"Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық
қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы)
Көліктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы
күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы)" мемлекеттік
мекемесiн тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 маусымдағы № 720 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 31 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігiнiң (қаржы полициясы) Көлiктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы)" мемлекеттік мекемесi таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы) заңнамада белгiленген тәртiппен:
осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекеме қызметкерлерiнiң штат санын және оның функцияларын Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемелерi аумақтық органдары арасында қайта бөлсiн;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 4, 56-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдарының және оқу орындарының тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 17-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |