Қазақстан Республикасында экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға
қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1401 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 10.13-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар, өзге де Мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиесілi және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шілдеге Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттік) Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Агенттік жыл сайын 30 қаңтарға және 30 шілдеге Қазақстан Республикасының ?кіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4. Бағдарламаның iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1401 қаулысымен
бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА
ҚАРСЫ КYРЕСТIҢ 2005-2007 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында Экономика саласындағы
атауы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007
жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеу Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы
негiздемесi 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөніндегі iс-шаралар жоспарының 10.13-тармағы
Негiзгі әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттiгi (қаржы полициясы)
Мақсаты Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға
қарсы тиiмдi iс-қимыл жасау, оның өсуiн қолдау,
адал кәсiпкерлiктi дамыту және бәсекелес
ортаны жақсарту арқылы экономикалық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
жүйесiн одан әрi қалыптастыру
Мiндеттерi Нормативтiк құқықтық базаны және экономикалық
құқық бұзушылықтардың алдын алу, оны анықтау
және жолын кесу жөніндегі, соның iшiнде
криминалды экономиканы азайту жөніндегі тиiмдi
жұмыстар үшiн жағдайды жетiлдiру;
экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес
саласындағы ведомствоаралық өзара iс-қимылдың
тиiмдiлiгiн арттыру;
экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес
саласындағы тиiмдi халықаралық ынтымақтастықты
ұйымдастыру;
экономика саласындағы тәртiптiң заңға
бағынушылық салтын түсiндiру және насихаттау.
Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет
көздерi мен қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
көлемдерi Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру 80,647
млн. теңге көлемiнде республикалық бюджеттен
қаржыландыруды қажет етедi.
2005 жылы - 80,647 млн. теңге;
2006 жылы - 0 млн. теңге;
2007 жылы - 0 млн. теңге.
2005-2007 жылдары Бағдарламаны iске асыру үшiн
қажеттi бюджет қаражатының көлемi тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджетті
қалыптастыру кезiнде нақтыланады.
Бағдарламаны іске Экономиканың өсуi, адал кәсiпкерлiктiң дамуы;
асырудан күтілетiн салық, кеден төлемдерiн жинауды, елiмiздiң
нәтижелер экономикасына инвестицияны арттыру үшiн
қолайлы алғы шарттар жасау;
бәсекелес ортаны жақсарту;
экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға
қарсы тиiмдi күрес үшiн нормативтiк құқықтық,
әдiстемелiк және ақпараттық базаны жетiлдiру;
экономикалық құқық бұзушылықтарға, көлеңкелi
экономикаға, экономика саласындағы сыбайлас
жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы
күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру;
экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға
қарсы күресті жүргізетін мемлекеттік
органдармен халықтың өзара түсiнiстігiн
арттыру.
Iске асыру 2005-2007 жылдар
мерзiмдерi
2. Кiрiспе
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық жағдай макро- және микроэкономикалық көрсеткiштердiң жақсаруымен, Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының iске асыру шегiнде сапалы жаңа кезеңге өтуiмен, әлеуметтiк мұқтаждықтарға, кәсiпкерлiктi дамытуға арналған мемлекеттік шығыстардың өсуiмен, халықтың тұрмыс деңгейiнiң артуымен, әлемдiк экономикалық қоғамдастыққа одан әрi бiрiктiрумен сипатталады. Бұл факторлар экономикалық қылмыстың сапалы сипаттамасының өзгеруiне ықпалын тигiзедi. Қылмыстық әрекеттердiң жаңа нысандары пайда болып, оның бұрынғы нысандары күрделене түсуде. Көрсетiлген жағдайлар экономикалық қылмысқа қарсы күресте жаңа бағыттардың қалыптасуын, қазiргi талаптарды ескере отырып нормативтiк және әдiстемелiк базалардың жетiлдiруiн, құқық қорғау органдарының әдiстерi мен құралдарын жандандыруды талап етедi.
Бiрқатар мемлекеттік органдардың мүмкiндiгiн пайдалана отырып, экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы мамандандырылған кешендi бағдарламаларды әзірлеу мен iске асырудың алғашқы тәжiрибесiне ел Президентінің өкімімен мақұлданған Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) себеп болды. Ел Үкіметінiң осы Тұжырымдаманы iске асыруы экономикалық қылмысқа тиiмдi мемлекеттік және қоғамдық қарсы ic-қимыл шараларының жүйесiн құруға мүмкiндiк бердi. Қабылданған шаралар елiмiздегi экономикалық оң үрдiстердiң тұрақтануына және нығаюына әсер еттi.
Алайда, Тұжырымдаманы iске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар қызметiнiң талдауы экономика криминализациясының төмендеуi әлi тұрақты сипат алмағанын көрсетедi: көлеңкелi экономиканың көлемi баяу азаюда, қылмыстық жолмен алынған ақшаларды заңсыз заңдастыру, заңсыз банкроттық фактілері артуда, ұйымдасқан қылмыстар тарапынан заңсыз экономиканы реттеу және ынталандыру әрекеттерi орын алған, халықаралық қылмыспен байланыс фактілері бар.
Ocы құбылыстармен күрес қазiргi кезеңде құқық қорғау және бақылаушы органдардың маңызды мiндеттерi болып табылады. Алайда, бiр ғана қылмыстық-құқықтық және әкiмшiлiк шаралармен бұл құбылыстарға қарсы тұру мүмкiн емес. Өзара байланысқан экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, насихаттау және басқа да мiндеттердi кешендi iске асыру қажет.
Тұжырымдаманы iске асыру тәжiрибесi қылмысқа жүйелi және мақсатты ықпал ету арқылы елiмiздiң экономикасындағы криминал процестердiң дамуына белгiлi бiр бақылауды белгілеу мүмкiндiгiн көрсетiп, бағдарламалық-мақсатты тәсiлдi бұдан әрi де қолдану қажеттілігiн дәлелдедi.
Осыған байланысты, экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға тиiмдi және мақсатты iс-қимылдар жөніндегі шаралар жүйесiн бұдан әрi жетiлдiруге бағытталған Қазақстан Республикасындағы экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрленген.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 10.13-тармағын орындау мақсатында әзiрленген. Бағдарлама Ұлттық қауiпсiздiктің 2005 жылға дейiнгi стратегиясын іске асыру бойынша iс-шаралар жоспарымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен қатар iске асырылады.
Осы құжат құқық қорғау және бақылаушы органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, үкiметтiк емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдардың ұсыныстары негiзiнде дайындалды. Ол экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің басым бағыттары бойынша мемлекеттік органдар әрекеттерiнiң стратегиясын көрсетедi, Бағдарламаның мақсаттарына жетуiн және негiзгi мiндеттердiң шешiлуiн қамтамасыз ететiн нақты iс-шаралардан тұрады. Оған ведомствоаралық шешiмдi не үкiметтiк деңгейде iске асыруды талап ететiн iс-шаралар енгiзiлген.
3. Проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың мемлекетке келтiрiп жатқан залалы жылына ондаған миллиард теңгеге, ал трансферттiк баға белгiлеулердi пайдалану арқылы жасалған заңсыз операцияларды есепке алғанда - 140-145 миллиард теңгеге бағалануда. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың үлес салмағы барлық тiркелген қылмыстың 10%-нан астамын құрайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 7-тарауында
көзделген қылмыстардың 1998-2003 жылдардағы өсу серпiнi.
[Графикалық нысанды қараңыз]
Практика көрсеткендей экономика саласындағы құқық бұзушылықтар әр түрлі айла мен күрделi тәсiлдер арқылы жасалуда, экономиканың көлеңкелi, оның iшiнде криминалды секторының қалыптасуына және дамуына белгiлi бiр жағдайлар жасалуда. Соңғы бес жылда қадағаланбайтын экономика үлесiнiң 1,5 есе төмендегенiне қарамастан, оның 2002 жылғы үлес салмағы әлi де елеулi - елiмiздiң жалпы iшкi өнiмiнiң 22,6%-ын құрайды.
Көлеңкелi экономика белсендiлiгiнiң негiзгi себебi бизнестiң нәтижелiлiгi кем дегенде оның қалай тиiмдi ұйымдастырылғандығына, ал әрi кеткенде, оған заңмен салынатын шығындарға тәуелдi болғанда рационалды емес құқықтық режим деп санау керек. Осындай шығындармен немесе шенеунiктер байланысымен ұтымды айла жасайтын кәсiпкер, тек өндiрiспен айналысатындарға қарағанда неғұрлым табысты болады.
"Рыноктық емес" заңдардың қабылдануы, салық жүйесiнiң тиiмсiздiгi мен оның ынталандыруға қарсы сипаты, қоғамдық практика көрсеткендей, құрылымдық экономиканы көлеңкеге итермелейдi. Мұндай жағдайда iс жүзіндегі сектордың кәсiпорындары салықтық алымдарды өндiрiс тиiмділігiн ұлғайтумен емес, баға саясатымен, салық жүгiн тұтынушыға аудару (үстеме баға түрiнде) және салықтық жеңiлдiктер алуға (әсiресе қосымша құнға салық бойынша) бағыттала отырып өтеуге тырысады. Бұл объективтi түрде iшкi рынокқа жұмыс iстейтiн iшкi тұтынушылық сұраныс пен өндiрiс өсiмiнiң азаюына әкеп соқтырады.
1996-2002 жылдардағы IЖӨ көлеміндегі қадағаланбайтын
экономика үлесі (IЖӨ-ге %-бен)
[Графикалық нысанды қараңыз]
Көлеңкелi экономиканың неғұрлым қауiптiрек бөлiгi - қоғам мен экономикаға әсерi өз кезегiнде соңғылардың қызметiнiң криминалдануына соқтыратын заңды салаларда және заңды құрылымдар арқылы жасалатындықтан, заңсыз сектор болып табылады. Экономикалық қызметті ресми тiркеуден және мемлекеттік бақылаудан жалтару, сондай-ақ қызметтiң құқыққа қарсы сипаты оның негiзгi өлшемдерi болып табылады.
Заңсыз экономика саласына жылжитын және жылжымайтын мүлiк, өндiрiс құралдарының белсендi бөлiгi, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк ресурстар, қаржы құралдары мен құнды қағаздар (акциялар, векселдер, электрондық карталар және т.б.), көлеңкелi экономика субъектiлерiнiң жеке капиталы (үйлер, жер, автомашиналар және т.б.), көлеңкелi және криминалды қызметке тартылған еңбек ресурстары түріндегі негiзгi капитал енгiзiлген. Қоғамдық өндiрiстiң түрлi кезеңiнде аталған сектор осы немесе басқа дәрежеде операцияларының барлық түрiн, шаруашылық (технологиялық, өндiрiстiк, еңбек, маркетингтiк, өткізу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету операциялары, сауда және бiрқатар басқаларды), қаржылық (есептесу, кредиттiк, қорлық, валюталық, сақтандыру), экономикалық қызметтiң бухгалтерлiк, басқарушылық, статистикалық есепке алуды қоса алғанда, қамти алады.
Басқару теориясы ұстанымы бойынша заңсыз экономика мен қылмыстылық қазiргі желiлiк құрылымдар ретiнде жұмыс iстейдi. Сондықтан соңғы уақытта осы сектордың ерекше белгiсi өңiраралық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасау, сондай-ақ шекаралас мемлекеттер аумағына тасымалдау болып барады.
Экономиканың заңды секторындағы көлеңкелi операциялардың негiзгi мақсаттары салықтық жүктеменi төмендету, бәсекелестiктi шектеу, мемлекеттен жеңiлдiк, артықшылық, айрықша құқықтар алу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық және тиiстi нормативтiк құжаттарды қабылдауды қорғау, тәуекелдi шектеу, заңсыз алынған кiрiстердi заңдастыру, экономикалық игiлiкке құқықты заңсыз иемдену және салық төлеуден жалтару арқылы жүзеге асыру болып табылады.
Қазiргi кезде көлеңкелi экономика қызметiнiң сипаты, көлемi және тетiктерi күрт өзгердi. Экономикалық мәнi бойынша қоғамдық өндiрiстiң бөлетiн және қайта бөлетiн жүйелерi болып табылатын қызметтер түрлерiне қатысу айтарлықтай өстi. Көлеңкелi экономика шеңберiнде бiрқатар жағдайлар туындауда. Кiрiстердiң үш негiзгi көзi бар - салықты, жасырын бөлiнетiн ақшаны және демеу қаржыландыруды қоса алғандағы түрлi жеңiлдiктер. Жасырын мемлекеттік демеу қаржы мен бөлiнетiн ақша қатарына тарифтердi реттеу жөніндегі шараларды қолдану, бағаны мемлекеттік бақылау, жекелеген салалардың немесе секторлардың инвестициялық қолдауын жатқызу керек. Аталған барлық шаралар өзiнiң экономикалық мәнi бойынша не бюджеттік қаражаттарды кәсiпкерлердiң бiр тобынан екiншiсiне құюдың, не басқа топтардағы салықтық жүктеменiң ұлғаюы есебiнен салық төлеушiлердiң бiр санатының салық салу мөлшерiн қысқартудың, не меншiк пен капиталды қайта бөлудiң құралына айналуы мүмкiн.
Статистикалық мәлiметтер бойынша үлес салмағы бойынша тiркелмеген қызмет қызмет көрсету саласында риэлторлық және құрылыстық-жөндеу қызметiн қоса алғанда, және сауда саласында, бәрiнен бұрын азық-түлiк және тауар рыноктары саудасында неғұрлым маңыздырақ.
Қаржы полициясы органымен ҚР Қылмыстың кодексiнiң 199-бабында
(Тауарлық белгiнi заңсыз пайдалану) қарастырылған қылмыстарды анықтаудың
1998-2003 жылдардағы серпiнi
[Графикалық нысанды қараңыз]
Соңғы уақытта құқық қорғау органдары зияткерлiк меншiк және аралас құқықтарды сақтамауға, сондай-ақ бұрмаланған тауарларды өткізуге байланысты құқық бұзушылықтар санын көбiрек анықтауда. Қазақстанда бұрмаланған өнiмнiң рыногы екi негiзгі бөлiктерден: контрафактілi өнiмдерден және шығуы туралы заңды сертификаты жоқ өнiмдерден тұрады. Сараптама бағалары бойынша Қазақстан рыногына миллиардқа жуық АҚШ доллары сомасында бұрмаланған, соның iшiнде 25-30 % контрафактілік тауарлар келiп түседi. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнде мұндай айналым шамамен 450-500 млн. АҚШ долларын, Ресейде - шамамен 300-350 млн. АҚШ долларын құрайды.
Бұдан басқа ауыспалы экономикалы елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулердiң кең көлемдi есепке алынбаған өндiрiсi қызмет iстейдi. Алкоголь өнiмдерi, спирт, темекi өнiмдерi, мұнай, бензин және жанар-жағар май сияқты акцизделетiн тауарларды заңсыз өткізу көбiрек орын алған. Бұл өткiзiлуiнiң ресми есепке алынатын көлемiнен елеулi асатын түрлi тамақ өнiмдерiн тұтыну жөніндегі өндiрiс және сараптама талдау есептерiнiң мөлшерi туралы статистикалық ақпараттың талдауынан туындайды.
Заңсыз әрекетті жүзеге асыру, талан-таражға салу кiшiгiрiм компанияларға тән. Iрi бизнестер үстеме пайданы заңды түрде - мемлекеттік басқару органдарымен ұсынылатын преференцияның түрлi жүйелерi арқылы табиғи ресурстарды пайдаланудан алады.
Қазiргi кезде қаржы құралдар рыногындағы және электрондық операциялар саласындағы құқық бұзушылықтардың салыстырмалы түрде аз көлемде таралу үрдiсi байқалады. Бұл қаржы секторы үнемi ақша қаражаттары мен мүлiктердi заңдастыру үшiн оны қолдану мүмкiндiгi ұстанымымен заңсыз бизнес үшiн ерекше тартымдылыққа ие болғандықтан ерекше маңызды.
Қазiргi уақытта көлеңкелi, заңсыз және ашық секторлардың өзара iс-қимыл тетiгi белгілi бiр дәрежеде қалыптасқан, өз әрекетiнде барынша тұрақты iшкi заңдылықтары бар және олар екi негiзгi факторлармен;
өндiрiстiк және өндiрiстiк емес салалар арасындағы қатынас ретіндегі экономиканың салалық құрылымымен;
экспорттық-бағдарлық және iшкi-бағдарлық секторлар арасындағы қатынас ретіндегі өнеркәсiптiң салалық құрылымымен анықталады.
Жоғары деңгейдегi құрылымдық жылжудың қарқындылығы экономиканың көлеңкелi секторының индикаторына әсер етедi. Олардың өнеркәсiптiк өндiрiс жағына ауытқуы көлеңкелi сектордың азаюына әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 7-тарауында
көзделген қылмыстардың 1998 жылмен 2003 жылды салыстырғандағы тiркелген
саны туралы серпiнi (құқық қорғау органдары бойынша барлығы)
[Графикалық нысанды қараңыз]
Бiрқатар экономикалық құқық бұзушылықтардың тұрақталған схемасы бар:
1. Жалған экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру. Тауарды экспортқа шығарған елiне қайтару. Бiр ғана тауарды шығару және қайтарып алу бойынша бiрнеше операцияны жүзеге асыру. Бюджеттен қосымша құн салығының (бұдан әрi - ҚҚС) орнын толтыру мақсатында бағасын белгілеу қиынға түсетiн экспортқа шығарылатын тауарлардың құнын негiзсiз көтеру. Жеңiлдiктердi, бiрiншi кезекте салық төлеуден жалтару және бюджет қаражатын талан-таражға салу мақсатында ҚҚС бойынша экспорттық жеңiлдiктi заңсыз қолдану.
Жалған экспорттық операцияларды жасау қылмыстың осы түрiнде шекаралық және iшкi кеден, сондай-ақ банк қызметкерлерiнiң қатысу мүмкiндiгiн болжайды. Қылмыстық схемаларды ұйымдастырушылар мен әзірлеушiлер көп жағдайда ақша қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдыру процесiн жүзеге асыратын басқа аймақтармен криминалдық байланыста болады. Сонымен қатар, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыру кезiнде шекаралас мемлекеттерде тiркелген жалған фирмалар пайдаланылады.
2. ҚҚС төленген кәсiпорынның не iшкi рынокта жалған құжаттармен тiркелген фирмадан экспортқа шығарушының тауарды сатып алуы, сондай-ақ есепке алуға құқық алу не ҚҚС орнын толтыру мақсатында шекаралас мемлекеттерде тiркелген жалған фирмаларды пайдалану. Қайта өңдеушi кәсiпорындарға ҚҚС орнын толтыру құқығын жоғалта отырып, жекеменшiк кәсiпкерлерден шикiзатты сатып алудың пайдасы жоқ. Осыған байланысты көп жағдайда жалған құжатпен тiркелетiн жалған заңды тұлғалардың атынан шикiзатты қолма-қол ақшаға сатып алып, көтерiлген құнмен қайта сататын делдалдар желісі пайда болды.