Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әдiлет органдары
мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4; 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат, № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат, 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат):
65-баптың екiншi бөлiгiнiң 3) тармағы "жазаларды орындау" деген сөздерден кейін "және қамауда ұстау" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат, 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2-баптармен толықтырылсын:
"19-1-бап. Қоғамдық бақылау
1. Қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұстау жағдайлары, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбегiн, бос уақытын және оларды оқытуды ұйымдастыру бөлiгіндегi құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырады.
2. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртiппен облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) қоғамдық байқау комиссиялары құрылады.
3. Қоғамдық байқау комиссиялары түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлiктерiне түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн жәрдемдесуге құқылы.
4. Түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторлары әкiмшіліктерiнiң қызметiн қоғамдық бақылау және қоғамдық байқау комиссияларының оларға жәрдемдесуi ерiктiлiк, тең құқықтық, өзiн-өзi басқару және заңдылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асырған кезде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiне, сондай-ақ жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөніндегі қызметiне араласуға жол берiлмейдi.
19-2-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының өкiлеттiгi
1. Қоғамдық байқау комиссиясы, сондай-ақ қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi:
1) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларына қоғамдық байқау комиссиясының кемiнде екi мүшесi құрамында қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiппен кедергiсiз кiруге;
2) сотталғандармен олардың келісімi болған кезде әңгiмелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылу мәселелерi жөніндегі өтiнiштерi мен шағымдарын қабылдауға;
3) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларындағы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнiнде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлiгiне және (немесе) прокуратура органдарына өтiнiш жасауға құқылы.
2. Түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ерекше режим енгiзiлген кезеңде қоғамдық байқау комиссиясының аталған мекемелерге бару жөніндегі өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады.
3. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi өз өкiлеттiктерiн орындау кезiнде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн сақтауға, сондай-ақ аталған мекемелер әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына бағынуға мiндеттi. Қоғамдық бақылау iс-шараларын өткізу iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға кедергi келтiрмеуге тиiс.";
2) 21-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде болу";
1-тармақтың бiрiншi абзацы "мекемелерде" деген сөзден кейiн ", тергеу изоляторларында" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
"атқарушы мекемелерге" деген сөздерден кейiн ", тергеу изоляторларына" деген сөздермен толықтырылсын;
"орталық" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"Сотталғандардың" деген сөз "Сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"түзеу мекемесi" деген сөздерден кейiн ", тергеу изоляторы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 70-баптың 1-тармағындағы "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат):
12-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгіндегi ", ал әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары - Iшкi iстер министрлігінiң тергеу изоляторларында" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi уәкiлеттi органының немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келісімi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 84-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 3-14; 174-құжат, ай 17-18; 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әкiмшiлiк жазалауларды орындау;";
5) тармақшадағы "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторларында және" деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшадағы "паспорт және" деген сөздер алып тасталсын;
12) тармақшадағы "жүзеге асыру болып табылады." деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау болып табылады.";
2) 4-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторлары," деген сөздер алып тасталсын;
3) 4-2-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "төлқұжаттық жұмыстар мен" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктегі ", төлқұжаттық қызмет" деген сөздер алып тасталсын;
4) 10-баптың 1-тармағында:
5) тармақшадағы "тергеу изоляторларында және" деген сөздер алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) әкiмшiлiк жазалауларды орындауға, әкiмшiлiк қамауға алынғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге;";
22) және 23) тармақшалардағы "еңбекпен түзеу мекемелерiн", "еңбекпен түзеу мекемелеріндегі" деген сөздер тиiсiнше "түзеу мекемелерiн", "түзеу мекемелеріндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) тармақшадағы "паспорт жүйесiнiң белгiленген ережелерiн сақтауын, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
30) тармақшадағы "мiндеттi" деген сөз алып тасталып, 30-1) тармақшадағы "қолдануға мiндеттi." деген сөздер "қолдануға;" деген сөзбен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы 31)-40) тармақшалармен толықтырылсын:
"31) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылауға және жүзеге асыруға;
32) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласына келiп түсетiн техникалық көмек пен инвестициялардың нысаналы пайдаланылуын өз құзыретi шегiнде бақылауға;
33) мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы мемлекеттік саясат пен стратегияны әзiрлеуге және iске асыруға қатысуға;
34) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалының жай-күйi мен даму үрдiсiн талдауға, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегия мен мемлекеттік бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға;
35) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметiн, сондай-ақ олардың нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын орындауын үйлестiрiп отыруға;
36) нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына жәрдем көрсетуге және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге;
37) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
38) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы заңдардың қолданылу iс-тәжiрибесiн талдап, қорытуға және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және енгізуге;
39) өзге де мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласында жұмыс iстеу үшiн мамандарды, сондай-ақ есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм адамдардың профилактикасы, оларды емдеудi, әлеуметтiк оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруға және үйлестiруге;
40) құзыреттi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiруге мiндеттi;";
5) 11-баптың 1-тармағында:
23) тармақшадағы "тергеу изоляторлары мен" деген сөздер алып тасталсын;
33-1) тармақшадағы "оқшау бөлмелер мен" деген сөздер алып тасталсын.
5. "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат):
1) 7-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Әдiлет министрлігі" деген сөздер "Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екiншi бөлiгi "қауiпсiздiк комитетiне," деген сөздерден кейiн "қылмыстық-атқару жүйесiнің уәкiлеттi органына," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы "Iшкi iстер министрлігі" деген сөздер "Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың 1-тармағы "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 15-баптың 1-тармағы "Iшкi iстер министрлігі," деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлігі," деген сөздермен толықтырылсын;
5) 23-бапта:
2-тармақ "Iшкi iстер министрлігі," деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлігі," деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ "Iшкi iстер министрлігіне" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлігіне" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 25-баптағы "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 34-баптағы "iшкi iстер" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 42-бап "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 44-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Әдiлет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат):
1) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру;
6-2) сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелеріндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;";
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-1) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру;
9-2) азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру;";
2) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып табылады.";
3) 10-бапта:
"қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi қылмыстық-атқару жүйесi)" деген сөздермен толықтырылсын;
"мекемелер мен органдардың" деген сөздер "органдар мен мекемелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Қылмыстық-атқару жүйесiнiң өз туы мен нышаны болады.
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.";
4) 11-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымы
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:
1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы);
2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары;
3) қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар:
қылмыстық-атқару инспекциялары;
түзеу мекемелерi;
4) тергеу изоляторлары;
5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактика ұйымдары мен білім беру ұйымдары;
6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi;
7) оңалту орталықтары - мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға олар босатылғаннан кейiн алты ай iшiнде еңбекке және тұрмыстық орналастыруда жәрдемдесуге, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге арналған қылмыстық-атқару жүйесiнiң ұйымдары құрайды.";
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жергiлiктi атқарушы органдар қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөніндегі консультативтiк-кеңесшi орган құрады.
Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн типтiк ережемен регламенттеледi.";
6) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
"12-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде
ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды
мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылау
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылауды (бұдан әрi - қоғамдық бақылау) қоғамдық байқау комиссияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырады.
2. Қоғамдық байқау комиссиялары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi әкiмшіліктерiнің қызметiне:
1) сезiктiлердiң, айыпталушылар мен сотталғандардың ұсталу жағдайын және оларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi жақсарту;
2) сотталғандардың еңбегiн, бос уақытын, оларды оқытуды ұйымдастыруға қатысу;
3) сотталғандарға оларды босатуға дайындауда, тұрғын үй-тұрмыстық жайластыру, жұмысқа орналастыру, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтiк қамсыздандыру, әлеуметтiк-психологиялық оңалту және бейiмдеу мәселелерiн шешуде көмек көрсету мақсатында жәрдемдесуге құқылы.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің әкiмшiлiктерi қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қоғамдық бақылау iс-шараларын жүзеге асырған кезде оларға жәрдемдеседi.
4. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi қоғамдық бақылау нәтижелерi бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiне не қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органына аталған мекемелердiң қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар жiберуге құқылы.";
7) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау, әзiрлеу және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу;";
8) 19-баптың 1-тармағында:
4) тармақша "қызметiн" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) азаматтық хал актілерін жазу, құжаттамалау органдарының кадрларын аттестаттау, iрiктеу және орналастыру, осы органдарға ұйымдастырушылық, әдiстемелiк басшылық жасау, олардың қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану iс-тәжiрибесiн қамтамасыз ету;";
9) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi
саласындағы функциялары
Қылмыстық-атқару қызметi саласында әдiлет органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) соттардың сотталғандарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртібі мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
2) сезiктiлер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
4) сотталғандарға түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру;
5) сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
6) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiн күзету, олардағы шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердiң, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетпен алып жүру;
7) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталғандардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
8) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
9) сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
10) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
11) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
14) қызметкерлердiң кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
15) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.";
10) 22-бап алып тасталсын;
11) 24-бапта:
10), 11) тармақшалар алып тасталсын;
12) тармақшадағы "анықтауды жүзеге асыруға," деген сөздер алып тасталсын;
13) тармақша алып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi:
1) сотталғанның жеке басының өзіндiк-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстер қолданып жасауға;
2) сотталғандарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда, еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке ақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
3) режимдiк талаптар белгiленген мекемелер аумағында және оған iргелес аумақтарда тұратын адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, ерекше жағдайлар режимiн енгізу кезiнде азаматтарды мекеме аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдардың жұмыс орны мен оқу орны бойынша оларға байқау мен бақылау жасау мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кiруге;
6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
7) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн жария ету және бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашып шыққан адамдарды iздестiру үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
8) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнiш жасауға құқылы.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi өз құзыретi шегiнде:
1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағында, сондай-ақ оған iргелес аумақта тұратын азаматтардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңдарында және сот үкімінде оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
4) жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына сотталғандарды мiндеттi түрде қатыстыруға;
5) алкогольдi ішімдiктердi, уытты, есiрткi және өзге де психотроптық құралдарды пайдалану фактілерін анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
6) әкiмшiлiк немесе қылмыстық заңнаманың күшi қолданылуға жататын iс-әрекет жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына апаруға, олардың жеке басына тексеру жүргiзуге;