Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестi күшейтудiң 2004-2006
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 850 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестi күшейтудiң 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жылына 2 рет, 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі жылына екi рет, 1 ақпанға және 1 тамызға жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтiмоваға жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 13 тамыздағы
№ 850 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестi күшейтудiң
2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында туберкулезбен
күрестi күшейтудiң 2004-2006 жылдарға
арналған Бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiздеме Қазақстан Республикасы Президентінің
"Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы
туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153
Жарлығы,
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903
қаулысы (6.2.1-тармақ).
Негiзгi әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлiгі
Мақсаты 2006 жылдың аяғына туберкулез бойынша
эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру,
аурушаңдықты, өлiм-жiтiмдi, мүгедектiктi
төмендету.
Мiндеттерi Елдегi туберкулез бойынша ахуалды
тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған
бiрiншi кезектегi шараларды әзiрлеу;
туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың
бiрыңғай хаттамаларын сақтау арқылы бастапқы
медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрi -
БМСК) жүйесiн тарта отырып, туберкулезбен
ауыратын науқастарды қараудың барлық
кезеңдерiнде емдеу-сауықтыру және алдын алу
іс-шараларын ұйымдастыру;
туберкулезге қарсы қызметтiң басқа
мемлекеттік органдармен бiрiктiру;
туберкулезбен ауырған науқастар мен
туберкулезге қарсы ұйымдардың медицина
қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау;
туберкулезге қарсы қызметтегі мамандардың
біліктілігін, білім деңгейлерiн арттыру.
Қаржыландыру көлемдерi Осы Бағдарламаны iске асыру республикалық,
мен көздерi жергiлiктi бюджеттердiң және Қазақстан
Республикасының заңнамасына қарама-қайшы
келмейтiн өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыру республикалық бюджет
пен жергiлiктi бюджеттерден 15693,8 млн.
теңге сомасындағы қаржыландыруды талап етедi.
Республикалық бюджеттен қаржыландырудың
жалпы көлемi (млн. теңге)
2004 жылы - 443,5
2005 жылы - 434,9
2006 жылы - 500,6
Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырудың
жалпы көлемi (млн. теңге)
2004 жылы - 6943,1
2005 жылы - 4103,7
2006 жылы - 3268,0
2005-2006 жылдарға арналған мемлекеттік
бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын
iс-шаралар бойынша шығыстардың көлемдерi
тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық
бюджет туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес белгiленетiн (нақтыланатын)
болады.
Күтілетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру туберкулез бойынша
эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға,
аурушаңдықты, туберкулезден өлiм-жiтiмдi
және мүгедектiктi төмендетуге мүмкiндiк
береді.
Туберкулездi анықтау, диагностикалау және
емдеу жөніндегі барлық ресурстар мен
мүмкiндiктердi барынша жұмылдыру нәтижесiнде
2004-2006 жылдары республика бойынша
халықтың туберкулезбен аурушаңдығы 2004 жылы
100 мың адамға шаққанда 155,3-ке дейiн, 2005
жылы 100 мың адамға шаққанда 154,4-ке дейiн,
2006 жылы 100 мың адамға шаққанда 152,4-ке
дейiн тұрақтанады және төмендейдi,
республикада туберкулез ауруынан қайтыс болу
2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 21,0-ге
дейiн, 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда
20,6-гe дейiн, 2006 жылы 100 мың адамға
шаққанда 20,1-ге дейiн төмендейдi деп
күтiлуде.
2006 жылы балаларды бақыланатын химиялық
алдын алумен қамту 95-98% дейiн жоғарылап,
белсендi туберкулездi диагностикалау мерзiмi
қысқарып, кеш анықталған туберкулез
нысандарының саны азаяды.
2006 жылы емдеудiң тиiмдiлiгi артады
(өкпеде деструкциясы бар алғаш анықталған
науқастардағы ыдырау қуысының жабылуы,
бацилланың бөлiнуiнiң тоқтауы тиiсiнше 85%
және 95% дейiн), БМСК мен салауатты өмір
салтын насихаттау жұмыстарын жандандыру
есебiнен қайталап ауыру саны төмендейдi.
Iске асыру мерзiмi 2004-2006 жылдар
2. Кiрiспе
Азаматтардың денсаулығы мен салауаттылығын мемлекет Қазақстан Республикасының "Қазақстан - 2030" Даму стратегиясымен негiзгi ұзақ мерзiмдi басымдықтардың бiрi ретiнде анықтады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығымен, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысының 6.2.1-тармағымен Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестi күшейтуге бағытталған 2004-2006 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзiрлеу белгiлендi.
Туберкулез - ел дамуының әлеуметтiк және экономикалық деңгейлерiне тәуелдi ауру. Соңғы жылдардағы экономикалық қайта құру кезеңiнде болған ауытқулар туберкулезбен аурушаңдық көрсеткiштерiнде айқын көрiндi.
Туберкулез халықтың барынша белсендi бөлiгiнiң еңбекке қабiлеттiлігін жоғалтуынан және мезгiлсiз қайтыс болуынан орны толмайтын материалдық зиян шеккiзетiн аса маңызды медициналық-әлеуметтiк проблема болып табылады. Бiрде-бiр ел халқының денсаулығы үшiн туберкулез эпидемиясының қауiптi екендiгiн елемеуi мүмкiн болмайтындықтан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы туберкулездi адамзат үшін ғаламдық қатер деп жариялады және бұл проблеманы шешу үшiн барлық елдердiң үкiметтерiн жедел шаралар қолдануға шақырды.
Бiздiң елдiң басынан өткiзiп отырған әлеуметтiк-экономикалық реформалар кезеңi туберкулезге қарсы iс-шаралардың көлемi мен сапасына әсер еттi.
1998 жылы 1992 жылмен салыстырғанда осы аурудан қайтыс болу 3,3 есе, ал аурушаңдық 1,8 есе ұлғайды. Аурудың өсуiн тоқтату үшiн ел шұғыл және қуатты шараларды қолдануды қажет еттi. Соған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бiрiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы және "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысы қабылданды.
Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiнiң iшіндегі туберкулезбен күрестiң жаңа әдiстерiмен қаруланған елдердiң бiрi болды.
1998 жылдан бастап *DOTS-стратегиясын енгізудi көздейтiн туберкулезге қарсы қызмет реформасы басталды. Республика жағдайына бейiмделмей енгiзiлген туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу және қараудың стратегиясы аурудың созылмалы нысаны бар туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк есептен алып тастау, толық емделмеген науқастарды стационарлардан амбулаторлық емдеуге шығару туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың одан арғы тәсiлдерiн белгiлеген осы кезеңде емдеудi бақылаудың жоқтығы сияқты бiрқатар келеңсiздiктердi анықтады.
2001 жылдан бастап, ДДСҰ-мен келісілген Қазақстан жағдайына DOTS-стратегиясын бейiмдеу жүргізiлдi.
Алайда сонымен бiрге, Қазақстанда туберкулез бойынша негізделген нақты бағдарламаның жоқтығы түбегейлi өзгерiстерге жетуге мүмкiндiк бермей отыр.
Анықтаудың, диагностиканың, емдеудiң, алдын-алудың пайдалы әдiстерiн енгізу арқылы осы Бағдарламаның барлық белгiленген тармақтарын дәйектілікпен кешендi түрде орындау, материалдық-техникалық базаларды жақсарту және туберкулезге қарсы мекемелердi тиiстi жабдықтармен жарақтандыру қажет. Бұл ретте бұрынғы пайдаланымдарды оңтайлы түрде сақтай отырып, жаңа бағыттарды әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жалпы құрылымына бейiмдеу керек.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
ДДСҰ қырық төртiншi сессиясында мынадай негізгi екi мақсаттың жетiстiгi жоспарланған:
туберкулездiң ашық нысанымен аурудың барлық жағдайларының 70% дер кезiнде анықтауды қамтамасыз ету;
уақытында анықталған туберкулезбен ауыратын науқастардың 85% емдеуге жету.
DOTS жүйесiне кiру жер бетi халқының 55% қатысты 2000 жылға қамтамасыз етiлген және 148 елде енгiзiлген болатын. Сонда да, осы жүйе бойынша денсаулық сақтау қызметтерiн жетiлдiрiлмегендiктен жер планетасында алғаш ауырғандардың кем дегенде 27% ғана толық түрде емделдi. Дәл соған байланысты бұдан ең қысқа мерзiмде қойылған мақсаттарға жету iске аспайды. Туберкулез - тек денсаулық сақтау жүйесiнен тәуелдi ауру ғана емес, ең бiрiншi кезекте мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық әлеуетiнен тәуелдi ауру.
Қазақстан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдағы мемлекеттердiң қатарына жатады.
Қазiргі таңда республика туберкулезбен аурушаңдық және қайтыс болу деңгейi бойынша ТМД елдерiнiң арасында жетекшi орынды алып отыр. Соңғы онжылдықта халықтың туберкулезбен ауруы тұтастай ел бойынша 2,8 есе өстi. Жыл сайын Қазақстанда туберкулезбен 20 - 25 мың адам ауырып, үш мыңнан аса адам қайтыс болады. Туберкулезден қайтыс болу көрсеткiшi 100 мың адамға шаққанда 1994 жылғы 17,6-дан 1998 жылғы 38,4-ке дейiн ұлғайса, ал 2003 жылы 22,4-ке дейiн азайды. Қазiргі уақытта қоса алынған барлық басқа жұқпалы аурулардан гөрі халықтың ересек бөлiгі арасында туберкулезбен ауыратындардың көбірек қайтыс болатындығын атап көрсету қажет.
1990-1998 жылдарда химиотерапия әбден былыққан жағдайда болды, диагностиканың, емдеу мен алдын-алудың бұрынғы әдiстерi өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес келмедi, созылмалы науқастардың саны артты.
Туберкулезге қарсы мекемелерде диспансерлiк есепте 2004 жылдың 1 қаңтарына белсендi туберкулезбен ауыратын 72359 адам тұрды.
