Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Республикалық
оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта
атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 сәуірдегі N 481 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесінде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмнiң реттік нөмiрi 470-148-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"470-148. "Республикалық қосымша бiлiм
беру оқу-әдiстемелiк орталығы
қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмнiң реттiк нөмiрi 151-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"151. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы";
3) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 197-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
7-бағандағы "Республикалық оқушылар сарайы" деген сөздер "Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Peспубликасының
Премьер-Mинистрі | Д.К. Ахметов
|