Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ақтау аудандық пайдалану
бөлімі", Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Шымкент аудандық
пайдалану бөлімі" мемлекеттік мекемелерін құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 404 қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 289-11 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Арнаулы әскерлеріне арналған штат санының лимиті шегінде 25 бірлік штат санымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ақтау аудандық пайдалану бөлімі", 25 бірлік штат санымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Шымкент аудандық пайдалану бөлімі" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын.
2. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасына (құпия).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |