30) қарызға алу тәртібімен алушымен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шарт (келісімшарт) жасасу;
31) операцияға қатысушылармен шарттардан туындайтын талаптар бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен борышты және тұрақсыздық айыптарын өндіріп алуды жүзеге асыру;
32) азаматтарға, мемлекеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар беру;
33) мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен азаматтарға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі міндетті күші бар ұйғарымдар беру;
34) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға Азаматтық қорғаныс бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және іс-шаралардың орындалуы туралы ұйғарымдар беру;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын толық немесе ішінара тоқтата тұру, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының жобаларында көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттар мен құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу;
36) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қауіпті өндірістік объектілерде авариялық қаупі бар қызметті тоқтата тұру;
37) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды, процестерді пайдалануға, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтатуға байланысты болғандағы жағдайларды қоспағанда, бұл бұзушылықтарды жойғанға дейінгі кезеңге тыйым салу;
38) тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын мемлекеттік материалдық резервтер саласында тексеру (тексеріс) жүргізуге тарту;
39) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзған кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін тексеру (тексеріс) материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу;
40) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
40-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
41) Азаматтық қорғаныс іс-шараларының Қазақстан Республикасының аумағында орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
42) Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асыру;
43) өрт қауіпсіздігі саласында техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
44) елді мекендердегі және объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өртпен күресуге әзірліктерін бақылауды жүзеге асыру;
45) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындар мен тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
46) өндірістік бақылаудың тиімділігін, ұйымдардың авариялар мен олардың салдарын жоюға дайындығын, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарын оқшаулау және жою жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асыру;
47) мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, олардың құзыреттері шегінде авариялардың себептерін тексеруді жүргізу;
48) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
49) өз құзыреті шегінде өртті анықтауды жүзеге асыру;
50) қауіпті өндірістік объектілерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазіргі заманғы техникалық растаудың жүргізілуін бақылайды;
51) ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге дайындығын бақылауды жүзеге асыру;
52) қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау бойынша міндеттерін қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің орындауын және олардың заңнамада белгіленген тәртіптерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
53) сақтау пункттерінде сақталатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуына тексеру (тексеріс) жүргізу;
54) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтау;
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы халықаралық шарттар бойынша қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, осындай халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын және халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттерін орындауын бақылау;
5) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін басқаруды Министр жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
19. Министрді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) бар.
21. Министрдің өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
4) барлық мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін білдіреді;
5) мемлекеттік органның ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады және мемлекеттік органда жүргізілген ішкі аудит туралы есепті бекітеді;
6) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқама береді;
7) бөлімшелердің, ведомстволар мен ұйымдардың қызметтерін ведомстволық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
8) бірыңғай кадрлық саясатты жүргізеді;
9) кадрлардағы тапшылықты айқындайды;
10) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) азаматтарды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кадрына есепке алады, оларға алғашқы және кейінгі өртке қарсы қызмет полковнигін қоса алғандағы атаққа дейінгі арнаулы атақтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери міндеттілеріне бірінші әскери атақты және кейінгі полковникке дейінгі әскери атақты қоса алғандағы атақтарды береді;
12) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсынулар енгізеді;
13) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттауға және құрметті атақтар беру үшін ұсыныс енгізеді;
14) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
15) өзінің құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес төтенше жағдай жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерін құрады және таратады, олардың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті мен бөлінген бюджет қаражаты шегіндегі еңбекақы қоры шегінде белгілейді;
16) республикалық бюджеттен бөлінген қаржылық бөлу шегінде төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органды ұстауға қаржылай қаражат бөледі;
17) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
18) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің бұзылуына, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төнуіне әкеп соғатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды адамдары мен мемлекеттік қызметшілерін жауапкершілікке тартады;
19) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Министр болмаған кезеңде оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Министр өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы басқарады.
24. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңестік органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын және ол туралы ережені Министр бекітеді.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мүлкі
25. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлікті қайта
ұйымдастыру және тарату
28. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.03.10. № 1048 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы.
2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы.
3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы.
5. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
6. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
7. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
8. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
9. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
10. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
11. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
12. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
13. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
14. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Екібастұз қаласы.
15. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
16. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы.
17. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.
18. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы.
19. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
20. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
21. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
22. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
23. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
24. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы.
25. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
26. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы.
27. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
28. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
29. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы.
30. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
31. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
32. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
33. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
34. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.
35. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.
36. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы.
37. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
38. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
39. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
40. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
41. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы.
42. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
43. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы.
44. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
45. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы.
46. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
47. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
48. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
49. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
50. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.
51. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.
52. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы.
53. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
10. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
11. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
12. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
13. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
14. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
15. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.
16. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.
17. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.
18. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Рудный қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.
19. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақтау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.
21. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Атырау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.
22. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Есіл» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жезқазған қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.