Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысы
(2007.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесi бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 24 шiлдедегi № 741 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 300-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | | | | | | | | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1458 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
аумағында аң аулау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейдi.
2. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алу жүзеге асырылатын жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
Олжалау мақсатымен жануарларды iздеу, аңду және iзiне түсу, жануарлар дүниесiнiң объектілерiн олжалауға әрекет жасау, аң аулайтын жерлерде адамдардың қабынан алынған аңшылық атыс қаруымен және аң аулаудың басқа құралдарымен немесе олжаланған аңшылық өнiмiмен, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттермен және қыран құстармен жүруi аң аулауға теңестiрiледi.
3. Аң аулау мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) кәсiпшiлiк аң аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау.
4. Кәсiпшiлiк аң аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.
5. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - спорттық, эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнiмдi жеке пайдалану үшiн аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.
6. Аң аулайтын жерлер - бұл аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн аң аулау объектiсiн бiлдiретiн жануарлар түрлерiнiң тiршiлiк ортасы болып табылатын аумақтар мен акваторилер.
7. Аң аулайтын жерлер:
1) аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтілiп берiлген;
2) аң аулайтын жерлердiң резервтiк қорында аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекітілiп берiлмеген;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргізуге және аң аулауға жол берiлетiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жерлер болып бөлiнедi.
8. Егер жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекітіліп берiлген аң аулайтын жерлерде жүргiзіледi.
9. Аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат берiлгенi үшiн мемлекеттік бажды төлегені туралы белгi қойылған аңшылық куәлігі мен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе оған келген, он төрт жасқа толған жеке тұлғалардың (бұдан әрі - аңшы) осы Ережеде рұқсат берiлген олжалау құралдарының түрлерiн, иттер мен қыран құстарды қолданып, осында аң аулауға құқығы бар. Бұл ретте аңшылық атыс қаруын қолдана отырып, он сегiз жасқа толған, аңшылық атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты болған жағдайда жеке тұлғалардың аң аулауға құқығы бар.
10. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер үшін аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы ұйымымен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған шарттың және тұратын елiнде олардың аң аулау құқығын және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алғандығын куәландыратын құжаттың негiзiнде туындайды.
Шетелдiктердiң қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру уәкілетті орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
11. Аңшылық атыс қаруы, қыран құстар, иттер және аң аулаудың түрiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған барлық техникалық құралдарды қолдана отырып, жануарларды олжалау жүргізiлетiн құралдар жануарларды олжалау құралдары болып танылады.
12. Жануарлардың терiлерi (мамық жүнді тері, тері шикiзаты, құстардың терісі), олардың еті, майы, қауырсыны мен мамығы, бұғы мүйiзi, мускус, өтi, бас сүйектерi, мүйiздерi (табиғи жолмен тасталған немесе мерт болған жануарлардан басқа), азу тiстерi және жануарлар денесiнiң басқа да бөлiктерi, құстар мен бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқалары, сондай-ақ ауланған жануарлардың өздерi аң аулау өнiмдерi деп танылады.
2. Аң аулау тәртібі
13. Аң аулау уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органдары аң аулауға беретін тиiстi рұқсаттың (бұдан әрi - рұқсат) негiзiнде жүргiзіледi.
14. Аңшыда мынадай құжаттар болған кезде кәсiпшiлiк аң аулауға жол беріледі:
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 792 қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгісі бар аңшылық куәлігі;
2) рұқсат;
3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсаты;
4) иттермен және қыран құстармен аң аулаған кезде - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлетiн оларды тіркеу туралы құжаттар;
5) аңшылық шаруашылығы ұйымымен жасалған шарт;
6) аңшылық шаруашылығы ұйымының жолдамасы;
7) кәсiпшiлiк журналы.
Кәсiпшiлiк аң аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы рұқсатты пайдаланғаны үшiн жауапты адамды тағайындайды.
15. Аңшыда мынадай құжаттар болған кезде әуесқойлық (спорттық) аң аулауға жол берiледi:
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 792 қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгісі бар аңшылық куәлігі;
2) рұқсат;
3) аңшылық шаруашылығы ұйымының жолдамасы;
4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсаты;
5) иттермен және қыран құстармен аң аулаған кезде - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлетiн оларды тiркеу туралы құжаттар.
Тұяқты жануарлар мен аюды әуесқойлық (спорттық) аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде рұқсатты пайдалануға жауапты аңшының деректерi рұқсаттың бет жағына, ал қалған қатысушылардың деректері олардың аңшы куәлiктерiнiң нөмiрлерiн көрсетумен артқы жағына енгiзіледi.
16. Егер бұл рұқсат нысанында көзделген болса, аң аулау аяқталғаннан кейiн күн сайын аңшылық шаруашылығы ұйымының қорықшысы немесе ол болмаған кезде аңшының өзi рұқсатқа немесе жолдамаға, ал кәсiпшiлiк аң аулау кезiнде - кәсiпшiлiк журналына нақты олжаланған жануарлар туралы белгi жасайды.
17. Мынадай жағдайларда:
1) жануарлар дүниесiн қорғауды уәкiлеттi органның және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы ұйымының қорықшылар қызметi жүзеге асырған;
2) адамның денсаулығына және өмiрiне қауіп төнген, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларына айтарлықтай залал келтiрiлген;
3) жануарлардың басқа түрлерiн аулауға рұқсаты болған кезде қасқырлар мен шибөрiлердi олжалауға рұқсат талап етiлмейдi.
18. Аң аулау:
1) тегiс ұңғылы аңшылық атыс қаруын;
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 792 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) құстардан басқасына, ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын;
3) қолдан жасалған құралдарды (қысқыш қапқандарды, құстар мен ұсақ аңдарды ұстайтын тұзақтарды, салмақты қысқышты, қаусырманы);
4) иттер мен қыран құстарды қолданып жүргiзiледi.
19. Iрi жыртқыш жануарларды және саны реттеуге жататын жануарларды аулау мерзiмiнен тыс олжалау Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының негiзiнде жүргiзiледi.
20. Жолдаманың күшi қолданылатын аумақтан тыс жерде аңшы иттердi iздеген және шақырған кезде аңшы оғы алынып тасталған және бөлшектелген аңшылық атыс қаруымен болады.
21. Жолдаманың күшi қолданылатын аймақтан тыс жерде жараланған тұяқты жануарлардың, аюлар мен қасқырлардың iзiне түсуге және оларды жинап алуға жараланған жануар жүрген аң аулайтын жерлерде аңшылық шаруашылығы ұйымының уәкiлеттi тұлғасының келісімiмен жол берiледi.
22. Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, сондай-ақ уәкiлеттi тұлғалар аң аулаудың заңдылығын тексеруi кезiнде аңшы аңшылық атыс қаруын оғы алынған күйге келтiредi.
Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында патрон болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледi.
23. Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға одан әрі беру үшiн аңшылық шаруашылығы ұйымының уәкiлеттi тұлғасына немесе уәкiлеттi органның аумақтық органына тапсырылады.
24. Аң аулау:
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 792 қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгісі бар аңшылық куәлігінсіз;
2) iшкi iстер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсатынсыз, ал шетелдiк азаматтарға - iшкi істер органдарының аңшылық атыс қаруын әкелуге және әкетуге рұқсатынсыз;
3) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен иттердi және қыран құстарды тiркеуге берiлген құжаттарсыз;
4) егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аң аулайтын жерлердiң резервтiк қорында;
5) аңшылық шаруашылығы ұйымдарымен кәсiпшiлiк мақсаттарда жасалған шартсыз;
6) оларды қолдану осы Ережеде көзделмеген олжалау құралдарымен;
7) тегiс ұңғылы аңшылық қаруын қолданумен елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ онымен шектесетiн аумақтарда, олардың айналасында екі шақырым және ойық ұңғылы аңшылық қаруын қолданумен алты шақырым радиуста;
8) уәкілетті органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;
9) өнiмдi жинау аяқталғанға дейiн ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;
10) заңнамада белгiленген тәртiппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берiлетiн аумақтарды қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
11) авиа-, авто-, мото-, көлік құралдарын, оның iшiнде қарда жүретiн техниканы (қасқырларды аулауды қоспағанда) қолданып, әуесқойлық (спорттық) мақсаттарда;
12) алкогольдiк немесе нашақорлық мастық немесе өзге де түрдегі интоксикация жағдайындағы адамдармен;
13) мүшкiл және дәрменсіз жағдайдағы (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалаған, су тоғандары арқылы жүзіп өту кезінде, көктайғақта, аштықтан тұралаған, жылым суларды паналаған суда жүзетiн құстарға) жануарларға;
14) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлеріне (оларды заңнамаға сәйкес аулау жағдайларынан басқа);
15) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатрға аңшылық қаруды қолданып;
16) кейiннен оларды қалпына келтiре отырып, аң аулайтын иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;
17) құндыз бөгеттерін бұзып;
18) қозғалтқышы iске қосылған шағын көлемдi кемелердi қолданып;
19) түнгi көздеуіштерді және дыбыссыз атуға арналған құрылғыларды, лазерлiк нысана көрсеткiштi қолданып;
20) жарықтандыру приборларын қолданып (уәкілетті органның рұқсатына сәйкес қасқырды, шибөрінi, түлкiнi, қарсақты кәсiпшiлiк олжалауды қоспағанда);
