасқырларды, шибөрілерді және сұр қарғаларды олжалауға:
1) жануарлар дүниесін қорғауды уәкілетті органның және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметі қызметтік қаруды пайдаланып және авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланып жүзеге асырған;
2) жануарлардың басқа түрлерін аулауды аң аулауға берілген рұқсат қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген (авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланбай) кезде рұқсат талап етілмейді.
20. Аң аулау:
1) тегіс ұңғылы аңшылық атыс қаруын;
2) ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (құстардан басқа);
3) қолдан жасалған құралдарды (қапқандарды, тұзақтарды, салмақты қысқышты, қаусырманы);
4) аң аулайтын иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып жүргізіледі.
21. Ірі жыртқыш жануарларды және саны реттелуге жататын жануарларды аң аулау мерзімінен тыс кезде олжалау Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының негізінде жүргізіледі.
22. Жолдаманың қолданылу аумағынан тыс жерде аң аулайтын иттерді іздеп, шақыру кезінде аңшы аңшылық атыс қаруының оғын алып, бөлшектейді.
23. Жолдаманың қолданылу аймағынан тыс жерде жараланған тұяқты жануарлардың, аю мен қасқырлардың ізіне түсуге және оларды жинап алуға жараланған жануар аңшылық алқаптарында жүрген аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкілетті тұлғасының келісімімен жол беріледі.
24. Аң аулау аяқталғаннан кейін, аң аулау аралығындағы үзілістерде, бір жерден екінші жерге көшкен кезде, сондай-ақ уәкілетті тұлғалар аңшының аң аулауының заңдылығын тексеруі кезінде аңшылық атыс қаруы оғы алынған күйге келтіріледі.
Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында оқ болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледі.
25. Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректілерді олжалау кезінде олжалаудың күні мен орны көрсетілген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгілер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға одан әрі беру үшін аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкілетті тұлғасына немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі.
26. Мына жағдайларда:
1) аңшы куәлігінсіз;
2) аңшы куәлігінде тиісті жылға аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеген мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісіз;
3) ішкі істер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсатынсыз, ал шетелдік азаматтарға - ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге аңшылық атыс қаруын әкелуге және әкетуге берген рұқсатынсыз;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізілмеген аушы жыртқыш құстармен;
5) егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аңшылық алқаптардың резервтік қорында;
6) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсіпшілік мақсатта;
7) қолданылуы осы Ережеде көзделмеген олжалау құралдарымен;
8) тегіс ұңғылы аңшылық қаруын қолданып, елді мекендердің жерлерінде, сондай-ақ олармен іргелес аумақтарда, олардың айналасында екі шақырым және ойық ұңғылы аңшылық қаруын қолданып үш шақырым радиуста;
9) уәкілетті органның рұқсатынсыз өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлерінде;
10) өнім жинау аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақтарды қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
12) қозғағышын іске қосып, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, қарда жүретін техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемді кемелерді, әуесқойлық (спорттық) мақсаттарда;
13) алкогольмен немесе есірткі заттармен масаю немесе өзге де түрдегі интоксикация жағдайындағы адамның;
14) мүшкіл және дәрменсіз күйге ұшыраған (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалаған, су айдындары арқылы жүзіп өту кезінде, көктайғақта, аштықтан тұралаған, жылым суларды паналаған суда жүзетін құстарға) жануарларға;
15) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне (оларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес олжалау жағдайларынан басқа);
16) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, су тышқанына аңшылық қаруды қолданып;
17) кейіннен қалпына келтіре отырып, аң аулайтын иттерді құтқару үшін індерді қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;
18) өзен құндызы тұрғызған бөгеттерді бұзып;
19) түнгі көздеуіштерді және дыбыссыз атуға арналған құрылғыларды, лазерлік нысана көрсеткіштерді қолданып;
20) жарықтандыру аспаптарын қолданып;
21) дыбыс шығарғыш электрондық құрылғыларды қолданып;
22) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесі объектілерін иммобилизациялауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);
23) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;
24) тегіс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған иір ойықты салмалы (қосалқы) ұңғыны қолданып;
25) бос жерлерді, су бетіндегі өсімдіктерді жағумен, басқа да өсімдіктерді түбірімен қопарып және жойып;
26) өздігінен атылатын қаруды, қысқышты, қаусырманы, қапсырманы, кескішті қолданып, құлама, аулау орларын құрып, адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, ілмектерді, найзаларды, сүңгі құс желімін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезінде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;
27) торларды қолданып; су құю арқылы інінен шығарып (уәкілетті органмен келісім бойынша жабайы жануарларды мекенін ауыстыру немесе оларды қолда ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);
28) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша тышқан тектес кеміргіштерді (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;
29) жануарлар түрлерін рұқсатта көрсетілген мөлшерден тыс және рұқсатта көрсетілмеген жануарлардың басқа түрлерін олжалау жолымен;
30) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;
31) басқа елдерден әкелінген аушы жыртқыш құстарды пайдалана отырып аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлеріне;
32) бүйірден (сақинадан) от алатын оққа арналған бес бүтін оннан алты миллиметр калибрлі иір ойықты қаруды қолданып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға;
33) қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектор бастап жүрмей тұяқты жануарлар мен қоңыр аюға;
34) көктемгі аң аулау кезінде аталық үйректі алдамшы үйрексіз немесе тұлыпсыз аулау;
35) тыныштық аймақтары мен өсімін молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.
3. Аң аулауды жүргізу мерзімдерi
27. Жануарлардың таралымдарын сақтау, олардың өсімін молайтуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және шаруашылық пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес аң аулау мерзімдері белгіленеді.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аң аулауды ашу туралы және өңірдің табиғи-климаттық жағдайларына байланысты осы Ережеде белгіленген мерзім шегінде көктемгі аң аулаудың басталуын күнтізбелік 15 күнге дейін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру туралы да шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының
аумағында аң аулау ережесіне
1-қосымша
Шетелдіктердің қатысуымен аң аулауды ұйымдастыру туралы
үлгі шарт
___________________ (елді мекеннің атауы) | 20__ жылғы «__»____________ |
______________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «аңшылық ісін пайдаланушы» деп аталатын________________аңшылық шаруашылығы субъектісі бір тараптан және бұдан әрі «аңшы» деп аталатын шетелдік азамат _________________________ екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:
1. Шарттың нысанасы
1. Осы Шарттың нысанасы аңшылық ісін пайдаланушыға бекітіп берілген
_______________________________________________________________________________________ аңшылық алқаптар аумағында
(аңшылық шаруашылығының атауы)
Аңшылық ісін пайдаланушының аңшының қатысуымен аң аулауды ұйымдастыруы болып табылады.
2. Тараптардың міндеттері
2. Аңшылық ісін пайдаланушы:
1) шетелдіктердің қатысуымен аң аулау үшін рұқсат алуға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтінім (бұдан әрі - өтінім) беруге;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға;
3) аңшыны аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге ішкі істер органдарының рұқсатымен қамтамасыз етуге;
4) аңшы аңшылық шаруашылығына келгенде оның Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығын беретін құжаттарының бар-жоғын тексеруге;
5) аңшымен аң аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқама өткізуге;
6) аңшыға ол тиісті ақысын төлегеннен кейін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруге;
7) аңшылық ісін пайдаланушының қызметкерлерінен аң аулаудың басшысы мен жолсеріктер тағайындауға, аң аулаудың Қазақстан Республикасының аумағында аң аулаудың қолданыстағы нормалары мен ережелерін сақтай отырып жүргізілуі үшін барлық қажетті шараларды қолдануға;
8) аң аулауды өткізу шарттарын (аң аулауды өткізу орыны мен уақыты) айқындауға;
9) аңшыны санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, қажет болған жағдайда - медициналық көмек көрсетіп, аңшылық үйшіктеріне немесе дала қостарына орналастыруды, олардың тынығуын, тамақтануын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
10) әрбір аңшылық сапардың нәтижелерін аң аулаудың басшысы мен аңшы қол қоятын аң аулау хаттамасында көрсетуге және қажет болған жағдайларда әрбір ауланған олжаға олжалау парағын толтыруға;
11) аңшыға қажет болған жағдайда шарттық ережелермен автомотокөлік, салт аттар беруге;
12) аңшыны олжаланған өнімге берілетін ветеринариялық куәлікпен қамтамасыз етуге;
13) олжаны бастапқы өңдеуден өткізуге;
14) қаруды сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Аңшы:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы аң аулау ережесінде (бұдан әрі - Аң аулау ережесі) көзделген құжаттарды өзімен бірге алып жүруге;
2) Аң аулау ережесімен, қауіпсіздік шараларымен және аңшылық ісін пайдаланушының ішкі тәртібімен танысуға және сақтауға;
3) жануарлар дүниесін пайдалану және көрсетілетін қызметтер үшін төлемақыларды дер кезінде төлеуге;
4) өзі аулаған олжаны оның сапасына қарамастан (мүйіздерінің, бас сүйегінің, азу тістерінің мөлшері мен салмағына, терісінің көлеміне және т.б.) қабылдауға міндеттенеді.
3. Тараптардың қаржылық қатынастары
4. Аңшылық ісін пайдаланушының аңшы пайдаланатын үй-жайларды, көліктерді, аттарды бергені үшін төлемақы тараптардың жеке келісімімен айқындалады.
5. Аңшылық ісін пайдаланушы аңшымен шарт ережелері бойынша бөлек төлемақыға осы шартта айтылмаған қосымша қызметтерді көрсете алады.
6. Аң аулаудың әрбір сапарына немесе маусымына қызметтер мен олжалардың құны осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша түрінде көрсетіледі.
7. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу қамтамасыз етілгеннен кейін аңшы аң аулауға жіберіледі және олжа аңшының меншігі болып қалады.
4. Тараптардың жауапкершілігі
8. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. Тараптардың жауапкершілігі осы шартқа қол қойылған сәттен басталады.
10. Аңшы өзі тапқан олжадан бас тартқан жағдайда аңшылық сапардың құнын аңшы осы шартқа сәйкес толық төлейді.
5. Ерекше жағдайлар
11. Осы шарт қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді, 20__жылғы «__»________ дейін қолданылады және тараптардың өзара келісімі бойынша қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
12. Осы шартқа барлық қосымшалар, толықтырулар мен өзгерістер жазбаша түрде ресімделеді және оларға екі уағдаласушы тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
13. Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөз арқылы, ал келісімге қол жетпеген жағдайда - заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
6. Форс-мажор
14. Осы шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың кез келгенінің толық немесе ішінара орындауын мүмкіндік бермейтін еңсерілмейтін күш жағдаяттары, атап айтқанда - өрт, табиғи апаттар, жұқпалы аурулар, індеттер, соғыстар, кез келген сипаттағы әскери операциялар, қоршауға алу орын алған кезде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құқықтық актілерінде көзделген тыйым салу шаралары шыққанда, осы шарт бойынша тараптардың өз міндеттемелерін орындау мерзімі рұқсат етілген аң аулау мерзімдері шегінде, осындай жағдаяттар орын алатын мерзімге ұзартылады.
Осы шарт бойынша тараптардың өз міндеттемелерін орындау мерзімін ұзартуы мүмкін болмаған жағдайда тараптардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқығы бар және бұл жағдайда тараптардың бірде бірінің басқа тараптан осы шартты бұзу келтірген залалдарды өтеуін талап етуге құқығы жоқ. Міндеттемелерді орындауы мүмкін болмайтын жағдай орын алған тарап бұл жайында басқа тарапты жазбаша түрде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары
Аңшылық ісін пайдаланушы ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________ (толық атауы, заңды мекенжайы және деректемелері) М.О. | Аңшы ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________ (Т.А.Ә. тұратын еліндегі мекенжайы, құжаттық және басқа деректері) Қолы |