Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi қолбасшысының басқармасы"
мемлекеттік мекемесiн құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы № 649 қаулысы
ҚР Үкіметінің 12.11.04 ж. № 1189 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi қолбасшысының басқармасы" (бұдан әрi - Мекеме) мемлекеттік мекемесi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі Мекеменiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi штат санының лимиттi шегінде белгілесін.
3. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылатын болып белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Мекеменi ұстауға және жарақтандыруға арналған шығыстар сметасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасына (құпия).
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | И.Тасмағамбетов |