Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта және сыйақыларын оларды шығаратын немесе импорттайтын тұлғалар төлейтін табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы № 1100 қаулысы
(2011.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 417 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.03.06. № 622 Қаулысымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2011.03.06. № 622 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта және сыйақыларын оларды шығаратын немесе импорттайтын тұлғалар төлейтін табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тiзбесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2011.03.06. № 622 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 27 қазандағы
№ 1100 қаулысымен
бекiтілген
Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта және сыйақыларын
оларды шығаратын немесе импорттайтын тұлғалар төлейтін табыс алмай қайта шығару үшін
пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің
тізбесі
Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта және сыйақыларын оларды шығаратын немесе импорттайтын тұлғалар төлейтін табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдық:
1) дыбыс жазатын немесе бейнежазба жазатын құрылғысы бар және магниттік, оптикалық немесе жартылай өткізгіштік жеткізгіштерді пайдаланатын аппаратура, оның ішінде:
жалпы мақсаттағы ЭЕМ;
мини-ЭЕМ;
микро-ЭЕМ;
пернелі ЭЕМ;
ЭЕМ басқалары;
есептеуіш машиналар және олардың ақпаратты енгізу немесе шығару құрылғысы бар блоктары;
ішкі еске сақтау құрылғылары;
магниттік таспаларда сыртқы еске сақтау құрылғылары;
магниттік дискілерде сыртқы еске сақтау құрылғылары;
магниттік карталарда және пленкаларда сыртқы еске сақтау құрылғылары;
сыртқы еске сақтау құрылғыларының басқалары;
деректерді түрлендіру және қайта жазу құрылғылары;
дыбыс жазу аппаратурасы;
алып жүретін қабылдағыш-беруші радиостанциялар;
дыбыс жазатын және дыбысты қайта шығаратын аппаратура;
бейнежазба жазатын және жалпы қолданыстағы қайта шығару аппаратурасы;
телевизиялық аралас аппаратура;
орауыш магнитофондар;
кассеталық магнитофондар;
орауыш магнитофондар-приставкалар;
кассеталық магнитофондар-приставкалар;
бейнежазба және тұрмыстық қайта шығару аппаратурасы;
тұрмыстық қара-ақ түсті бейнемагнитофондар;
тұрмыстық түрлі-түсті бейнемагнитофондар;
тұрмыстық бейнеойнатқыштар;
тұрмыстық телевизиялық камералар;
ұялы желілер байланысына немесе басқа сымсыз байланыс желісіне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда, телефон аппараттары;
микротелефондар және микротелефон гарнитурлары;
ұқсастығы бар магнитофондар;
цифрлық магнитофондар;
дыбыс жазатын құрылғысы бар, магниттік, оптикалық немесе жартылай өткізгішті жеткізгіштерді қолданатын дыбыс шығаратын аппаратура (кассеталық плейерді қоса алғанда);
магниттік таспада бейнетюнермен құрамдас немесе құрамдас емес бейнежазба жазатын немесе бейнені қайта шығаратын аппаратура;
БУВ-ойнаткыштар;
дискілерде, магниттік таспаларда және басқа жеткізгіштерде еске сақтау орталық құрылғылары;
бір корпуста дыбыс жазатын немесе дыбысты қайта шығаратын аппаратурамен немесе сағатпен құрамдас немесе құрамдас емес сыртқы қоректену көзісіз жұмыс істей алатын кең хабар тарататын радиоқабылдағыштар;
моторлы көліктік құралдарында пайдаланылатын сыртқы қоректену көзісіз жұмыс істей алмайтын дыбыс жазатын немесе дыбысты қайта шығаратын аппаратурамен құрамдас кең хабар тарататын радиоқабылдағыштар;
бір корпуста дыбыс жазатын немесе дыбысты қайта шығаратын аппаратурамен немесе сағатпен құрамдас немесе құрамдас емес радио хабар таратуға арналған қабылдаушы аппаратураның басқасы (сыртқы қоректену көзісіз жұмыс істей алатын кең хабар тарататын радиоқабылдағыштар мен моторлы көліктік құралдарында пайдаланылатын сыртқы қоректену көзісіз жұмыс істей алмайтын кең хабар тарататын радиоқабылдағыштардан басқа);
өзінің құрамына дыбыс немесе бейне жазатын немесе қайта шығаратын кең хабар таратушы радиоқабылдағышты немесе аппаратураны қамтитын түрлі-түсті бейнелі экраны бар телевизиялық байланысқа арналған қабылдағыш аппаратура;
кинокамералар және дыбыс жазатын немесе қайта шығаратын құрылғысы бар немесе жоқ кинопроекторлар;
микрофильмдерді, микрофиштерді немесе көшірмелерді шығаруға қабілетті немесе шығаруға қабілетсіз басқа да микронысандарды оқуға арналған құрылғы;
2) жазылмаған магниттік таспалар және магниттік дискілер, оның ішінде:
кинофильмдерді кері кескіндеуге және тираждауға арналған кинопленкалар;
әуесқойлық мақсатқа арналған кинопленкалар;
дыбыс жазуға арналған магниттік таспалар;
бейнежазбаға арналған магниттік таспалар;
магниттік дискілер;
магниттік карталар;
ақпарат жеткізгіштердің басқалары;
3) жазылмаған оптикалық жеткізгіштер, оның ішінде:
компакт-дискілер;
4) жазылған немесе жазылмаған жартылай өткізгішті жеткізгіштер.