Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің «Республикалық оқушылар сарайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 481 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Республикалық оқушылар сарайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) «2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 197-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесiнде:
7-бағандағы «Республикалық оқушылар сарайы» деген сөздер «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |