Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 729 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 50, 575-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ережеде:
4-тармақтың 3) тармақшасындағы «жүзеге асырады» деген сөздерден кейiн», соның iшiнде қоса берiлiп отырған Мемлекеттік бағалы қағаздардың және өзге де өтiмдi қаржы құралдарының тiзбесiне сәйкес мерзiмдi депозиттерге тартылатын жеке тұлғалардың салымдарын мемлекеттік бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастырады» деген сөздермен толықтырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық почта операторы
туралы ережеге қосымша
Мемлекеттік бағалы қағаздардың
және өзге де өтiмдi қаржы құралдарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылғандарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарынан басқа.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi, сондай-ақ орналастыру күнi бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген екiншi деңгейдегi банктердегi және/немесе резидент емес бас банктiң «А» («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтингтiк агенттiктердiң жiктемесi бойынша) немесе «А2» («Moody's Investors Service» рейтингтiк агенттiктiң жiктемесi бойынша) санаттарынан төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтинг бар, еншiлес резидент-банктегi салымдар.
3. «АА»-дан («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтингтік агенттiктердiң жiктемесi бойынша) немесе «Аа»-дан («Moody's Investors Service» рейтингтiк агенттiктiң жiктемесi бойынша) төмен емес баға алған шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары.
4. Мынадай халықаралық қаржылық ұйымдар шығарған бағалы қағаздар:
Халықаралық қайта құру және даму банкi;
Еуропа қайта құру және даму банкi;
Америкааралық даму банкi;
Халықаралық есеп айырысу банкi;
Азия даму банкi;
Африка даму банкi;
Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finanse Corporation);
Ислам даму банкi;
Еуропа инвестициялық банкi.
5. Кредиттік рейтингтiң халықаралық шкаласы бойынша «АА»-дан төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» жiктемесi бойынша) немесе «Аа2»-ден төмен емес («Moody's Investors Service» жiктемесi бойынша) рейтингтiк баға алған шетел мемлекеттерiнiң бағалы қағаздары.
6. Агенттiк облигациялар, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары.
7. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының өзге де мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары.