7) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
8) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiнде төтенше оқиға жағдайларына қызметтік тексерiс жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықтауды жүзеге асыруға мiндеттi.";
13) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттік қызметшiлерi болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.";
14) мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2, 25-3, 25-4-баптармен толықтырылсын:
"25-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналы
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналын:
1) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) белгіленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi;
2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде) қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер;
3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынастарында тұратын қылмыстық атқару жүйесiнiң қызметкерлерi құрайды.
25-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына
(мекемелерiне) қызметке қабылдау
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, білім деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарына оқуға орта білімi бар, денсаулық жағдайы бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткеруге жарамды адамдар қабылданады. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдеріндегі оқу уақыты әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен шарт жасалады, онда білім беру ұйымын бiтiргеннен кейiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызметті одан әрi өткеру шарттары мен мерзiмдерi көзделедi.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына - отыз екi жастан аспаған, орта және ата басшы құрамдағы лауазымдарына қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Жекелеген жағдайларда осы жас шегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің шешiмiмен өзгерiлуi мүмкiн.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi білім беру ұйымдарының тыңдаушыларын қоса алғанда, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарына тағайындалған немесе кадрларына қабылданған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы есебiнде тұрады.
5. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына {мекемелерiне) қызметке алғаш қабылданған адамдар мiндеттi түрде бастапқы арнайы оқудан және тағлымдамадан өтедi, олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
6. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
7. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке денсаулық жағдайына байланысты жарамсыз, бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздемелер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.
25-3-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы
(мекемелеріндегі) қызметтiң шектi жасы
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әскери қызметте болу жасының шегiне дейiн қызметте бола алады. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына қызмет мерзiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
2. Қызметтi ұзарту қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеде көзделген негiздемелер бойынша жұмыстан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
25-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы
(мекемелеріндегі) қызметтен босату
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi мына негіздемелер бойынша:
1) зейнеткерлiкке құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) немесе әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
2) әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде денсаулық жағдайы бойынша;
3) штаттың қысқаруына немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының қайта құрылуына байланысты басқа лауазымға пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
4) өз тiлегi бойынша;
5) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыз болған жағдайда;
6) аттестаттау қорытындылары бойынша қызметке сай келмейтiндiгi анықталуына байланысты;
7) қызмет тәртібін ұдайы бұзғаны үшiн;
8) беделiн түсiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
9) соттың айыптау үкімі заңды күшiне енгенде немесе ақталуға болмайтын негiздемелер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған кезде;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайда қызметтен босатылады.";
15) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мемлекеттік билiктiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң заңды талаптары лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамау, оны балағаттау, қарсылық көрсету, күшпен қорқыту немесе оның қызметтік борышын орындауына байланысты қызметкердiң немесе жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне өзге де қол сұғу заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiн қызметке қабылдау, қызмет өткеруi мен қызметтен босату тәртібі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен реттеледi.
5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне олардың жеке басы мен өкiлеттiктерiн растау үшiн қызметтік куәлiк пен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.
6. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi жемiстi еңбек қызметi мен ерлiгi үшiн сiңiрген еңбегiн тану белгiсi ретiнде мемлекеттік наградаларға ұсынылуы мүмкiн.
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi қол жеткен жетiстiктерi үшiн ведомстволық наградалармен марапатталуы мүмкiн. Қылмыстық-атқару жүйесiнің ведомстволық наградаларының сипаттамасы және оларды беру тәртібі нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.";
16) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
"26-1-бап. Адамның қылмыстық-атқару жүйесi органдарында
(мекемелерiнде) қызметте болуына байланысты
шектеулер
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандатпен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кiрумен, өзге де ақы төленетiн қызметтi атқарумен сыйыспайды.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерінің) қызметкерлерiне ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткізуге қатысуға тыйым салынады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қандай да болсын саяси партияда болуға және оны жақтауға тиiс емес.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң қызметтік парызын орындау барысында өзiне белгілi болған жеке өмiрi, отбасы және жеке құпиялар немесе заңмен қорғалатын коммерциялық, банктiк немесе өзге де құпиялар туралы мәлiметтердi пайдалануға, таратуға құқылы емес.";
17) 27-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
қызметкерлерінің арнаулы атақтары";
1-тармақтағы "Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi мен анықтау қызметi қызметкерлерiне" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
18) 28-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерінің жүктеме нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";
19) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2-баптармен толықтырылсын:
"28-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
(мекемелерiнiң) қызметкерлерiне еңбекақы төлеу,
оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық жалақыдан және арнаулы атағы үшiн төленетiн қосымша ақыдан тұрады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi нысанды киім-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi, олардың үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
28-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет
атқарудың ерекше жағдайлары
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше немесе әскери жағдай режимi енгiзiлген, сезiктiнің, айыпталушының және сотталғанның қашуы, адамдарды кепiлдiкте ұстауы, жаппай тәртiпсiздiк, топтасып бағынбау не осылардың туындау қауіп кезiнде мекеме қызметкерлерiнiң оларды жою үшiн қажеттi мерзiмдегi жұмысы түсініледi.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысы үш айдан аспауы керек және демалыс күндерiмен өтеледi. Қызметкерлердi қызметтiң ерекше жағдайларында қызмет атқару жұмысына тартудың тәртібі мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.";
20) мынадай мазмұндағы 29-1, 29-2, 29-3, 29-4, 29-5-баптармен толықтырылсын:
"29-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
қызметкерлерiнiң демалыстары
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне демалысын өткізу орнына бару және қайту жолына кететiн уақыты есептелмей, ұзақтығы отыз тәулiк демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де демалыстар берiледi.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне ақы төленетiн қосымша демалыс еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен):
1) он жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы бес тәулiк;
2) он бес жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он тәулiк;
3) жиырма жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он бес тәулiк, бiрақ қырық бес тәулiктен аспайтын мерзiмге берiледi.
3. Биiк таулы мекендерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткеретiн қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң), тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан ұзақтығы қырық бес тәулiк кезектi демалыс берiледi.
29-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
(мекемелерiнiң) қызметкерлерi қаза тапқан (қайтыс
болған), мертiккен немесе ауырған жағдайда
берiлетiн кепiлдiктер
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы өтем, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төлеу жүргiзiледi.
2. Бiр жолғы өтем төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қайтыс болған адамның отбасына соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезіндегі жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, ауыруы салдарынан болған мүгедектiк белгіленген кезде, оларға:
1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, орташа мертiккен жағдайда - бiр айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл мертiккен немесе ауырған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
6. Егер қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi), ауыруы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiр жолғы өтемақы төленбейдi.
29-3-бап. Жерлеу шығындарын өтеу
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
29-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)
қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнің тұрғын үйге
құқықтары
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) күнтiзбелiк он жылдан астам қызметте болған қызметкерлер қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген өздерi тұратын тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жекешелендiрiп ала алады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiнiң қайтыс болған қызметкерiнің отбасы басқа тұрғын үй ұсынылмайынша, қызметтiк тұрғын үйiнен немесе қызметтік тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үйден шығарылуға тиiс емес.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерi Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттік кәсiпорындарының тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. 5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте белгiленетiн мөлшерде ақшалай өтем алуға құқығы бар.
29-5-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)
қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн және олардың отбасы
мүшелерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары
1. Шалғай жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде шоғырланған қылмыстық-атқару жүйесiнің органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туберкулез мекемелерiнде және басқа да мамандандырылған учаскелерi мен мекемелерiнде қызмет атқаратын қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне медицина қызметкерлерiнiң осы санаттары үшiн заңнамада белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) зейнеткерлерi iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен медициналық қызмет көрсетудi пайдаланады.";
21) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң арнаулы құралдарды, атыс қаруын және оқ-дәрiлердi алып жүруге және сақтауға құқығы бар.";
22) 32-бап мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерi арнаулы құралдар мен тәсiлдер, қару қолдану арқылы зақым келтiргенi үшiн, егер олардың әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылса, жауапты болмайды.
5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қарумен, оқ-дәрiлермен, әскери техникамен және арнаулы құралдармен қамтамасыз етiледi, олардың тiзбесi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";
23) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру,
материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртібі мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты есепке аудару және оны нысаналы жұмсау үшiн ақылы қызметтер көрсету бойынша шоттары;
2) сотталғандардың өз ақшаларын есепке аудару және оларды пайдалану үшiн депозиттiк шоттары;
3) демеушiлiк және қайырымдылық көмек, оның iшiнде халықаралық көмектер бойынша шоттары болуы мүмкiн.";
24) мынадай мазмұндағы 34-баппен толықтырылсын:
"34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi жүзеге асыру бөлiгiне қатысты ережелерi 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Заңның қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiн күзету, сондай-ақ оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру жөніндегі мiндеттердi орындау бөлiгiне қатысты ережелерi қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 2007 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiледi.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 29-зы. № 25-III ҚРЗ