Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды)
кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізу кезіндегі мемлекеттік
органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы
№ 1195 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.12.09. № 799 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күшi бар Жарлығының 3-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 15 қарашадағы
№ 1195 қаулысымен
бекітілген
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды)
кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізу кезіндегі мемлекеттік
органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесi
1. Осы Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесi (бұдан әрi - Ереже) тiркеушi органдардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезіндегі мемлекеттік органдар арасындағы өзара iс-қимыл жасау тәртібін белгiлейдi.
2. Осы Ереже қолданылатын мемлекеттік органдарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары, республикалық мемлекеттік меншiктi иеленуге Қазақстан Республикасының Үкіметі өкiлеттiк берген мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары, салық органдары, тiркеушi орган (бұдан әрi мемлекеттік органдар) жатады.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезiндегі мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылы құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлiкке құқықтары (құқықтық ауыртпалықтары), соның iшiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жүйесi енгізiлгенге дейiн туындаған құқықтары (құқықтық ауыртпалықтары) мемлекеттік тiркеуден өтпеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құқық иеленушiлерi туралы деректермен толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізу кезіндегі негiзгi мiндетi тiркеушi органды жылжымайтын мүлiк объектiлерi, олардың құқық иеленушiлерi, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың түрi мен туындау негiздемелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
5. Мемлекеттік органдар тiркеушi органдар белгілеген мерзiмде мына ақпараттарды электронды түрде және қағаз жеткiзгiштерде ұсынады:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдары - жылжымайтын мүлiктiң жекешелендiрiлген тұрғын үй объектiлерi туралы, коммуналдық меншiкте тұрған жылжымайтын мүлiк объектiлерi туралы, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерi, жылжымайтын мүлiкке құқықтарының түрi мен туындау негiздемесi көрсетiлген құқық иеленушiлерi туралы;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары - жер учаскелерiне ұсынылған, берiлген, ауысқан құқықтар туралы, жер учаскесiнiң орналасқан жерi, оны пайдалану мақсаты, алаңы, құқықтың түрi мен туындау негіздемесi көрсетiлген олардың құқық иеленушiлерi туралы;
3) республикалық мемлекеттік меншiктi иеленуге Қазақстан Республикасының Үкіметі өкiлеттiк берген мемлекеттік органдар мен оның аумақтық органдары - республикалық меншiкте тұрған, олардың орналасқан жерi көрсетiлген жылжымайтын мүлiктiң жекешелендiрiлген объектiлерi туралы, сондай-ақ көрсетiлген объектілердiң сатып алушылары мен олардың құқықтарының туындау негiздемелерi туралы мәлiметтердi ұсынуы тиiс.
6. Осы Ереженiң 5-тармағында санамаланған мемлекеттік органдар ақпаратты тiркеушi органға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу шеңберiнде, өтеусiз негiзде ұсынады.
7. Тiркеушi орган алынған ақпаратты Құқықтық кадастрдың деректерiмен салыстырады, содан соң Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы заңнамада белгiленген тәртiппен оларды тiркеу үшiн жылжымайтын мүлiкке өздерiнiң құқықтарын (құқықтық ауыртпалықтарын) тiркемеген құқық иелерiне хабарлама жiбередi.
Хабарлама нысаны мен оны жiберудiң тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекiтедi.
8. Жылжымайтын мүлiкке өздерiнiң құқықтарын (құқықтық ауыртпалықтарын) тiркемеген құқық иелерi туралы ақпаратты тіркеушi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген шараларды қолдану үшiн салық органдарына жiбередi.
9. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізудiң аумағы мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейдi.