"Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске
асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 164-ө өкімі
(ҚР Премьер-Министрінің 30.07.04 ж. № 213-ө өкімімен енгізілген
өзгерістерімен)
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
(Бұр. ред. қара)
1. Қоса берiліп отырған "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Мемлекеттік органдар тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметінiң бекітуiне енгiзсiн.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар екi ай мерзiмде "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiсті ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.
Премьер-Министр | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 2 маусымдағы
№ 164-ө өкімімен
бекітілген
ҚР Премьер-Министрінің 30.07.04 ж. № 213-ө өкімімен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске
асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесi
ҚР Премьер-Министрінің 30.07.04 ж. № 213-ө өкімімен тiзбе өзгертілді (бұр. ред. қара)
┌────┬────────────────────┬────────────┬───────────┬───────────────────┐
│ P/c│Нормативтік құқықтық│ Кесiмнiң │ Орындалу │Орындауға жауапты │
│ N │ кесiмнiң атауы │ нысаны │ мерзімі │ мемлекеттік │
│ │ │ │ │ орган │
├────┼────────────────────┼────────────┼───────────┼───────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │
├────┴────────────────────┴────────────┴───────────┴───────────────────┤
│ 1 Ішкі сауда ережесін Қазақстан 2004 жылғы ИСМ, АШМ, │
│ бекіту туралы Республикасы қыркүйек Қаржыминi, ДСМ, │
│ Үкіметінің МСА, ТМРА │
│ қаулысы (келісім бойынша) │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2 Шекара маңындағы Қазақстан 2004 жылғы ИСМ, СIМ, КБА, │
│ сауданы жүзеге асыру Республикасы қазан Қаржыминi, ҰҚК │
│ ережесін бекіту Үкіметінің (келісім бойынша), │
│ туралы қаулысы ДСМ, АШМ │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 3 ҚР Премьер-Министрінің 30.07.04 ж. № 213-ө өкімімен │
│ алып тасталды (бұр. ред. қара) │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 4 ҚР Премьер-Министрінің 30.07.04 ж. № 213-ө өкімімен │
│ алып тасталды (бұр. ред. қара) │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 5 Қазақстан Қазақстан 2004 жылғы ИСМ, АШМ, ДСМ, │
│ Республикасы Республикасы тамыз ТМРА (келісім │
│ Үкіметінің 2003 Үкіметінің бойынша), Қаржымині │
│ жылғы 5 ақпандағы қаулысы │
│ № 31 қаулысына │
│ өзгерістер мен │
│ толықтырулар енгізу │
│ туралы │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 6 Электрондық Қазақстан 2004 жылғы ИСМ, АБА, МСА, │
│ сауданы жүзеге Республикасы қыркүйек ҮБ (келісім │
│ асыру ережесін Үкіметінің бойынша), ККM, │
│ бекіту туралы қаулысы Қаржыминi │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 7 Желілік маркетинг, Қазақстан 2004 жылғы ИСМ, АБА, │
│ қоғамдық таратушы- Республикасы қазан Қаржыминi, ККМ, │
│ лар арқылы сауда Үкіметінің ДСМ │
│ орындарынан тыс қаулысы │
│ бөлшек сауда, │
│ почта және басқа │
│ да тәсілдермен │
│ сауда ережесін │
│ бекіту туралы │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 8 Сыртқы сауда Қазақстан 2004 жылғы ИСМ, КБА, ТМРА │
│ қызметiн тарифтiк Республикасы қазан (келісім бойынша), │
│ емес реттеу шарала- Үкіметінің СIМ, Қаржыминi │
│ рын қолдану ереже- қаулысы │
│ сiн бекіту туралы │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 9 Қазақстан Қазақстан 2004 жылғы ИСМ │
│ Республикасы Республикасы қыркүйек │
│ Үкіметінің 2002 Үкіметінің │
│ жылғы 12 қаулысы │
│ қыркүйектегі │
│ № 996 және 2002 │
│ жылғы 18 │
│ қарашадағы № 1220 │
│ қаулыларына │
│ өзгерістер мен │
│ толықтырулар енгізу │
│ туралы │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
ИСМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
КБА - Қазақстан Республикасының Кеден бақылау агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігi
ККМ - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі
ДCM - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
МСА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу агенттігі
АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржыминi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
ІІМ - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
СIМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi