4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдарының, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық хабарларын таратуды дамыту болып табылады.
Бағдарламаның мынадай мiндеттерi айқындалған:
1) телерадио хабарларын тарату саласында мемлекеттік реттеудi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру;
2) Қазақстан Республикасы халқын "Қазақстан", "Хабар" телевизиялық және Қазақ радиосының бағдарламаларын қабылдауды кезең-кезеңiмен қамтуды қамтамасыз ету;
3) өңiрлiк теледидар және радиохабарларын таратуды дамыту;
4) Қазақстанның бейне саясатын iске асыру;
5) телевизиялық және радио бағдарламалардың техникалық сапасын арттыру;
6) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде телевизия және радио хабарларын тарату желiсiнiң тұрақтылығы талаптарын қамтамасыз ету;
7) телерадиокомпаниялардың хабар тарату желiсiн дамытуды ынталандыру;
8) көпбағдарламалы телевизия және радио хабарларын таратуды дамыту;
9) цифрлық телерадиохабарларын тарату жүйесiн құру;
10) телевизия және радио хабарларын тарату желiсi ұсынатын қызмет көрсетулер санын көбейту.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары
және іске асыру тетігі
Бағдарламаны тұтастай iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) уәкiлеттi орган мен телевизия және радио хабарларын тарату саласы субъектiлерiнiң өзара iс-қимылын реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
2) Қазақстан Республикасының халқын телевизиялық және радио бағдарламаларды эфирлiк қабылдаумен қамтуға жаңа телевизиялық және радио таратқыштарын пайдалануға енгізу жолымен кезең-кезеңiмен қол жеткізу;
3) өңiрлiк телевидение және радио хабарларын тарату желiлерiн дамыту үшiн радиожиілік спектрiн бөлу;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын халықты қазақстандық телевизиялық және радио бағдарламаларымен қамтуды арттыру, сондай-ақ тiлшiлер қосыны желiсiн кеңейту;
5) телерадио бағдарламаларды өндiру және трансляциялаудың техникалық стандартын әзiрлеу және бекіту;
6) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде телевизия және радио хабарларын тарату желiлерi жұмысын ұйымдастыру схемасын әзiрлеу және бекіту;
7) телерадиокомпанияларды әдiскерлiк қолдау;
8) көпбағдарламалы телевизия және радиохабарларды дамыту үшiн жағдайлар жасау: тiкелей спутниктiк, кабельдiк, эфирлiк-кабельдiк, эфирлiк цифрлық хабарлар тарату;
9) эфирлiк цифрлық телерадио хабарларын тарату жүйесiн пайдалану тәжiрибесiн ұйымдастыру және радиожиiлiк ресурсын бөлу;
10) телевизия және радио хабарларын тарату желiсiмен ұсынылатын мультимедиалық қызметтердi дамыту үшiн жағдайлар жасау.
Мемлекеттік реттеудi қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасындағы телевизия және радио хабарларын таратудың тиiмдi жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін:
телевидение және радио саласы субъектiлерiнiң телевизия және радиобағдарламаларын жасау және тарату процесіндегі қатынастарын реттейтiн, сондай-ақ телевизия және радио хабарларын тарату желiсiнiң техникалық пайдалану және субъектiлер қызметiн лицензиялау бөлiгiне қатысты қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесімдерді жетiлдiру;
телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын эфирлiк трансляциялаудың жерүстi желiсi үшiн, соның iшiнде цифрлық телерадио хабарларын тарату үшiн жиiлiк-аумақтық жоспарлар әзiрлеу;
DVB-T стандартындағы цифрлық телевизия және радио хабарларын таратуды енгізу жөніндегі ұсынымдар әзiрлеу.
Қазақстан Республикасының халқын телевизия және радио
бағдарламаларды эфирлiк қабылдаумен қамтуды кезең-кезеңiмен арттыру
Халықты телевизия және радио бағдарламаларымен қамту аймағын кеңейту телевидение және радио мүлдем жоқ елдi мекендер пункттерiнде қуаттылығы аз таратқыш құрылғылар мен спутниктiк телевидениенiң қабылдау жүйесiнiң көмегiмен жүзеге асыру көзделедi.
Беру желiсiн жаңғырту және кеңейту халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықтарды пайдалану арқылы жаңа технологиялар базасында жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте республика халқын телевизия хабарларын таратумен кезең-кезеңiмен қамтуды арттыру негiзiнен ауылдық аудандарда қосымша телевизиялық таратқыштарды орнату жолымен жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасы төмен және халқының бiркелкi емес тығыздығы және оның үлкен аумақта шоғырлануы қуаттылығы аз телерадиотаратқыштарды пайдалану және қолданыстағы қуаттылықтарды қайта қарау қажеттiлiгiмен түсiндiрiледi.
Таяудағы жылдар iшiнде бес жүзге жуық қуаттылығы аз телерадио таратқыштар ауыстырылатын болады.
Бұдан көрiне отырып, Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын таратуға арналған техникалық құралдарды өндiруден тәжiрибесi бар кәсiпорындар негiзiнде осындай үлгiдегi жабдықтарды жаппай шығаруды кеңейту және қайта қалпына келтiру мүмкiншiлiгiн қарастыру қажет. Отандық өндiрiстi ұйымдастыру телерадиотаратқыштардың өзiндiк құнын азайтуға, сервистiк қызмет көрсетуге кететiн шығыстарды қысқартуға, қосымша еңбек рыногын жасауға мүмкiндiк бередi.
Радио хабарларын таратуды дамытудағы әлемдiк үрдiстердi есепке ала отырып елдi-мекендердi одан әрi қамтуды ұлғайту стереодыбыстық режимде FM өрiсіндегі радио тарату қондырғыларымен жүзеге асырылатын болады.
Халықты телевизия және радио бағдарламаларымен кезең-кезеңiмен қамтуға қол жеткізу эфирлiк-кабельдiк және кабельдiк телевидение және радио хабарларын тарату желiсiн одан әрi дамыту жолымен көзделедi. Кабельдiк телевидение және радио хабарларын таратудың қайтадан құрылатын желiсi байланыстың талшықты-оптикалық торабын пайдалану арқылы қазiргi заманғы технологиялар негiзiнде құрылады. Кабельдiк телевидение және радио хабарларын тарату желiлерi бойынша кемiнде 30-ға жуық теледидар арналарының бағдарламаларын, стереодыбыстық радио хабарларын тарату бағдарламаларын, сондай-ақ мультимедиа қызметтерiн трансляциялау жоспарлануда. 2004-2006 жылдар кезеңiнде кабельдiк телерадио хабарларын тарату желiлерiн дамыту операторлардың өз қаражаттарын тарту есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Радио бағдарламаларды бұрын сымдық тарату желiлерi арқылы қабылдап келген елдi мекендер пункттерi радио бағдарламаларымен қамтуды эфирлiк таратқыштарды орнату жолымен қамтамасыз ету радиохабарлардың ескiрген сымдық тарату жүйесiнен бiртiндеп бас тартуға мүмкiндiк бередi.
Мұндай бетбұрыстың қажеттiгi сымдық радио хабарларын қабылдағыш өндiрiсiнiң тоқтатылуымен, сондай-ақ жаңадан салынған тұрғын үйлерде пәтерiшiлiк тармақтаудың жоқтығына байланысты.
Радиохабарларын таратудың сымдық тарату жүйесiнiң сақталып қалған материалдық-техникалық базасы заңнамада белгiленген тәртiппен кабельдiк теледидар нұсқасы бойынша хабар таратуды ұйымдастыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
Ақпараттық кеңiстiкте мемлекет мүддесiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының ауыл халқын кезең-кезеңiмен мемлекеттік тапсырыстағы телевизиялық және радио бағдарламалармен 2004 жылы орташа тәулiктiк көлемi "Қазақстан"-13 сағат, "Хабар"-16 сағат және Қазақ радиосы бағдарламаларымен-20 сағат толығымен қамтуды қамтамасыз ету жоспарланады.
Өңiрлік теледидар мен радионы дамыту
Өңiрлiк телерадио хабарларын тарату желiсiн құру тиiстi радиожиiлiк ресурстарын бөлу, облыс орталықтарында жерүстi қабылдау-жеткізушi спутниктiк станциялар құрылысын салу және байланыстың талшықтық-оптикалық торабын пайдалану жолымен қамтамасыз етіледi.
