Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі», Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Шымкент аудандық пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемелерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 404 қаулысы
(2014.27.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 289-11 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Арнаулы әскерлеріне арналған штат санының лимиті шегінде 25 бірлік штат санымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі», 25 бірлік штат санымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Шымкент аудандық пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын.
2. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 2014.27.06. № 707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |