5.1. Орман шаруашылығының нормативтiк-құқықтық базасын
жетiлдiру
Қазақстан Республикасының Орман кодексiн iске асыру мақсатында "Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесi" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы, сондай-ақ мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру жөніндегі негiзгi талаптарды айқындайтын уәкiлеттi органның бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдерi әзiрленетiн болады.
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясының жобасын әзiрлеп, онымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, соның iшiнде орманды аумақтардың қызметiн реттеу жоспарлануда.
5.2. Қоршаған ортаны қорғау және биологиялық
әртүрлiлiктi сақтау жөніндегі халықаралық
мiндеттемелер
Ормандарды мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында бiрқатар халықаралық жобалар iске асырылуда.
"Батыс Тянь-Шаньнiң биологиялық әртүрлiлiгін сақтау" туралы Ғаламдық Экологиялық Қордың жобасы Оңтүстiк Қазақстан облысында бiрегей биологиялық қауымдастықтарды күзетудi күшейтудi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейтудi көздейдi.
Жоба экологиялық жүйе көзқарасын пайдаланып күзетiлетiн аумақтардың интеграцияланған жүйесiн құру арқылы биологиялық әртүрлiлiктi сақтау саласындағы проблемаларды шешуге бағытталған. Қазақстан бөлiгiнде жобаның қолданылу аймағы учаскелерiне Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы және Батыс Тянь-Шаньнiң басқа да күзетілетiн аумақтары жатады.
Батыс Тянь-Шаньнiң күзетiлетiн аумақтарының тiкелей шегіндегi және одан тысқары жерлердегі құрып кету қатерi төнген (Қызыл кiтапқа енгізiлген) маңызды, бiрегей түрлердiң, қауымдастықтардың және экологиялық жүйелердiң жай-күйiнiң нашарлап кету көрсеткiшiн төмендету Қазақстанның ұзақ мерзiмдi экономикалық және әлеуметтiк дамуына осы жобаның қосатын үлесi болып табылады.
"Республика ормандарын сақтау және оның аумағының орманды алабын ұлғайту" атты толық көлемдi жобаны әзiрлеу үшiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi грант бөлдi. Толық көлемдi жоба үш облыста: Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында жүзеге асырылатын болады және орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттік жүйесiн жетiлдiруге, Ертіс өңiрiнiң орманды жалдарын және Қызылорда облысының шөлейт жерлеріндегі сексеуiл екпелерiн қалпына келтiруге бағытталған.
5.3. Ормандарды өрттерден және Қазақстан Республикасының
орман заңнамасын бұзушылықтан күзету, оларды
зиянкестер мен аурулардан қорғау
Ормандарды өрттерден және орман заңнамасын, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн пайдалану және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтан қорғауды мемлекеттік орман күзетiнiң қызметкерлерi және ерекше қорғалатын табиғи орман аумақтарының мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
Жаңа ерекше қорғалатын табиғи орман аумақтарының құрылуын ескере отырып, сондай-ақ ормандарды жерден күзетудi күшейту үшiн ерекше қорғалатын табиғи орман аумақтарының мемлекеттік инспекторларының штаты ұлғайтылды.
Орман өрттерiн бастапқы кезеңде байқау және оларды дер кезiнде оқшаулау мақсатында да ормандарды авиациямен күзету жүзеге асырылуда.
Ормандарды өрттерден және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтан күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау тиiмдiлігін арттырудың негізi осы бағыттардағы iс-шаралар кешенiн жүзеге асыратын жердегi және авиациялық қызметтердiң пәрмендi жүйесiн ұйымдастыру болып табылады.
Тиiмдiлiктi арттыру мыналардың есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады:
ормандарды жерден күзету қызметтерiнiң материалдық-техникалық базасын нормативтерге сәйкес осы заманғы өртке қарсы техникамен және жабдықтармен, күзет машиналарымен, байланыс құралдарымен, қызмет қаруымен және нысандық киiммен кезең-кезеңмен нығайту, мұның өзi ормандарды жерден күзетудi неғұрлым сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi;
мемлекеттік орман қоры аумағындағы жабылып қалған өртке қарсы объектiлердi (бақылау бекеттерi, өрт сөндiретiн су бөгендерi) қалпына келтiру;
ормандарды өртке қарсы жарақтандыру, соның iшiнде өртке қарсы жолақтар, жыртылған жер жиектерiн тарту және оларға күтiм жасау жөнiнде шаралар өткізу, орман шаруашылығы және өртке қарсы мақсаттағы жолдарды жөндеу, сондай-ақ негiзiнен биологиялық әдiстердi пайдаланып, ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғаудың белсендi тәсiлдерiн қолдану;
ормандардағы өрт қауiптілігінiң дәрежесiне байланысты авиациямен күзетудiң қажеттi жиiлiгiн қамтамасыз ету, өрт сөндiрушi-десантшылар санын көбейту;
биотехникалық шаралар жүргiзу.
Материалдық-техникалық базаны нығайту Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысымен бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Орман мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи орманды аумақтардың өртке қарсы жұмыстарды және ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі шараларды жүргізу үшiн өрт сөндiру машиналары, күзет машиналары, доңғалақты және шынжыр табанды тракторлар, өртке қарсы техника, тiркеме және аспалы құралдар сатып алынады.
2005-2006 жылдары кордондарға, өрт сөндiру-химиялық станцияларға және өрт қадағалау мұнараларына жөндеу жұмыстары жүргізiледі.
Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында өртке қарсы жолақтар мен жыртылған жер жиектерi тартылатын болады.
Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында 70 мың га, соның iшiнде 2004 жылы - 26 мың га, 2005 жылы - 23 мың га және 2006 жылы - 21 мың га алқапта, ерекше қорғалатын табиғи орманды аумақтарда 3,54 мың га, жыл сайын 1,18 мың га алқапта зиянкестермен күрестiң оларды құртып жiберу шаралары жүргiзiлетiн болады. Ормандарды өрттерден күзету тиiмдiлiгiн арттыру, оларды жедел түрде байқау және сөндiру үшiн авиациялық жұмыстар ормандардың бүкiл алқабында, өрт неғұрлым аздау қамтыған ормандарда - 5639 мың гектарда жүзеге асырылуға тиiс, бұл ретте авиациямен күзету ұзақтығы өрт қаупi бар маусымда 6803 сағат болуы керек.
Жыл сайын облыстық атқарушы органдардың қарауындағы орман мекемелерi мен ерекше қорғалатын табиғи орман аумақтары жануарлар мен құстар үшiн жем астауларын ұйымдастыру жолымен биотехникалық шаралар жүргiзетiн болады.
5.4. Ормандарды молықтыру және орман өсiру
Өсiп-өну сапасына тексеруден өткен тұқымдармен ормандарды молықтыруды жүзеге асыру ормандарды молықтыру мен орман өсiру жүйесiн жетiлдiруге, орман тұқымы шаруашылығына ғылыми жетiстiктердi енгізуге, ормандарды сенiмдi түрде молықтыруды және Қазақстан аумағының орман өскен жерлерiн кеңейтудi қамтамасыз ететiн отырғызу материалын өсiру мен орман дақылдарын алудың озық технологияларын қолдануға жәрдемдесетiн болады. Осы салада Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесi жұмыс iстейдi, 2004 жылы оған мекеменi және оның орман тұқымдарының бақылау станциясы үлгi зертханасының талаптарына сай келетiн зертханасын орналастыру үшiн үй-жай сатып алынады.
Ормандарды молықтыру және орман өсiру жөніндегі iс-шараларды сапасы жақсартылған тұқымның және отырғызу материалының қажеттi мөлшерiмен қамтамасыз ету үшiн селекциялық-генетикалық негiзде тұрақты орман дақылдары тұқымы базасын құру, сондай-ақ питомник шаруашылығын дамыту, отырғызу материалын өсiру жөніндегі озық технологияларды енгізуге кiрiсу қажет.
Ерекше қорғалатын табиғи орманды аумақтарда 51 га алқапта орман питомниктерi, сондай-ақ облыстық атқарушы органдардың қарауындағы орман мекемелеріндегі орман питомниктерi де қалпына келтiрiлетiн болады.
Ормандарды молықтыру орман дақылдарын себу және отырғызу, сондай-ақ ормандарды табиғи жолмен қалпына келтiру үшiн қолайлы жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылатын болады. Ормандарды табиғи жолмен қалпына келтiруге жәрдемдесу тұқымдардың өсiп-өнуiне жағдайлар жасау және ағаш кесiлетiн жерлердi қоршау мақсатында кеспе ағаштарды жоспарлау, жердi өңдеу кезiнде шаруашылық жағынан бағалы тұқымдардың өркендерi мен жас талдарын сақтау арқылы жүргiзiледi.
Питомниктерде орман дақылдарын себу және отырғызу материалын өсiру үшiн 140 мың кг, соның iшiнде 2004 жылы 40 мың кг, 2005 және 2006 жылдары 50 мың килограмнан орман тұқымдары жиналады. Ерекше қорғалатын табиғи орманды аумақтарда орман дақылдарын өсiру үшiн жыл сайын 2,2 мың килограмнан орман тұқымдары дайындалатын болады.
Орман дақылдарын отырғызу ең алдымен өртеңдер мен ағаш кесiлген жерлерде жүзеге асырылатын болады. Осындай алаптардың басым бөлiгi Ертіс өңiрiнiң орманды жалдарында, Қазақтың шағын адырлы қарағайлы ормандарында, сексеуiл ормандары өскен аймақта орналасқан.
Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында Бағдарламамен 81,09 мың га алқапта ормандарды молықтыру, соның iшiнде 42,31 мың га алқапта орман дақылдарын отырғызу жұмыстарын жүргiзу көзделген. Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыру көлемi облыстар бойынша 1-кестеде келтiрiлген.
1-кесте
мың га
Облыс | Ормандарды молықтыру, барлығы | о.і. себу және отырғызу |
| 2004ж. | 2005ж. | 2006ж. | 2004ж. | 2005ж. | 2006ж. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан | 0,51 0,18 1,90 0,22 0,03 4,15 0,10 0,05 0,45 3,51 0,00 0,08 7,00 2,60 | 0,66 0,18 2,40 0,4 0,03 5,10 0,10 0,05 0,92 3,51 0,00 0,04 9,38 5,40 | 0,68 0,18 2,90 0,50 0,03 6,70 0,10 0,05 0,92 3,51 0,00 0,04 10,33 6,20 | 0,25 0,18 1,20 0,07 0,03 4,15 0,10 0,05 0,20 3,51 0,00 0,08 0,01 1,10 | 0,34 0,18 1,50 0,1 0,03 5,10 0,10 0,05 0,65 3,51 0,00 0,04 0,01 2,90 | 0,35 0,18 1,70 0,15 0,3 6,70 0,10 0,05 0,65 3,51 0,00 0,04 0,01 3,40 |
Барлығы: | 20,78 | 28,17 | 32,14 | 10,93 | 14,51 | 16,87 |
Ертіс өңiрiнiң қарағайлы ормандарындағы өртеңдер мен ағашы кесiлген жерлерде ормандарды қалпына келтiру жөніндегі жұмыстарды мекемелер - "Семей орманы" және "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваттары жүргiзетiн болады.
Ормандарды молықтыру проблемасын шешу ормандарды молықтырудың табиғи және жасанды тәсiлдерiнiң ғылыми тұрғыда негiзделген ара-қатынасын белгiлеуден туындауға тиiс. Осы мақсаттарда 2004 жылы басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi өткізу кезiнде неғұрлым қатаң орман өсiру талаптарын белгiлеу бөлiгiнде оның жаңа ережесi әзiрленетiн болады.
Селекциялық орман орталықтары орман дақылы өндiрiсiн селекциялық негiзге көшiру және негiзгi орман құрайтын және интродукциялық тұқымдарының тұрақты орман тұқымы базасын құру жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
Орталықтардың ең жақын перспективаға негiзгi мiндеттерi:
олардың аумақтарындағы селекциялық-тұқым шаруашылығы объектiлерiн күзету және ұстау;
мұрагерлiк қасиеттерi жақсартылған орман дақылдарын алу үшiн селекциялық-бағалы отырғызу материалын өсiру;
жаңа селекциялық-тұқым объектiлерiн құру болып табылады.
Алға қойылған мiндеттердi орындау үшiн селекциялық-тұқым және селекциялық-зәузатқор мақсатындағы объектiлер құру, сондай-ақ Шренк шыршасының, қарағайдың, қайыңның, сексеуiлдiң, алма ағашының, балқарағайдың, майқарағайдың және басқа тұқымдардың уақытша орман тұқымы учаскелерiнiң негiзiн қалау мен олардың зәузатқорлық резерваттарын бөлу жоспарлануда, олардың көлемi 2-кестеде келтiрiлген.
2-кесте
N р/с | Объектiлердiң атауы | Жоспарланған көлемдер, га | оның iшiнде жылдар бойынша |
2004 | 2005 | 2006 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. 2. 3. 4. 5. 6. | Уақытша орман тұқымы учаскелерiнiң негiзiн қалау Тұрақты орман тұқымы учаскелерiнiң негiзiн қалау Тұрақты орман тұқымы плантацияларының негізiн қалау Шығымды екпелер ірiктеу Шығымды ағаштар iрiктеу, дана Зәузатқорлық резерватта бөлу | 7319 1739(623,2)* 40(57,2)* 1291(38,8)* 447(322)* 19162 (38125,0)* | 2457 614 5 488 145 3062 | 2439 579 10 510 174 11150 | 2423 546 25 293 128 4950 |
* Объектiлердiң 01.01.03 ж. есебі бойынша болуы
Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң қабылдануымен жекеше орман иелену құқығы туындайды, ол үшiн оны экономикалық жағынан көтермелеудiң көзделуi қажет. Осы мақсатта, егер жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметi ормандарды қалпына келтiруге және/немесе ағаш тұқымдарын плантацияда өсiруге бағытталатын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға несиелiк және өзге де жеңiлдiктер беру тетiгiн жасау жоспарлануда.
5.5. Орман орналастыру және жобалау-іздестіру жұмыстары
Орман қорының жай-күйi туралы ақпарат алу 10 жылдық тексеру кезеңiмен орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Аталған кезең орман шаруашылығын жоспарлау үшiн оңтайлы кезең болып табылады.
Орман орналастыру жұмыстарын жүзеге асыру кезiнде ормандарды түгендеудiң қашықтық әдiстерi мен компьютерлiк технологияларды қолдану бөлiгiнде оларды жүргiзу технологиялары жетiлдiрiлетiн болады. Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын ГИС-технологияларды енгізу үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу аса дәлме-дәл және дала жағдайында жұмыс iстеуге ыңғайлы жоспарлау-картографиялық материалын алуға мүмкiндiк бередi.
Орман өсiруге жарамды алаптарды және сүрек пен бұта тұқымдарының түр-түрiн iрiктеп алу, ормандарды қалпына келтiру және орман өсiру кезiнде орман дақылдарының шығымдылығын арттыру және отқа төзiмдi орман екпелерiн алу мәселелерi, сондай-ақ мемлекеттік орман қорын өртке қарсы жарақтандыру жобалау-смета құжаттамасының негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
5.6. Ерекше қорғалатын табиғи орманды аумақтар
Ерекше қорғалатын табиғи орманды аумақтар мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiру және оны ғылыми, мәдени-ағарту, оқу және өзге де мақсаттарда пайдалану үшін негiзгi база болып табылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастырудың 2030 жылға дейiнгі тұжырымдамасына сәйкес ерекше қорғалатын орман аумақтарының желiсiн одан әрі дамыту көзделуде.
Осы мақсаттарда 2004 жылы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы мен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркi құрылды. Алдағы уақытта ерекше қорғалатын орман аумақтары үшін алқаптар қалдыру жоспарлануда.
5.7. Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық
жасыл аймағы
Астана қаласының төңiрегiнде санитарлық-қорғаныштық аймақ құру жөніндегі жұмыстар одан әрі өрiстей түседi.
Мынадай іс-шаралар:
2005 жылға дейiн қала шекарасында 14,0 мың га алқапта және қала шетiндегі аймақта 11,0 мың га алқапта орманға жарамды учаскелерде екпелер, соның iшiнде 21,2 мың га алқапта жаңа орман отырғызу және 4,8 мың га алқапта өткен жылдардың ормандарын қайта жаңарту;
2006 жылы 25 мың га алқаптағы, соның iшiнде қала шегіндегі 14,6 мың га және Астана қаласының қала шегіндегi аймағында 10,4 мың алқаптағы екпелерге агротехникалық күтім жасау;
ағаш және бұта тұқымдарының аязға шыдамды, тұзға төзiмдi және жылдам өсетін түрлерi болатын отырғызу материалының түр-түрiн өсiру;
жылдам өсетiн ағаш тұқымдарын аудандастыру;
Астана қаласы шекарасында отырғызылған ағаштарды коммуналдық меншiкке беру көзделуде, ол:
бiрiншi жолғы әдіспен орман дақылдарын отырғызған кезде отырғызғаннан кейiнгі үшiншi жылы;
екінші жолғы әдiспен отырғызғаннан кейін үшіншi жылы қылқан жапырақты ағаш тұқымдарын қосып екiншi жолғы әдiспен орман дақылдарын отырғызған кезде жүзеге асырылады;
"Жасыл аймақ" PMК-ның материалдық-техникалық базасын арнайы орман шаруашылығы техникасымен және жабдықтарымен нығайту көзделуде.
2004-2006 жылдарға арналған жұмыстар көлемi, сондай-ақ жұмысшы кадрлары мен техникаға қажеттiлік 3 және 4-кестелерде келтiрiлген.
3-кесте
N р/с | Іc-шаралардың атауы | Өлшем бірлігі | Жылдар | Жиыны |
2004 | 2005 | 2006 |
| | | | | | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Жобалау-iздестiру мың га 15 0 0 15 жұмыстар млн. тг 31,2 0 0 31,2 2. Жердi пайдаланушылар. дың залалдарын өтеу млн. тг 45 0 0 45 3. Жер учаскелерін бөлу мың га 8 0 0 8 4. Отырғызу материалын млн. өсiру және сатып алу дана 8,3 8,9 2,8 20,0 5. Жылдам өсетін ағаш тұқымдарын аудандастыру млн. тг 0,5 0,5 0,5 1,5 6. Топырақты дайындау мың га 5,1 0 0 5,1 7. Орман екпелерін мың га 4,7 5,1 0 9,8 отырғызу оның iшiнде қайта жаңарту мың га 1,7 2,0 0 3,7 8. Агротехникалық күтім, мың га 19,9 25,0 25,0 69,9 оның iшiнде Астана қаласының әкімдігі мың гa 7,3 8,2 10,7 26,2 9. Орманды күтiп-баптау мың га 7,7 11,7 14,7 33,7 10. Орман екпелерiн Астана қаласының теңгерiмiне беру мың га 0,9 2,5 3,7 7,1 |
4-кесте