Қазiргi уақытта "Кателко" АҚ күшiмен облыстар әкiмдiктерiнiң ықпал етуiмен Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жерүстi қабылдау-жеткізушi спутниктiк станцияларының құрылысы бойынша жобалар қазiрдiң өзiнде жүзеге асырылды. 2004 жылдың басында Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында қабылдау-жеткізушi спутниктiк станцияларды пайдалануға беру көзделуде.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде телевизиялық бағдарламаларды
қабылдауды қамтуды кеңейту есебiнен Қазақстанның бейне саясатын iске
асыру
Қазақстанның бейне саясатын iске асыру мақсатында "Хабар" агенттiгi" АҚ-тың 2002 жылғы қазанда iске асырған жобасы, "CaspioNet" телевизиялық бағдарламасының таралу ауқымын кеңейту қажет. Жаңа телеарнаның ықтимал көрермендерi 93 миллионға жуық адам болды. "CaspioNet" үш тiлде: ағылшын, қазақ және орыс тiлдеріндегі сағаттық блоктармен тәулiк бойы ақпараттық хабар таратуды жүзеге асырады, оның басты мiндетi - неғұрлым тұрақты дамуы бар, тұрақты саяси жүйесi бар, қолайлы инвестициялық климаты мен өзiндiк көпұлтты мәдениетi бар тәуелсiз көпэтникалық мемлекет Қазақстан туралы барынша толық және объективтi мәлiмет беру. "CaspioNet" телевизиялық бағдарламасын тарату көп тiлдi дыбыстармен, ең алдымен қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттiң бейнелiк саясатында сыртқы саяси оқиғалар туралы жедел хабарламалар ерекше роль атқарады. Қазақстан бойынша және шетелдерде жұмыс жасап жатқан тiлшiлер қосыны ақпараттың перспективалық қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыра алмайды. "Хабар" агенттiгi" ЖАҚ-тың өз қаражаты есебiнен Вашингтонда, Лондонда, Анкарада және Сеулде жаңа тiлшiлер қосынының ашылуы осы маңызды әрi қызықты өңiрлерден өзiндiк объективтi және жедел ақпаратты алуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы ақпараттық технологиялардың көшбасшысы болуға деген ұмтылысын дәлелдей түседi.
Телевизия және радио хабарларының таратылатын бағдарламаларының
техникалық сапасын жақсарту
Телевизия және радио сигналдарды трансляциялаудың техникалық сапасын жақсарту үшiн, телевизиялық сигналдардың соған ұқсас қалыптастырғыштарын ауыстыру арқылы хабар таратудың жаңа цифрлық технологияларға ауыстыру мүмкiндiгiмен, ең алдымен қалған лампалық телевизиялық және радиотаратқыштарды қатты денелерге жаңғырту талап етiледi.
Телевизия және радионың қолданыстағы моральдық және физикалық жағынан ескiрген лампалық таратқыштар паркiн жаңғырту қажеттiгi тұтыну қуаттылығының мол болуынан, пайдалы iс-әрекет коэффициентiнiң төмен, автоматтандыру деңгейiнiң әлсiз, оларға қызмет көрсетуге кететiн көп еңбек шығындары, сондай-ақ үлкен көлемдi болуынан туындады.
Лампалықты ауыстыру үшiн қолданылатын модульдiк қағидат бойынша құрылған үлкен интегралдық микрожинау және далалық радиоқабылдағыштарды пайдалану арқылы қазiргi заманғы элементтiк базада жасалған қатты денелi таратқыштар бұл жүйенiң сенiмдiлiгiн арттырады.
Хабар тарату сенiмдiлiгiн, жоғары сапасын және республика халқының талап етiп отырған ауқымын қамтамасыз ету үшiн ескiрген антенна паркiн қазiргi заманғы, экономикалық жағынан үнемдi, жетiлдiрiлген сипаттамалары бар антенналарға ауыстыруды жүргiзу қажет.
Телевизия және радио хабарларын таратуды позитивтi дамытудың маңызды факторы хабар тарату өндiрiсi көлемiнiң өсуi, бағдарламалармен қамтылуы, арнаның орнықты көрермендер аудиториясының қалыптасуы болып табылады.
Телерадио бағдарламалардың шығармашылық та, сол сияқты техникалық жағынан да сапасын жақсарту қазiргi заманғы цифрлық Betacam-SP, Betacam-SX, Digital-Betacam, DVC-PRO форматтарындағы телевизиялық және радионың студиялық жабдықтарын пайдалану есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Белгiленген тақырыптық бағыттарға сәйкес қазақ және орыс тiлдерiне аудару, сондай-ақ субтитр беру жолымен дубляждық өнiмдер өндiрiсiн дамыту жалғасуда.
