Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 Қаулысы
(2013.03.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 938 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 626 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53 Қаулысымен тармақ 4) тармақшамен толықтырылды; 2008.19.07. № 712 қаулысымен өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.10.03. № 273 Қаулысымен 4) тармақша жана редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2013.29.03. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53 Қаулысымен тармақ 5) тармақшамен толықтырылды
5) ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 626 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.19.07. № 712 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) ҚР Үкіметінің 2013.29.03. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); 2006.30.06. № 626 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мыналарға:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрiне екі вице-министрi болуына;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетiнiң төрағасына саны Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсім бойынша анықталатын орынбасарлары болуына рұқсат етілсiн.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2013.29.03. № 306 Қаулысымен ереже жаңа редакция (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1112 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыру саласындағы салааралық үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып әрекет етуге құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс.
10. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің миссиясы: халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, елдің азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту.
15. Міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, салааралық үйлестіру, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша, Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын мемлекеттік бақылау, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
ҚР Үкіметінің 2013.03.10. № 1048 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Функциялары:
орталық аппарат функциялары:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) ҚР Үкіметінің 2013.03.10. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының аумағында шетел ұйымдары мен азаматтарының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қызметтерін қамтамасыз ету;
4) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу;
7) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық ету;
8) орталық және жергілікті атқарушы органдардың және ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, апаттар медицинасы саласындағы жұмыстарын үйлестіру;
9) техникалық регламенттерді бекітуді қоспағанда, төтенше жағдайлар, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік нұсқауларды, стандарттарды бекіту, келісу;
10) халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу, сондай-ақ оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге ұсыну;
11) Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жеке құрамын, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құралымдарының басшыларын, халықты Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша даярлау бағдарламаларын әзірлеу;
12) ҚР Үкіметінің 2013.03.10. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мүдделерінде қару-жарақ, техника, қорғаныс құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдардың қажеттілігін айқындау;
14) Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың бейбіт және соғыс уақытына арналған Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу, оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге ұсыну және оны іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыру;
15) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
16) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы ережелерді бекіту;
17) қалаларды және шаруашылық жүргізуші объектілерді санаттарға бөлу дәрежесіне байланысты Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту;
18) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені әзірлеу;
19) өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестіру;
20) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметтерін үйлестіру;
21) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында, оның ішінде мамандандырылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып, нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
22) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат ұсыну тәртібін айқындау;
23) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
24) қауіпті өндірістік объектілерді бірегейлендіруге қойылатын негізгі талаптарды белгілеу ұйымдардың құрамындағы объектілерді қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызу;
25) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиісті қағидаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
26) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт-техникалық өнімдердің түрлерін айқындау;
27) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен және қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жұмылдыру және мемлекеттік резервтердің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін қалыптастыру және бекіту;
28) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекіту;
29) шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекіту;
30) төтенше жағдайлардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың жай-күйі туралы мемлекеттік баяндамаларды дайындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;
31) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Үкіметіне құрамында мемлекеттік және жұмылдыру резервтері бар материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да ресурстар қорларын пайдалану туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізу;
32) Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылық ету;
33) төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;
34) ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен жұмыскерлерін оқытуды ұйымдастыру;
35) гуманитарлық акцияларын дайындауға және өткізуге қатысу және оларды ұйымдастыру;
36) халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;
36-1) халықты және ұйымдарды өрт қауіпсіздігі саласындағы шаралар туралы хабардар ету;
37) халықты, аумақтарды және шаруашылық жүргізу объектілерін техногендік авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, сырғымалар мен басқа да экзогендік құбылыстар мониторингі және олар туралы хабардар ету жүйесін ұйымдастыру;
38) республикалық халықты хабардар ету және байланыс жүйесін құру және оның дереу пайдалануға үнемі әзірлігін қамтамасыз ету, оны жарақтандыру және дамыту;
39) төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бойынша күштер мен құралдарды құру, дайындау және дайындықта ұстау, зардап шеккендерге көмек көрсету;
40) төтенше жағдайларды жою кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
41) ұйымдардың басшылары мен халықты қорғау тәсілімен қазіргі заманғы жою құралдарын қолдану кезінде және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға оқытуды ұйымдастыру;
42) мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, олардың құзыреттері шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырған аварияларды, дүлей зілзалалар мен апаттарды тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
43) төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік сараптамаға басшылық жасау және қажет болған жағдайда халықаралық сараптау ұйымдарын тарта отырып, тәуелсіз сараптама ұйымдастыру;
44) зардап шеккендерге, оның ішінде авариялық-құтқару қызметінің жұмысшыларына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында шұғыл медициналық көмек көрсету;
45) материалдық-техникалық ресурстардың қорларын құру және пайдалану;
46) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыруды ұйымдастыру;
47) Азаматтық қорғаныс күштерімен оның қарамағындағы жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтерімен, төтенше жағдайларды республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесімен төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі іс-шараларға басшылық жасау;
48) Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, Апаттар медицинасы орталығын авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде басқару;
49) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
50) Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жеке құрамын және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдарды, Азаматтық қорғаныстың ұйымдары мен құралымдарының басшыларын, халықты азаматтық қорғаныс бойынша дайындауды ұйымдастыру;
51) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ халқы орындау үшін міндетті Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде шешімдер әзірлеу, қабылдау;
52) Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен күштерін дайындауды ұйымдастыру;
53) төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есепті жүргізу;
54) өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізу;
55) төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттаудан өткізу;
56) ведомстволық бағынысты ұйымдарды, оның ішінде жасақтар мен апаттар медицинасының далалық көшпелі госпиталдарын, сондай-ақ коммерциялық емес төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мамандандырылған оқу орындарын құру және қайта ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
57) суда құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
58) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізу;
59) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
60) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің бейіні өзгерген, олар қайта құрылған не таратылған жағдайда мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
61) мемлекеттік резервтің номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броннан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
62) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке жеткізуге тапсырыстарды орналастыру туралы шешім қабылдау;
63) материалдық құндылықтарды шығару (жаңарту тәртібімен) және мемлекеттік материалдық резервке жеткізу туралы шешім қабылдау;
64) шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды - сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ұсынысын келісу;
65) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін сауда қызметінің субъектілерімен шарт жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару;
66) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырысты қалыптастыру;
67) Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесін әзірлеу және басқару;
68) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс саласында заңды және жеке тұлғаларға электрондық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
ведомстволардың функциялары:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау іс-шараларының орындалуына, өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімді насихаттау, халықты, лауазымды адамдар мен ұйымдардың мамандарын оқыту;
3) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есеп жүргізу;
4) объектілерді салуға өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын келісу;
5) ұйымдардың шығарылатын өнімге стандарттарының жобаларын келісу;
6) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамындағы қызметке тағайындалған және белгіленген тәртіппен әскери есептен шығарылған әскери міндеттілердің арнайы есебін жүргізу;
7) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетіндігі бөлігінде лицензия беруді келісу;
8) өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау бойынша ұйымдарды аккредиттеу;
9) Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын отандық және шетелдік өндірістің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру;
10) өртке қарсы нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан кәсіпорындардың, ғимараттардың, құрылыстардың және жекелеген қондырғылардың аяқталған құрылысын пайдалануға қабылдау бойынша қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
11) ел қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қорғау және өрт сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету;
12) қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу;
13) техникалық қондырғыларды, материалдарды қабылдау сынағынан өткізуді келісу;
14) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттауды жүзеге асыру;
15) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу;
16) жұмыстардың қауіпті түрлерін жүргізу кезінде технологияларды, техникалық құрылғылар мен материалдарды қолдануға рұқсат беру;
17) халықты хабардар ету және өрт қауіпсіздігі саласындағы қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу және оларды жою шараларын ұйымдастыру;
18) халықты және қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу мен оларды жою шараларын ұйымдастыру жөнінде хабардар ету;
19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға тұрақты дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу;
20) өрттерді анықтаудың және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және олардың негізінде сотқа жеке немесе заңды тұлғаның қызметін ішінара немесе толықтай тоқтату немесе тыйым салу туралы талап арыз жасау және жіберу;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттердің алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
23) ведомстволық бағынысты әскерилендірілген тау-кен-құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы қызметтер мен құралымдардың қызметіне басшылық жасау;
24) авариялар мен өндірістік жарақат алудың туындау себептері мен жағдайларына талдау жүргізу;
25) тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарларын ұйымдарда келісу;
26) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды жүзеге асыру;
27) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, қайта орналастыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
28) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің бейіні өзгерген, қайта құрылған немесе таратылған жағдайларда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын ауыстыруды қамтамасыз ету;
29) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды, сапалық және сандық сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;