21) дыбыс шығарғыш электрондық құрылғыларды қолданып;
22) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектiлерiн иммобилизациялауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргiзу үшiн садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);
23) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;
24) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған иір ойықты салмалы (қосалқы) ұңғыны қолданып;
25) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;
26) өздiгiнен атылатын қаруды, қысқышты, қаусырманы, қапсырманы, кескiштi қолданып, құлама, аулау орларын құрып, адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, сүңгі құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;
27) торларды қолданып, су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органмен келісiм бойынша жабайы жануарларды мекенiн ауыстыру немесе оларды ырықсыз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);
28) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолданып (уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық органымен келiсім бойынша тышқан тектес кемiргiштердi, саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда);
29) рұқсатта көрсетілген саннан тыс аң аулау өнiмдерiн және рұқсатта көрсетiлмеген жануарлардың басқа да түрлерiн олжалау жолымен;
30) аңшылық шаруашылығы ұйымының жолдамасынсыз жүргiзiлмейдi;
ҚР Үкіметінің 2005.08.12. № 1216 қаулысымен 31) тармақшамен толықтырылды
31) басқа елдерден әкелінген қыран құстарды пайдалана отырып.
3. Аң аулауды жүргiзу мерзiмдерi
25. Жануарлардың популяциясын сақтау, олардың өсiмiн молайтуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және шаруашылық пайда алу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Ережеге қосымшаға сәйкес аң аулау мерзiмдерi белгiленедi.
Өңiрдiң табиғи-климаттық жағдайларына байланысты уәкiлеттi орган ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша аң аулауды бастауды осы Ережеде белгiленген мерзiм шегiнде 15 күнтiзбелiк күнге дейiн неғұрлым кеш мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдай алады.
4. Аң аулау ережесінiң сақталуын бақылау органдары
және оны бұзғаны үшiн жауаптылық
26. Осы Ереженiң сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган, iшкi iстер органдары және оның аумақтық органдары, аңшылық шаруашылығы ұйымының қорықшылық қызметi жүзеге асырады.
27. Осы Ереженi бұзу Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 792 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
аумағында аң аулау ережесіне
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында
жануарларды аулауды өткізу мерзiмдерi
Жануарлардың түрлері Аң аулау мерзiмдерi |
Ондатр 1 қаңтар - 15 ақпан 1 қазан - 31 желтоқсан Кәдiмгi тиiн 1 қаңтар - 15 ақпан 20 қазан - 31 желтоқсан Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, 1 қаңтар - 15 ақпан бұлғын, құну, сарғыш күзен, 1 қараша - 31 желтоқсан ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), (аң аулайтын иттермен және сiлеусiн (түркістандықтан қыран құстармен қарсақ, басқасы), жанат, қоян (құм қоян, түлкi және қоянды солтүстiк ақ қоян, ор қоян) аймақта 15 қазаннан бастап аулау) Зорман Ұйқыдан шыққаннан бастап - 30 сәуiр Суырлар* 15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін Шалшықшылар, жылқышы 1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз- 30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) Бөдене, кептер, түркептер 20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау) Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, 1 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін үйрек*, қасқалдақ (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) Шiл (аққұр, тундралық, сұр шiл, 1 қыркүйек - 15 қараша (аң дала шiлi, сақалды шiл), сұр құр аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 тамыздан бастап) Құр 1 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін (аталық құрларды көктемгі аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа) 1 қыркүйек - 30 қараша аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi Борсық 1 қыркүйек - 31 желтоқсан Марал, аскания бұғысы, қабан, 1 қыркүйек - 31 желтоқсан құдыр, бұлан Сібір елігі 20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап) Сібір тау ешкісі 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап) Саңырау құр 1 қазан - 30 қараша аталықтарын көктемгi аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi Гималай ұлары, кекiлiк 1 қазан - 15 желтоқсан Құндыз 15 қазан - 31 желтоқсан Қырғауыл 15 қазан - 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 1 қазаннан бастап) |