Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi
қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 7 шілдедегі № 743 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдары мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігi төрағасының үш орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады деп белгiленсiн.
3. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 30 сәуiрдегі № 495 қаулысына мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерi штат санының лимиттерi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 23-жолмен толықтырылсын:
"23 Қазақстан Республикасының Табиғи 165
монополияларды реттеу және бәсекелестіктi
қорғау жөніндегі агенттігі ";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 16-жолмен толықтырылсын:
"16 Қазақстан Республикасының Табиғи 408
монополияларды реттеу және бәсекелестіктi
қорғау жөніндегі агенттігі ".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 7 шілдедегі
№ 743 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгі туралы
ереже
1. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігі (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрамына кiрмейтін, табиғи монополия субъектiлерiнің және белгілi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеу, бәсекелестiктi қорғау және дамытуды үйлестiру, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiнiң және белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға уәкiлетті орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Yкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк туралы Ереженi, штат санын Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
4. Агенттiк заңды тұлға - мемлекеттік орган болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық органдарында ашатын шоты, өзiнiң атауы мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Агенттіктiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттік берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Агенттiк өзiнiң мемлекеттік өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен, өзiнiң құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар нысанында Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар кесiмдер шығарады.
6. Агенттіктің аумақтық органдары - заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша департаменттерi бар.
7. Агенттіктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бөкейхан көшесi, 14.
8. Толық атауы - "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi" мемлекеттік мекемесi.
Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Агенттіктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттікке Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiмен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жіберіледi.
2. Агенттіктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары және мiндеттемелерi
10. Агенттіктiң негiзгi мiндеттерi:
1) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу;
2) монополиялық қызметтің, рынокта үстем жағдайын терiс пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, теріс пиғылды бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау;
3) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндiру саласында бәсекелестiктi дамытуды мемлекеттік қолдау және жәрдем көрсету;
4) мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсетуiнiң тәртібін бақылау мен мемлекеттік кәсiпорындар өндiретін және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) бағаларын мемлекеттік реттеу;
5) өз қызметін мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiн бақылау;
6) табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестiру;
7) өз құзыретiнiң шегiнде кәсiпкерліктiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
8) табиғи монополия субъектілерi мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты iске асыру болып табылады.
11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiн, Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік тiркелiмiн қалыптастыру және жүргiзу;
2) табиғи монополия саласында тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпеушiлiк әдiснамасын әзiрлеу, бекіту және қолдану;
3) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдану тәжiрибесiн қорыту, осы негiзде әдiснамалық ұсынымдар әзiрлеу;
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындарын қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдану және олардың iс жүзiндегі шығыстарын бақылауды жүзеге асыру;
5) мемлекеттік ұйымдар монополиялық түрде жүзеге асыратын қызмет көрсетулерге бағалар белгілеудiң есебi мен тәртіптерінің әдiснамасын әзiрлеу;
6) табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекелестiктi дамыту, баға белгiлеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiне қатысты заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық кесiмдер жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыру;
7) рыноктың және ондағы бәсекелестiктiң жай-күйі туралы баяндамалар, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамалары мен оны қолданудың тәжiрибесiн жетiлдiру туралы ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының Үкiметіне жiберу;
8) оның құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізу;
9) оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiн тексерулерді жүргiзу;
10) табиғи монополия субъектiлерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және енгізу;
11) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекенi шектейтін және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында талдау жүргізу;
12) тауар рыноктарында бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды әзiрлеу және iске асыру;
13) шет елдердiң мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылдар мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
14) рынок субъектілерінің орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi өз құзыретінiң аясында әзiрлеу және бекіту;
15) өз құзыретінiң шегiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық туралы iстердi қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау;
16) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
17) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
12. Агенттiктің өз құзыретiнiң шегiнде мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) табиғи монополия субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтерiне) және мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемелер көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекітуге;
2) табиғи монополия субъектiлерi жүргiзетiн сатып алуларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асыруға;
3) табиғи монополия субъектiлерi үшін мiндеттi мемлекеттік реттеудi енгізу, өзгерту немесе тоқтату туралы шешiмдер қабылдауға;
4) табиғи монополия субъектiлерінің материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алу бойынша тендер жүргізу тәртібін анықтауға;
5) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнің қызметтерiне тұтынушылармен шарт жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдар енгізуге;
6) табиғи монополия субъектiлерiнiң тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;
7) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге бастамашылық танытуға;
8) табиғи монополия субъектiсiнің тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
9) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) қолданысын кемiнде алты ай мерзiмге белгiлеуге;
10) өз құзыретiнiң шегінде орындау үшiн мiндеттi шешiмдер беруге және нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
11) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайдың болуын белгiлеуге;
12) өз құзыретiнiң шегiнде бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және кiнәлiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
13) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi таратуға қойылған талаптарын сақтай отырып, өзiнiң өкiлеттіктерiн жүзеге асыру үшін қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
14) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзудың нәтижесінде алынған кiрiстердi бюджетке аудару туралы, сондай-ақ тiкелей немесе тарифтердi уақытша төмендету арқылы залалды және (немесе) зияндарды өтеу туралы шешiмдер қабылдауға;
15) бәсекенi дамытуға кедергi келтiретiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген өзге де бұзушылықтар үшiн рынок субъектiлерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға;
16) мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды тұлғаларына, тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
17) Агенттiктің мәжілістерiнде мемлекеттік органдардың, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
18) Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
19) ғалымдар мен мамандар, Агенттiк қызметкерлерi, мемлекеттік органдар мен рынок субъектілерiнiң өкiлдерi қатарынан сараптамалық кеңес құруға;
20) тексерiстер мен сараптамалар өткізуге басқа да ұйымдардан мамандар тартуға;
21) мемлекеттік баға тәртібінiң, монополияға қарсы заңнаманың, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамасының бұзылуын жою мақсатында сотқа талап-арызбен жүгінуге, оларды қарауға қатысуға;
22) өзiнiң өкілеттiктерi мен функцияларының бір бөлiгін аумақтық органдарға табыстауға;
23) егер бұл тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң пайда болуына жеткiзетiн болса, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға әкеп соғатын болса, рынок субъектiлерiн құруға қорытындылар беруге;
24) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзатын олар қабылдаған кесiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн материалдар мен нормативтiк құқықтық кесiмдердi прокуратура органдарына жiберуге;
26) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) бағаларды мемлекеттік реттеудi енгізу туралы шешiм қабылдауға;
27) мыналарға:
рынок субъектiлерiнiң жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестердi, пайдаларды) сатып алу кезiнде және өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын;
табиғи монополия субъектiсiнiң акцияларды (үлестердi), сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы Заңымен рұқсат етiлген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге де нысандарымен сатып алуын;
табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi иелiктен айыруға және онымен өзге де мәмiлелер жасауға;
табиғи монополия субъектiсінің өзiнiң тұтынуына емес, олар тасымалдайтын немесе беретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алуын;
табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жататын өзге қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасымен белгiленген қызметті жүзеге асыруын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
13. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен:
1) табиғи монополия субъектісінің тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) заңсыз көтерумен және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыс құнын тарифке (бағаға алым ставкасына) енгізумен тұтынушыларға келтiрген залалды өтеу үшін уақытша өтемдiк тариф бекіту туралы шешiм қабылдауға;
2) табиғи монополия субъектісінің тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
3) табиғи монополия субъектілерiнiң Мемлекеттік тіркелімiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектілерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берген өтінімдерiн қарау кезiнде тұтынушының немесе табиғи монополия субъектісiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша жария тыңдаулар өткізу қажеттілігін анықтауға;
4) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтерден басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселесі жөнiнде қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
5) табиғи монополия субъектілерiнiң Мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектілерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізуге;
6) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының), уақытша төмендету коэффициентiнiң жобаларын ұсыну тәртібін белгілеуге мiндеттi.
3. Агенттіктiң мүлкі
14. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Агенттіктің мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
15. Агенттікке бекітіп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Агенттiктің өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкін.
4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
17. Агенттікті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
18. Агенттiк төрағасының үш орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады, оларды төрағаның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Агенттік төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап бередi.
20. Агенттіктiң төрағасы осы мақсатта:
1) бұйрықтар шығарады;
2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының міндеттерiн анықтайды;
3) Агенттiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттіктiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Агенттіктi бiлдiредi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттіктің қызметкерлерiне және аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына тәртiптік жазалар қолданады және оларды көтермелейдi;
7) сараптамалық кеңестердiң жеке құрамын бекiтедi;
8) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
21. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
22. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 7 шілдедегі
№ 743 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдары -
мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесі
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттiгінiң Ақмола облысы бойынша департаментi.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттігінiң Ақтөбе облысы бойынша департаментi.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттігінiң Алматы облысы бойынша департаментi.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігінiң Атырау облысы бойынша департаментi.
5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментi.
7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттiгінiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігiнiң Қарағанды облысы бойынша департаментi.
9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша департаментi.
10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментi.
11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегi агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігiнің Павлодар облысы бойынша департаменті.
13. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті.
14. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті.
15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментi.
16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Алматы қаласы бойынша департаменті.