"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және
өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 15 маусымдағы Заңын іске асыру жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 13 тамыздағы № 225-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 15 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 13 тамыздағы
№ 225 өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және
өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 15 маусымдағы Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінің
нормативтік құқықтық кесімдерінің
тізбесі
Р/c N | Нормативтік құқықтық кесімдердің атаулары | Орындалу мерзімі | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган |
1. 2. 3. 4. | Төтенше жағдайлардың топтамасын бекіту туралы Төтенше жағдайларды жою басшысының өкілеттіктері туралы ережені бекіту туралы Кәсіби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметті қамтамасыз етудің нормаларын бекіту туралы Кәсіби және ерікті авариялық- құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушыларын құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз етудің нормаларын бекіту туралы | 2004 ж. қазан 2004 ж. қазан 2004 ж. қазан 2004 ж. қазан | ТЖА ТЖА ТЖА ТЖА |