«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы № 21 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 16, 209-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Бағдарламаның іске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есімовке жүктелсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
реттік нөмірлері 1.2, 1.3 және 2.2-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 1.4-жолда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "Ақпаратмині" деген сөз және "ТЖА" деген аббревиатура тиісінше "МАСМ" және "ТЖМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"2.3 Теледидар және/немесе радио Норма- МАСМ 2005 Талап
хабарларын таратуды тивтік жылғы етіл-
ұйымдастыру жөніндегі құқық- 4- мейдi
қызметті лицензиялау кезінде тық тоқсан
қойылатын біліктілік кесімнің
талаптары жобасы ";
реттік нөмірлері 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7, 3.8 және 3.9-жолдарда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "Ақпаратмині" деген сөз "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертудің 2-тармағының бірінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;";
"ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |