13) 285-бапта:
екiншi бөлiкте:
"106," деген цифрлар алып тасталсын;
"141 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "142 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"145 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "145 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"186 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "186 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"187 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "188 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"262 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "262" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"266 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "266" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"296 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "296" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"317," деген цифрлардан кейiн "320 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"327 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "327 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiкте:
"192," деген цифрлардан кейiн "198," деген цифрлармен толықтырылсын;
"222 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздерден кейiн ", 223" деген цифрлармен толықтырылсын;
8-1-бөлiкте ", 223 ( бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер алып тасталсын;
14) 448-баптың бесiншi бөлiгiнде "444" деген цифрлар "423-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
15) 453-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын:
"1-1) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты iздестiру жариялау мен бұлтартпау шарасын таңдау туралы;";
16) 454-баптың төртiншi бөлiгіндегі "5-тармағымен" деген сөз "1-1 және 5-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 459-баптың екiншi бөлiгiнiң 1) тармағындағы "446" деген цифрлар "423-3" деген цифрлармен ауыстырылсын.
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат):
56-бапта:
1-тармақтағы "және мемлекеттік наградалардан", "немесе оны мемлекеттік наградамен марапаттаған" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 50-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотталушыны құрметтi атақтан, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктiлiк сыныбынан немесе мемлекеттік наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде тиiстi мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шараларды қабылдайды. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берiлген құжаттармен бiрге алып қоюды олар болатын жердегi қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi.".
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2001 ж., № 5-6, 24-құжат, № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат):
1) 45-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстiң 461-472, 476-баптарында көзделген жағдайларда қолданылған әкiмшiлiк жаза түрлерi туралы ақпарат уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiнiң талонына енгiзiледi.";
2) 55-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "ал" шылауы "жеке адамға қарсы құқық бұзушылық үшiн, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 69-баптың үшiншi бөлiгi "әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
"9-1-тарау. Жеке адамға қол сұғатын әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар
79-1-бап. Ұрып-соғу
Тән ауруына ұшырататын, бiрақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 105-бабында көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.
79-2-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру
Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелiсi (аффект) кенеттен туындаған кезде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.
79-3-бап. Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян
келтiру
Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.
79-4-бап. Соз ауруын жұқтыру
Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның басқа адамға осы ауруды жұқтыруы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.";
5) 84-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Лауазымды адамның осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасауы, егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
6) 139-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы "сәйкес келмеу," деген сөздерден кейiн "егер мұндай iс-әрекеттердiң құрамында қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса," деген сөздермен толықтырылсын;
7) 159-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"159-бап. Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметiн және қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердiң немесе ұйымдардың кем өлшеуi, таразыдан жеуi, кем есептеуi, тауардың (қызметтер көрсетудiң) тұтыну қасиеттерi немесе сапасына қатысты адастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айыру және қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу арқылы азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
8) 298-бапта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы "және осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген аң аулау ережелерiн бұзу" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жарылғыш құрылғыларды, авиа,- авто,- мотокөлiк құралдарын, оның iшiнде қарда жүретiн техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ бiр жыл iшiнде аң аулау ережелерiн екi рет және одан да көп бұзу, -";
9) 356-бапта:
тақырыбы "кедергi келтiру," деген сөздерден кейiн "қаулыларын," деген сөзбен толықтырылсын;
үшiншi бөлiкте:
"нұсқауларды" деген сөзден кейiн ", қаулыларды" деген сөзбен толықтырылсын;
10) 461-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "тiркелген" деген сөз алып тасталсын;
11) 462-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе төрт айдан алты айға дейiн көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "бec айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 463-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"1-1. Белгiленген талаптарды бұзып, қарама-қарсы бағыттағы жолға шығу -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.";
13) 465-баптың екiншi абзацындағы "алты айға" деген сөздер "үш айдан бiр жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 467-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "бip жылға" деген сөздер "алты айдан бiр жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "екi жылға" деген сөздер "бiр жылдан екi жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 468-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "үш айдан алты айға" деген сөздер "алты айдан бiр жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 470-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзац "куәлiгi" деген сөзден кейiн "немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген куәлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "екiден бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткішке" деген сөздер "бiрден екiге" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "сегiз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 484-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"484-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi азаматтардың
пайдалану және жол жүрiсi ережелерiн үнемi
бұзуы
1. Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн үнемi бұзу, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475 және 483-баптарында көзделген бiрнеше құқық бұзушылықты жасау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе азаматтарды үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға және көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралдарын жүргiзушi азаматтардың жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 461, 462, 463, 464, 465, 466, 468, 469, 470 және 471-баптарында көзделген бiрнеше құқық бұзушылықты жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе азаматтарды үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.";
18) 541-баптың бiрiншi бөлiгi:
"осы Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "79-1, 79-2, 79-3, 79-4," деген цифрлармен толықтырылсын;
"158," деген цифрлардан кейiн "159 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
19) 543-бапта:
бiрiншi бөлiк "159" деген цифрлардан кейiн "(бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктiң 2) тармақшасы "159" деген цифрлардан кейiн "(бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 558-баптың тақырыбы мен мәтiнi "ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң", "ұлттық қауiпсiздiк комитетiне" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң", "Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 570-1-баптың бiрiншi бөлiгi "159" деген цифрлардан кейiн "(бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
22) 618-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
7) тармақша "ұстау" деген сөзден кейiн ", жеткiзу және пайдалануға тыйым салу" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) тексеру;
9) жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куәландыру.";
23) 620-бапта:
9) тармақшадағы "мен қаржы полициясы" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билiк институттарына қол сұғатын кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары;";
24) 625-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Алып келудi қаржы полициясы органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы) белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүргiзедi.";
25) мынадай мазмұндағы 627-1 және 627-2-баптармен толықтырылсын:
"627-1-бап. Тексеру
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде сол жердi, заттарды, құжаттарды, тiрi адамдарды тексеруге құқылы.
627-2-бап. Тексеру жүргiзудiң жалпы ережелерi
1. Тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда дереу жүргiзiледi. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама толтырылады.
2. Тексеру куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Айрықша жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиiстi байланыс құралдары болмаған кезде немесе басқа объективтi себептерге байланысты азаматтарды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмағанда) тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн айғақтап көрсететiн техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiледi.
3. Қажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбiрленушiнiң, куәлердiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
4. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер тексеру үшiн қосымша уақыт қажет болса немесе табылған затты сол жерде тексеруге елеулi қиындықтар туындайтын болса, объектiлер алып қойылуы және буып-түйiлген, мөр басылған күйiнде, зақым келтiрiлмей, тексеруге қолайлы жерге жеткiзiлуi мүмкiн.
5. Тексеру кезiнде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетiлуге тиiс, ол жөнiнде хаттамаға белгi қойылады.
6. Тек қана iске қатысы бар объектiлер алып қойылуға тиiс. Алып қойылған объектiлер буып-түйiлiп, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюы арқылы расталады.
7. Тексеруге қатысушы адамдар өз пiкiрлерiнше iстiң мән-жайын анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
8. Қажет болған жағдайларда тексеру кезiнде тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, ол туралы хаттамаға белгi жасалып, оған аталған материалдар қоса тiркеледi.";
26) 630-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау,
жеткiзу және пайдалануға тыйым салу
1. Осы Кодекстiң 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461, 463 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 467-471-баптарында көрсетiлген бұзушылық жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау себептерi жойылғанға дейiн оларды ұстауға, уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды), шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу немесе мемлекеттік тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.
Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды жол полициясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери автомобиль полициясының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiк бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) лауазымды адамдары жүргiзедi.
3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы белгіленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе мемлекеттік техникалық тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттік тiркеу нөмiрлiк белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе мемлекеттік стандартқа сай емес нөмiрлiк белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.";
27) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
бiрiншi абзац:
"iшкi iстер органдарының (" деген сөздерден кейiн "79-1, 79-2, 79-3, 79-4," деген цифрлармен толықтырылсын;
"143," деген цифрлардан кейiн "159 (екiншi бөлiгi)," деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма екiншi абзац "органдарының (" деген сөзден кейiн "177," деген цифрлармен толықтырылсын;
жиырма алтыншы абзац "138," деген цифрлардан кейiн "139," деген цифрлармен, "148-158," деген цифрлардан кейiн "159 (екiншi бөлiгi)," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы қырық бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және мәслихаттардың тексеру комиссияларының (177, 356-баптар);";
28) 638-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "салық тексерiсi барысында анықталған салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - ол аяқталғаннан кейiн" деген сөздер "салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.";
29) 700-бап мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"5-1. Осы Кодекстiң 461-472, 476-баптарында көзделген ескерту, айыппұл салу, арнаулы құқығынан айыру түріндегі әкiмшiлiк жаза шығарылған кезде оны уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ресiмдейдi және жүргiзушi куәлiгiнiң талонында белгiлейдi.".
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 9-ғы, № 10-III ҚРЗ