Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетiнде
әскери кафедра құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
17 мамырдағы № 551 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әскери кафедрасын таратып, аталған оқу орнының қаражаты мен штат саны шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
3. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгіленетiн жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгіленетiн жоғары оқу орындарының тiзбесiнде:
"Университеттер" деген бөлiмде:
"Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi, Орал қаласы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Орал қаласы".
4. "Батыс Қазақстан мемлекеттік университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1249 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 428-құжат) 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |