Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 және
1998 жылғы 29 шiлдедегi № 714 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1450 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 Қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 23, 203-құжат):
тақырыбында және мәтiнiнде "лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереженi", "лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереже" деген сөздер "лицензиялау ережесін", "лицензиялау ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы ережеде:
тақырыбында "лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереже" деген сөздер "лицензиялау ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта ", ал көлiк құралында осы қызметтiң түрiне қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын есеп құжаты" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлігі (лицензиар)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң органдары (бұдан әрi - лицензиар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Лицензиялар теңiз және өзен көлiгiндегi қызметтің мынадай түрлерiне берiледi:
жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға;
қауiптi жүктердi тасымалдауға.
Лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi:
жүктердi тасымалдауға - "Жүк";
жолаушыларды тасымалдауға - "Ж";
қауіпті жүктерді тасымалдауға (қауіпті жүктің түрі көрсетіледі) - "ҚЖ".
Қолданылу мерзiмiне және қызметiнiң көлемiне қарай лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн:
басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн белгiлi бір қызмет түрiмен айналысуға;
бір жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе сан шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияны жасауға.";
9-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Екi және одан көп көлiк құралдарының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға лицензия ресiмдеу кезiнде әрбiр көлiк бiрлiгiне лицензияның бар екенін растайтын құжат берiледi.";
22-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"лицензиялар берудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес белгiленетiн жағдайлардан басқа, азаматтың кәсiпкерлiк қызметi тоқтатылған бір түрдегi заңды тұлғаның екiншi түрдегi заңды тұлға болып қайта құрылуын (ұйымдастыру-құқықтық, нысаны өзгеруiн) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;";
мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "жасалған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"лицензияны лицензиарға ерiктi түрде қайтарған.";
23-тармақ алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегi мәтiнде "жойылмаған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, 24-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген;";
2) "Қазақстан Республикасында темір жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 714 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 24, 212-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Лицензиялар қызметтiң мынадай түрлерiне берiледi:
жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға;
қауiптi жүктердi тасымалдауға.
Лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi:
жүктердi тасымалдауға - "Жүк";
жолаушыларды тасымалдауға - "Ж";
жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға - "ЖүкЖ";
қауiптi жүктердi тасымалдауға (қауiптi жүктiң түрi көрсетiледi) - "ҚЖ".
Лицензияда, сондай-ақ оның қызметiнiң аумақтық саласы көрсетiледi:
iшкi тасымалдар;
ауданаралық (қалааралық) тасымалдар;
облысаралық тасымалдар;
халықаралық тасымалдар.
Қолданылу мерзiмiне және қызмет көлемiне қарай лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн:
басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға;
бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе сан шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияны жасауға.";
8-тармақтың жетiншi абзацы және 10-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | А. Есімов |