Туберкулезбен ауыратын науқастарды, аурудың созылмалы және мультирезистенттi нысандарын қоса алғанда, емдеу мен байқауды есепке алу, бақылау үшiн республикада "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тiркелiмi" деген компьютерлiк бағдарлама енгiзiлуде.
Халықаралық аренада әлемдiк медицинадағы жаңа ағымдарға сергек көңiл аударатын елдер ретiнде Қазақстанның беделi нығайды. ДДСҰ туберкулездiң ғаламдық проблемасы жөніндегі Бас сарапшысы, доктор Марио Равилвони Қазақстанда туберкулезбен күрес жөніндегі тиiстi бағдарламалар барынша белсендi енгiзiп жатқандығын атап көрсеттi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
2006 жылдың аяғына қарай туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, аурушаңдықты және қайтыс болуды төмендету бағдарламаның мақсаты болып табылады.
Бағдарламаның аса маңызды мiндеттерiнiң қатарынан мыналарды атап айтуға болады:
1) елдегi туберкулез бойынша жағдайды тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған бiрiншi кезектегi шараларды әзiрлеу;
2) туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың бiрыңғай хаттамаларын сақтау арқылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрi - БМСК) жүйесiн тарта отырып, туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың барлық кезеңдерiнде емдеу-сауықтыру және алдын алу iс-шараларын ұйымдастыру;
3) туберкулезге қарсы қызметтiң басқа мемлекеттік органдармен бiрiгуi;
4) туберкулезбен ауырған науқастар мен туберкулезге қарсы ұйымдардың медицина қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау;
5) туберкулезге қарсы қызмет мамандарының біліктілігiн, білім деңгейлерiн арттыру.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi
1. Елдегi туберкулез бойынша жағдайды тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған бiрiншi кезектегi шараларды әзiрлеу:
1) Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдiлігін талдау және бағалау мақсатымен (республикадағы туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған эпидемиологиялық мониторингi мен мәлiметтер банкінің компьютерлiк жүйесi) туберкулезбен ауыратын науқастардың Ұлттық тiркелiмiн әзiрлеу;
2) ӘМ ҚАЖК, IIМ, ҚМ жүйесіндегі науқастарды есепке ала отырып, туберкулездiң барлық түрiмен ауыратын науқастарды анықтау, емдеу және бақылаудың тиiмдiлiгi есебi мен мониторингiн жетiлдiру;
3) практикалық денсаулық сақтаудағы диагностиканың, емдеудiң жаңа әдiстерiн енгізу арқылы ғылыми зерттеулердi жалғастыру;
4) республиканың туберкулезге қарсы мекемелерiн рентгендiк диагностикалық жабдықтармен, жоғарғы қабiлеттi микроскоптармен, рентгендiк флюорографиялық пленкалармен және химиялық реактивтермен қамтамасыз ету жолымен туберкулезге қарсы қызметтiң барлық буындары ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
5) тұрақты бактерия бөлiнетiн туберкулездiң созылмалы түрiмен ауыратын науқастарды емдеу үшiн облыстық туберкулезге қарсы диспансердiң жанынан мамандандырылған бөлiмшелердi кезең-кезеңмен ашу;
6) емдеуден бас тартатын, аурудың жұқпалы түрiнен зардап шегетiн туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу үшiн облыстық туберкулезге қарсы мекемелердiң базасындағы мамандандырылған бөлiмшелердi қайта ұйымдастыру.
2. БМСК жүйесiн тарта отырып, туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың барлық кезеңдерiнде емдеу-сауықтыру және алдын алу iс-шаралары:
1) емдеудiң барлық кезеңдерiнде туберкулезбен ауыратын науқастарға бақыланатын химиялық терапияны ұйымдастыру;
2) туберкулездi анықтау мен диагностикалаудың негiзгi әдiстерiн (бактероскопия, халықты жыл сайын сараланған флюорографиялық тексеру, балалар мен жас өспiрiмдер арасында туберкулинодиагностикалау) қолдану;
3) алғаш рет туберкулезбен ауырғандарды, қайталап ауырғандарды, емдеу сәтсiздiктерiн және бұрын емделмеген созылмалы түрiмен сырқаттанғандарды химиотерапияның толық курсымен қамтамасыз ету;
4) компьютерленген бағдарламалардың, жаңа ғылыми әзiрленiмдердiң негiзiнде туберкулезбен ауырған науқастарды анықтау, емдеу және бақылау тиiмдiлiгiнiң орталықтандырылған мониторингiн жүргiзу;
5) егiлуге тиiстi контингенттiң кем дегенде 95 % қамти отырып, нәрестелердi егу және 6-7, 11-12 жастағы балаларды қайта егу жолымен туберкулездiң өзiне тән алдын алумен қамтамасыз ету;
6) АҚТҚ жұқпасы бар және туберкулез жұқпасының ошағында қарым-қатынастағы адамдарды химиялық алдын алу;
7) балалар мен жасөспiрiмдердi санаторийлық үлгiдегi мамандандырылған мектеп жасындағы балалар мен мектеп жасына дейiнгi мекемелерге оқшаулау;
8) халық арасында және пенитенциарлы жүйеде санитарлық-ағарту жұмысын кешендi өткізу.
3. Туберкулезге қарсы қызметтiң басқа мемлекеттік органдармен бiрiгуi.
4. Туберкулезбен ауырған науқастар мен туберкулезге қарсы ұйымдардың медицина қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау:
1) жергiлiктi атқарушы органдарының халықтың әлеуметтiк осал тобындағы туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтiк қолдауды ұйымдастыру мен өткізу;
2) бактерия бөлiнетiн туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтiк қорғау;
3) туберкулезбен ауыратын науқастарды және туберкулезге қарсы қызмет қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау.
5. Туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың бiрыңғай хаттамаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
6. Туберкулезге қарсы қызметтегi мамандардың біліктілігiн, білім деңгейлерiн арттыру:
1) туберкулезге қарсы қызмет мамандарының біліктілігiн арттыруды қамтамасыз ету;
2) туберкулезге қарсы iс-шараларды өткізуге тартылған мамандарды бейiмделген *DOTS стратегияның анықтау, диагностикалау және емдеу қағидаттарына үйрету, БМСК жүйесiнiң медицина қызметкерлерiн туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаторлық кезеңде емдеудi бақылау үшін кеңiнен тарту.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Осы Бағдарламаны iске асыру республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны iске асыру республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттер қаражатынан 15693,8 млн.теңге сомасында қаржыландыруды талап етедi.
Бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттік бюджеттен көзделiп отырған қаржы шығындары:
(мың теңге)
Қаражат | 2004 жыл | 2005 жыл | 2006 жыл |
Республикалық бюджет 443,5 434,9 500,6 Жергiлiктi бюджеттер 6943,1 4103,7 3268,0 Жиынтығы 7386,6 4538,6 3768,6 |
2005-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша шығыстардың көлемдерi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және жергiлiктi мәслихаттардың тиiстi жылға жергiлiктi бюджетi туралы шешiмге сәйкес белгiленетiн (нақтыланатын) болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Туберкулезге қарсы iс-шаралардың әзiрленген кешенiн енгізу туберкулезбен аурушаңдық, таралу, мүгедектiк және қайтыс болу көрсеткiштерiн 2006 жылы тұрақтандыруға және кейiннен төмендетуге, емдеудiң тиiмділігін арттыруға (бацилланың бөлiнуiнiң, өкпеде деструкциясы бар алғаш анықталған науқастардағы ыдырау қуысының жабылуының жаңа жағдайының арасындағы "сауығу" көрсеткiшi) мүмкiндiк бередi.
Туберкулезді анықтау, диагностикалау және емдеу жөніндегі барлық ресурстар мен мүмкiндiктердi барынша жұмылдыру нәтижесiнде 2004-2006 жылдары республика бойынша халықтың туберкулезбен аурушаңдығын тұрақтандыру және 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 155,3-ке дейiн, 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда 154,4-ке дейiн, 2006 жылы 100 мың адамға шаққанда 152,4-ке дейiн тұрақтанады және төмендейдi, республикада туберкулез ауруынан қайтыс болу 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 21,0-ге дейiн, 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда 20,6-кe дейiн, 2006 жылы 100 мың адамға шаққанда 20,1-ге дейiн төмендету күтiлуде.
2006 жылы балаларды бақыланатын химиялық алдын алумен қамту 95-98% дейiн жоғарылап, белсендi туберкулездi диагностикалау мерзімi қысқарып, кеш анықталған туберкулез нысандарының саны азаяды. 2006 жылы емдеудiң тиiмділiгi артады (өкпеде деструкциясы бар алғаш анықталған науқастардағы ыдырау қуысының жабылуы, бацилланың бөлiнуiнiң тоқтауы тиiсiнше 85% және 95% дейiн), БМСК мен салауатты өмiр салтын насихаттау жұмыстарын жандандыру есебiнен қайталап ауыру саны төмендейдi.
*DOTS - ағылшын тілінен аударғанда тiкелей бақыланатын емдеудi, қысқа мерзiмдi курсты бiлдiредi.
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
┌────┬─────────────┬───────┬────────┬─────┬──────────────────┬───────┐
│ N │ Іс-шаралар │Аяқталу│Жауапты │Орын-│Болжалды шығыстар,├Қар- │
│ │ │нысаны │орындау-│дау │ мың теңге │жы- │
│ │ │ │ шылар │мер- ├──────┬─────┬─────┤лан- │
│ │ │ │ │зiмi │ 2004 │2005 │2006 │дыру │
│ │ │ │ │ │ жыл │жыл │жыл │көзі │
├────┴─────────────┴───────┴────────┴─────┴──────┴─────┴─────┴───────┤
│ 1 2 3 4 5 6 7 │
├────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1. Елдегі туберкулез бойынша жағдайды тұрақтандыру мен │
│ жақсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар │
├────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│1.1 Республикада Қазақ- ДСМ 2004 2687,00 Респу- │
│ туберкулез- стан ж. 4 блика- │
│ бен ауыратын Респу- тоқ- лық │
│ науқастардың блика- сан бюджет │
│ Ұлттық тізі- сының Ақмола, 2004 15150,10 Жергі- │
│ лімін жасау Үкіме- Алматы, ж. 4 лікті │
│ және Қазақ- тіне Қара- тоқ- бюд- │
│ стан Респу- ақпарат ғанды, сан жеттер │
│ бликасының Шығыс │
│ Әділетминi Қазақ- │
│ ҚАЖК, IIM, стан, │
│ Қорғанысми- Сол- │
│ нiнiң нау- түстiк │
│ қастарын Қазақ- │
│ қоса алған- стан, │
│ да, науқас- Қоста- │
│ тарды бақы- най, │
│ лау монито- Оңтүстiк │
│ рингiн қам- Қазақ- │
│ тамасыз ету стан │
│ облыста- │
│ рының │
│ әкiмдерi │
│1.2 Ақтөбе об- Қазақ- ДСМ, 2004 91144,00 Жергі- │
│ лыстық ту- стан Алматы, ж. 4 лікті │
│ беркулезге Респу. Атырау, тоқ- бюд- │
│ қарсы дис- блика- Қара- сан жеттер │
│ пансердi сының ғанды, 2005 75767,00 │
│ (батыс өңiр Үкіме- Шығыс ж. 4 │
│ үшiн), тіне Қазақ- тоқ- │
│ Өскемен қа- ақпарат стан, сан │
│ ласындағы Жамбыл, 2006 66949,00 │
│ облыстық Қоста- ж. 4 │
│ туберкулезге най, тоқ- │
│ қарсы дис- Оңтүстiк сан │
│ пансердi Қазақ- │
│ (шығыс өңiр стан │
│ үшiн), облыста- │
│ Сайрам ту- рының │
│ беркулезге әкiмдерi │
│ қарсы ауру- │
│ ханасын │
│ (оңтүстiк │
│ өңiр үшiн), │
│ Петропавл │
│ қаласындағы │
│ облыстық │
│ туберкулезге │
│ қарсы дис- │
│ пансердi │
│ (солтүстiк │
│ өңiр үшiн) │
│ қоспағанда │
│ бацилла бө- │
│ лiнетiн (БК+) │