"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы № 134-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса берiлiп отырған "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгiзсiн;
2) екi ай мерзiмде "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабардар етсiн.
Премьер-Министр | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 5 мамырдағы
№ 134 өкімімен
бекітілген
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан
Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің
тiзбесi
P/c N | Нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауы | Орындалу мерзiмi | Орындауына жауапты мемлекеттік орган |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органды белгiлеу бөлiгiнде толықтырулар енгізу туралы | 2004 жылғы 15 маусымға дейiн | АШМ |
2 | Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бюджет қаражатын басқару жөніндегі агенттi анықтау және агент көрсеткен қызметтерге бюджет қаражатынан ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртібін белгiлеу туралы | 2004 жылғы 30 шiлдеге дейiн | АШМ, Қаржыминi, ЭБЖМ, ҚҚА (келісім бойынша) |
3 | Арнайы есеп-шоттағы ақшаны пайдалану тәртібі, сондай-ақ уақытша бос қаражатты депозитке орналастыру рәсiмi туралы | 2004 жылғы 30 шiлдеге дейiн | АШМ, Қаржыминi, ЭБЖМ, ҚҚA (келісім бойынша) |
4 | Агенттiң сақтандырушыға сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн бюджет қаражатынан өтеуiнiң тәртібі туралы | 2004 жылғы 30 шiлдеге дейiн | АШМ, Қаржыминi, ЭБЖМ, ҚҚA (келісім бойынша) |
5 | Агент пен сақтандырушының арасында жасасқан сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеудiң тәртібі мен шарттарының үлгiлi нысанын бекіту туралы | 2004 жылғы 30 шiлдеге дейiн | АШМ, Қаржыминi, ЭБЖМ, ҚҚА (келісім бойынша) |
6 | Өсiмдiк шаруашылығындағы өнiмдердiң түрлерi бойынша көлем бiрлiгiне шығындардың нормативтерiн бекіту туралы | Жыл сайын 30 шiлдеге дейiн | АШМ |