Елдегi эпидемиологиялық жағдай жыл сайын түзету мекемелерiндегі туберкулезбен ауыратын науқастар санының көбеюiне байланысты қиындай түсуде.
Бұл контингенттiң арасында белсендi туберкулезбен аурушаңдық республиканың азаматтық тұрғындарға қарағанда 30 есе, ал қайтыс болу 9 есе көп.
Балалар мен жасөспiрiмдер арасында аурушаңдықтың жедел түрде өсуi айырықша алаңдатушылық туғызып отыр. 2003 жылы балалар аурушаңдығының көрсеткiшi 100 мың адамға шаққанда 47,2 құрайды. Ауырған балалардың клиникалық құрамында туберкулездiң жіті өтетiн, тарап кететiн, милиарлы және деструктивтi нысандары, туберкулездi менингиттің үлес салмағы жоғарылады.
Туберкулезбен ауырғандардың 21,9% үйлерiнде қайтыс болады, ал бiрқатар облыстар мен қалаларда бұл көрсеткiш 31,6-40% жетiп отыр. Туберкулезбен ауыратын науқастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету пайызы республикада барлығы 10,3% құрайды. Туберкулез жұқпасы ошағынан балаларды оқшаулау тек төрттен бiр жағдайда ғана жүзеге асырылады, осының нәтижесiнде туберкулездiң асқынған және емделуi қиын нысандарының саны көбейдi. Көптеген облыстарда қаражаттың тапшылығынан санаторийлық мектеп-интернаттар, мектеп жасына дейiнгі топтар жабылды, ал бұл уақытта жұқпа ошағындағы балалардың 43%, "қатер" тобынан 70% аса балалар оқшаулау мен сауықтыруды қажет етеді.
Халықтың маскүнемдiк пен нашақорлықтың созылмалы түрiнен зардап шегетiн әлеуметтiк-бейiмделмеген топтарының өкiлдерi белгiлi бiр қатер төндіреді.
Қазiргі кезде республикамызда мультирезистенттi созылмалы туберкулездi (туберкулездiң дәрiге төзiмдi микобактериялары) анықтау, диагностикалау мен емдеу барынша көкейтестi мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығының (бұдан әрi - ҚР ТПҰО) 2002 жылға арналған мәлiметтерi бойынша негiзгi туберкулезге қарсы қолданылатын изониазид пен Рифампицин препараттарына (MDR) деген туберкулез микобактерияларының тұрақтылығы туберкулез бен жаңадан науқастанғандардың iшiнде 12,7%, ал қайталап ауырғандардың iшiнде 36,8%-ында анықталған.
Республиканың бiрқатар облыстарында эпидемиологиялық жағдай iрi қара малдың туберкулезбен зақымдануы салдарынан қиындай түсуде. Туберкулез аурушаңдығын төмендету мәселесi қосымша жұқпа көздерiн ескермесе ойдағыдай шешiлмейдi, бұларға бiрiншi кезекте туберкулезбен ауыратын ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.
Алайда, халықаралық ұйымдармен бiрлесе отырып, денсаулық сақтауды ұйымдастырушыларды, туберкулезге қарсы қызмет, жалпы емдеу жүйесiн, санитарлық-эпидемиологиялық және ведомстволық қызмет мамандарын стратегия қағидаттарына үйрету жөніндегi жұмыс жүргізуде. Жалпы емдеу жүйесiнiң, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң (бұдан әрi - ӘМ ҚАЖК), Iшкi iстер министрлігінiң (бұдан әрi - IIМ), Қорғаныс министрлiгінiң (бұдан әрi - ҚМ) мекемелерi аурудың жұқпалы түрлерiн уақытында анықтауға мүмкiндiк беретiн жоғары қабiлеттi бинокулярлы микроскоптармен, шығыс материалдарымен және реактивтермен қамтамасыз етiлдi. Облыстық және өңiрлiк туберкулезге қарсы диспансерлердiң бактериологиялық зертханаларының материалдық-техникалық базасы және оларды зертханалық диагностиканы, культуральды зерттеулердi жүргізуге, туберкулезге қарсы препараттарға дәрілік төзiмдiлігін анықтауды жақсартуға мүмкiндiк беретiн осы заманғы зертханалық жабдықтармен және аппаратуралармен жарақтандыру жақсартылды. Соңғы 4 жылдың iшiнде ауруды анықтау 5,8%-ға жақсарды.
Туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаторлық кезеңде емдеудi қамтамасыз ету үшiн отбасылық дәрiгерлiк амбулаториялардың, жеке қалалық және кенттiк емханалардың штаттарына химизаторлардың 678 ставкасы енгізiлдi.
ТМД елдеріндегі жалғыз Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының референс-зертханасы супраұлттық зертханаларда (Германия) сапасын бақылауды тексеруден өттi және ДДСҰ оны бактериологиялық зерттеулердiң сапасын бақылаудың Халықаралық зертханаларының тiзiлiмiне енгізудi ұсынды.