Сонымен бiрге мәдени-тарихи құндылықты бiлдiретiн аудио және бейне материалдарды сақтау туралы мәселе өткiр қойылып отыр. Бұл үшiн аудио және бейне өнiмдi мұрағаттаудың цифрлық технологияларын енгізу қажет.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде
телевизия және радио хабарларын тарату желiсiнiң жұмысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының халқын ақпараттандыруды сақтау және жетiлдiру сақтау мақсатында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде радио- және телевизия хабарларын тарату желiсiнiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету қажет.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының радио- және телевизия хабарларын тарату желiсiне қойылатын негiзгi талаптар:
төтенше жағдайлар туындағанда болжалдар, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы жариялылық және халықты әрi ұйымдарды хабардар ету;
төтенше жағдайлар кезiнде сигналдарды негiзгi және запастағы пункттерден радиотелевизиялық беру станцияларына және сымдық хабар тарату тораптарына берудi қамтамасыз ету;
электр байланысының бүлiнген арналарын алмастыратын телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын берудiң уақытша арналарын және арнайы ұтқыр репортаждық жерүстi спутниктiк станцияларды пайдалану арқылы оқиға болған жерлерден жедел репортаждар беру үшiн керi арналар ұйымдастыру болып табылады.
Төтенше жағдайлар кезiнде радиотелевизиялық хабарларды тарату желiсiнiң орнықты жұмысын қамтамасыз ету үшiн резервтегi арна бойынша барлық қуатты радиотелевизия жеткізушi станцияларына (барлық телевизиялық және радиотаратқыштарға) және сымдық хабар тарату желiлерiне ең кемi бiр телевидение және радио хабарын тарату бағдарламасын жеткізу мәселесiн қарастыру қажет.
Телевизия және радио хабарларын тарату саласы
субъектілерiн қолдау
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңдарына сәйкес телевизия және радио хабарларын таратудың мемлекеттік тiлдегi үлесi басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауы тиiс.
Телевизия және радио хабарларын тарату саласы субъектiлерiнiң хабар таратудың жалпы көлеміндегі тiлдiк қатынас бойынша қазақстандық заңнаманың негiзгi ережелерiн соңғы сақтау бөлiгiнде қолдау мақсатында жыл сайын мемлекеттік тiлдегi телевизия және радио бағдарламаларды өндiруге ашық конкурс өткізу жолымен мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспараланады.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган телерадиокомпанияларды мемлекеттік тiлдегi бейне өнiмдермен қамтамасыз ету жөнiндегі жұмысты тұрақты жүргiзетiн болады.
Цифрлық теледидар мен радионы енгізу
Жиiлiк спектрiнiң тығыздығы телерадио хабарларының дамуын едәуiр тежейдi, мұны шешу Қазақстан Республикасының аумағына цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу кезiнде мүмкiн болады. Цифрлық телерадио хабарларын тарату халықтың басым бөлiгiне цифрлық стандарттарға негiзделген хабар жазып алудың, қайта шығарудың, ақпаратты өңдеудiң және берудiң озық әдiстерi үлкен перспективаға жол ашады және мұнсыз ақпараттық кеңiстiктi толыққанды толықтыру мүмкiн емес.
Цифрлық телерадио хабарларын таратудың артықшылығы:
телерадио хабарларын таратудың цифрлық желiсiнiң әр абонентi жеткізушi орталықтың қабылдау және алыстығы шартына тәуелдi болмай, цифрлық сапамен сигналдарды бөлмедегi антеннамен қабылдау мүмкiндiгiне ие болады;
ұқсас нұсқада да пайдаланылатын жиiлiк белдеуiнiң сол енiнде бағдарламаның санынан бiрнеше есе көп трансляциялау есебiнен шектеулi жиiлiк ресурсын барынша тиiмдi пайдалану мақсатында көпбағдарламалы хабар таратуды ұйымдастыру;
телевизия және радио бағдарламалардың қабылдау сапасын арттыру;
бiр бейнекөрiнiстi 4-5 тiлде беру мүмкiндiгi;
цифрлық пакетпен бiрге көп мөлшерде iлеспе ақпараттар беру мүмкiндiгi (телемәтiн, интернет, бағдарламалық жолбасшы және басқалар) мультимедиа қызметтерiн көрсетуге мүмкiндiк беретiн интерактивтiлiктi енгізу.
Телевизиялық және радиохабарларын тарату желiсiне цифрлық технологияларды енгізу бұқаралық ақпарат құралдарын техникалық дамытудағы жаңа кезеңдi бiлдiредi және қабылдағыштардың барлық паркiн дерлiк ауыстыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы аумағындағы телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын трансляциялау желiсiне цифрлық технологияларды қолдану тәжiрибе аймақтарында жүргiзiлген сынақтардың нәтижелерi жан-жақты зерделегеннен және талдағаннан кейiн жүзеге асырылатын болады.
Жерүстi цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу үшiн цифрлық желiлер құруға арналған радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың негiзгi ережелерiн анықтау бөлiгiне ұсынымдар әзiрлеу қажет, олар перспективада қолданыстағы ұқсас нұсқаларды алмастыруға тиiс. Бұл ретте аздаған жаңғыртумен цифрлық телерадио хабарларын таратуға ауысуға мүмкiндiк беретiн ұқсас жабдықтарды пайдалану көзделедi.
Қазақстан Республикасында эфирлiк цифрлық телевидениенi енгізу қолданыстағы ұқсас нұсқалы телевидениемен қатар кезең-кезеңiмен iске асырылатын болады. 2005-2006 жылдары телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын эфирлiк трансляциялау желiсiнде DVB-T стандартындағы цифрлық телевидениенің тәжiрибе аймағы құрылуға тиiс, ал қабылдау аппаратының қымбаттылығына байланысты оны коммерциялық пайдалану басталады. Цифрлық телевизия хабарларын таратуда қабылдағыш ретінде абоненттiк қосымшасы (set-toр-box) бар ұқсас теледидарлар және цифрлық теледидарлар пайдаланылады.
6. Қажетті ресурстар және оларды
қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет, радио- және телевизия хабарларын тарату желiсi субъектiлерiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаның 2004-2006 жылдарға арналған іс-шараларын iске асыруға болжалған шығыстар 18605926 мың теңгені құрайды, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен: 2004 жылы - 4884511 мың теңге, 2005 жылы - 5128737 мың теңге, 2006 жылы - 5359530 мың теңге.
2005-2006 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемi Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" тиiстi қаржы жылына арналған Заңына сәйкес анықталады (нақтыланады).
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
1) телерадио хабарларын тарату саласында қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер жетiлдiрiледi;
2) телевизия және радио хабарларын тарату бағдарламаларының сапасы және тартымдылығы арттырылады;
3) "Хабар" тәулiктiк хабар тарату көлемi - 15 сағатқа дейiн, "Қазақстан" - 20 сағатқа дейiн және Қазақ радиосы 24 сағатқа дейін ұлғайтылады;
4) телевизия және радио хабарларын тарату бағдарламаларының ТМД елдерiне және алыс шетелдерге шығу үшiн қолайлы жағдайлар жасалады және осы мемлекеттердiң халқына Қазақстанның қоғамдық-саяси, мәдени-экономикалық өмiрi туралы объективті ақпаратты жеткізу қамтамасыз етiледi;
5) елдi-мекендер "Хабар" телевизиялық бағдарламаларымен 98%-ға дейiн және "Қазақстан" - 96%-ға дейiн, сондай-ақ Қазақ радиосының бағдарамасын - 90%-ға дейiн кезең-кезеңiмен қамтуға қол жеткізу қамтамасыз етiледi;
6) телевизия және радио бағдарламаларды эфирлiк трансляциялау желісін жаңғырту аяқталады, бұл оны ұстауға арналған шығындарды азайтуға мүмкіндік бередi;
7) 2005 жылы цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуды тәжiрибелiк пайдалану басталады;
8) отандық қуаттылығы аз телевизия және радиотаратқыштардың өндiрiсi кеңейтiледi;
9) қуаттылығы аз 500 телерадиотаратқыштарды ауыстыру жүргiзiледi.
8. Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 891 (бұр. ред. қара); 2006.06.01. № 21 (бұр.ред.қара) қаулыларымен жоспар өзгертілді
Р/с N | Iс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орында- лу мерзімі | Болжалды шығыстар, мың.теңге | Қаржылан- дыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Ұйымдастыру шаралары |
1.1. Цифрлық Үкімет- Ақпарат- 2004 Талап форматтағы ке мин, жылғы етіл- көпбағдарла- ұсыныс АБА 4 мейді ламалы хабар- тоқсан лар таратуды ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу |
1.2 ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 21 қаулысымен(бұр.ред.қара) алып тасталды |
1.3 ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 21 қаулысымен(бұр.ред.қара) алып тасталды |
1.4. Табиғи, Бірлескен МАСМ 2005 Талап техногендiк бұйрық АБА, жылғы етіл- сипаттағы ТЖМ 4 мейді төтенше тоқсан жағдайлардың шарттары үшін хабар тарату схемасын әзірлеу |
2. Құқықтық реттеу |
2.1. Ақпаратминi Бірлескен Ақпарат- 2005 Талап жанынан бұйрық мині, жылғы етіл- ведомство- БҒМ 1 мейді аралық тоқсан ғылыми-тех- никалық кеңес құру |
2.2 ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 21 қаулысымен(бұр.ред.қара) алып тасталды |
2.3. Телевизия Норматив- МАСМ 2005 Талап және/немесе тiк жылғы етіл- радио құқықтық 4 мейді хабарларын кесімнің тоқсан таратуды жобасы ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары |
3. Техникалық iс-шаралар |
3.1. Радионың ?кімет- МАСМ Жыл 27 434 "Қазақстан" мемлекеттік ке АБА сайын мың. теңге РТРК" АҚ бағдарлама- ақпарат 2, 4 2004 ж.- өз қаража- ларының тоқсан 10000 ты есебі- стереохабар 2005 ж.- нен тарату 10000 режиміндегі 2006 ж.- FM өрісінде 7434 өту |
3.2. Цифрлық ?кімет- МАСМ 2006 102772 "Қазтеле. эфирлiк ке жылғы мың.теңге радио" ЖАҚ телевидение ақпарат 4 және пайдаланудың тоқсан "Кателко" коммерциялық ЖАҚ өз желiсiн құру қаражаты есебiнен |
3.3. Өңiрлiк Yкімет- МАСМ Жыл 3082883 "Кателко" телевидение- ке сайын мың.теңге ЖАҚ өз нiң және ақпарат 4 2004 ж.- қаражаты радионың тоқсан 866234 есебінен желiсiн құру 2005 ж.- 918102 2006 ж.- 1 298547 |
3.4. "Хабар", Yкімет- МАСМ Жыл 15372777 республика- "Қазақстан" ке сайын мың.теңге лық телевизиялық ақпарат 1 2004ж.- бюджеттен бағдарлама- тоқсан 4884511 ларын, 2005ж.- сондай-ақ 5128737 Қазақ 2006ж.- радиосының 5359530 бағдарлама. ларын өндiру және тарату |
3.5. "Хабар" Yкімет- МАСМ Жыл * іс-шара- Республика- телевизиялық ке сайын ларды лық бюджет- бағдарлама- ақпарат 4 қаржылан- тен сын қабыл- тоқсан дыру дауды "Қазақстан республика Республи- халқын касының кезең-кезе- ауылдық ңiмен аумақтарын қамтуды дамытудың қамтамасыз 2004-2006 ету жылдарға |
3.6 "Қазақстан" Yкімет- МАСМ Жыл арналған Республи- телевизия- ке сайын мемлекет- калық сының ақпарат 4 тік бағ- бюджеттен бағдарлама- тоқсан дарламасы" сын қабыл- ауқымында дауды жүзеге республика асырылады- халқын кезең-кезе- ңiмен қамтуды қамтамасыз ету |
3.7. Қазақ радио- Yкімет- МАСМ Жыл Республи- сының ке АБА сайын калық бағдарлама- ақпарат 4 бюджеттен сын қабыл- тоқсан дауды республика халқын кезең-кезе- ңiмен қамтуды қамтамасыз eту |
3.8. (CaspioNet) Yкімет- МАСМ Жыл Iс-шара- Республика- спутниктiк ке сайын ларды лық телеарнасы- есеп беру СІМ 1 қаржылан- бюджеттен ның жұмысын тоқсан дыру ұйымдастыру- "Шетелдер- ды қамтама- де тұратын сыз ету отан- дастарды қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарла- масы" шеңберiнде жүзеге асырылады. |
3.9. "Шалқар" Yкімет- МАСМ Жыл 20 060 "Қазақстан" радиосы ке АБА сайын мың-теңге РТРК" АҚ бағдарлама- ақпарат 4 2004 ж.- және "Қаз- сының желi- сайын 5 000 телерадио" сiн кеңейту 2005 ж.- ЖАҚ өз 5 000 қаражаты 2006 ж.- есебінен 10060 |
3.10 Телевизия Норматив- АБА, 2004 Талап және радио тiк Ақпарат- жылғы етіл- бағдарла- кесімнің мині, 4 мейді маларын жобасы Қорғаныс- тоқсан эфирлiк мині трансляция- лаудың жерүсті желiсi үшiн, оның ішінде цифрлық телерадио хабарларын таратудың жиілiк- аумақтық жоспарын әзiрлеу |