Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы» Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 1189 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 755 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын жетілдiрудiң кейбір мәселелерi туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1472 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi Бас қолбасшысының басқармасы» мемлекеттік мекемесi таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң арнайы әскерлерi штат санының лимитi шегiнде «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жауынгерлiк даярлық бас басқармасы» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Бас басқарма) құрылсын.
3. (Құпия).
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Бас басқарманың жарғысын және оның құрылымын бекiтсiн;
2) оның әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 6 тамыздағы № 785 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 31, 317-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң қайта аталатын мекемелерi тiзбесiнiң 1) тармақшасы алынып тасталсын.
6. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерi қолбасшысының басқармасы» мемлекеттік мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 649 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 191-құжат) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |