Қазақстан Республикасының өлшем бірлігiн қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 321 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет, 10 қаңтарға және 10 шiлдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 16 наурыздағы № 321 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
Астана қаласы, 2004 жыл
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігiн қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің
мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен паспорт өзгертілді (бұр ред. қара)
Атауы Қазақстан Республикасының өлшем бiрлігiн қамтамасыз
ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 5
әзірлеу үшін қыркүйектегi N 903 қаулысымен
негіздеме бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының
2.3-тармағы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
негiзгi министрлігі
әзiрлеушi
Бағдарламаның Бағдарламаның мақсаты экономика салаларының өлшем
мақсаты бірліктi қамтамасыз етуде қажеттілiктерiн неғұрлым
толық қанағаттандыруға, өлшем бiрлікті қамтамасыз
ету мемлекеттік жүйесiнің негiздерiн дамытуға
бағытталған Қазақстан Республикасының шамалар
бірліктерінің эталондық базасын жоспарлы құру және
жетілдiру болып табылады
Бағдарламаның Эталондық базаның, өлшем бірлігін қамтамасыз ету
негiзгi мемлекеттік жүйесiнiң негiздерi жай-күйiнiң
мiндеттерi проблемаларын айқындау;
эталондық базаны, уақыт пен жиілiктiң эталонын
ұстау, сақтау шарттарын қамтамасыз ету;
мемлекеттік эталондарды халықаралық салыстыруларды
қолдану және жүргiзу
Қаржыландыру Бағдарлама республикалық бюджет қаражатынан
көзi қаржыландырылады 2004 жылға - 455,0 млн. теңге,
2005 жылға - 1692,14 млн. теңге, 2006 жылға - 1170,652 млн. теңге
Бағдарламаны Бағдарламаны iске асыру қажеттi деңгейдегi
iске асырудан эталондық базаны құруға, өлшемнiң дәлдігі мен
күтілетін шынайылығын арттыруға, өлшеу техникасын жетілдiруге,
нәтижелер экономиканың өсуiне және сауданың дамуына ықпал
етедi
Iске асыру 2004-2006 жылдар
мерзiмi
2. Кіріспе
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына (2.3-тармақ) сәйкес әзірлендi. Бағдарлама "Қазақстан Республикасының шамалар бірліктерiнiң эталондық базасын дамытудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 10 мамырдағы № 614 қаулысымен бұрын бекітілген Қазақстан Республикасының шамалар бірліктерiнiң эталондық базасын дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасын жалғастырушы болып табылады.
Бағдарлама метрологиялық қамтамасыз етуде, дәлдiгi жоғары өлшеуші техниканың дамуында республика ғылымының, техникасының және өнеркәсiбiнiң қазiргi заманғы және перспективалы қажеттіліктерiн талдаудың негiзiнде жасалды.
Оны әзiрлеу кезiнде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясына сәйкес республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары мен мақсаттары, ұлттық экономиканың әлемдiк экономикалық қауымдастықпен ықпалдасуына байланысты мәселелерді шешудің қажеттілігі ескерiлдi.
Бағдарлама 3 жылға есептелген және республикада өлшемдердің бірлігi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету және өлшемдердің ұлттық жүйесiн халықаралық талаптарға бейiмдеу мақсатында ұлттық эталондық базаны дамыту мен жетiлдiру жөніндегі негiзгi мiндеттердi қамтиды.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Даму деңгейi тұтастай экономика дамуының деңгейiн айқындайтын ұлттық эталондық база республикадағы өлшем бірліктi қамтамасыз етудiң техникалық негiзi болып табылады.
Осы өлшем саласында қол жеткiзілген, шама бірлігiн ең жоғарғы дәлдiкпен жаңғыртатын және (немесе) сақтайтын және олардың мөлшерін бағынышты эталондарға және жұмысшы өлшем құралдарына беретін мемлекеттік бастапқы эталондардың кешенi елдiң эталондық базасының ең жоғарғы буыны болып табылады.
1999-2003 жылдарға арналған ұқсас бағдарламаларды iске асыру пайдаланымға жаңа эталондарды енгізуге, эталондар қатарын жаңғыртуға, өлшенетiн шамалардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік бердi.
70-80 жылдарда құрылған және оңтүстiк өңірде шоғырланған қазiргi уақытта бар мемлекеттік эталондар моральдық және техникалық тұрғыдан ескiрген және олардың метрологиялық сипаттамалары ел үшiн бастапқы өлшем құралдарына қойылатын талаптарға жауап бермейді.
Бұдан басқа, алдыңғы қатарлы шет елдердің эталондарымен салыстырғанда ұлттық эталондардың ғылыми-техникалық деңгейiнiң төмендеу үрдiсi де бар.
Мемлекеттік эталондардың ғылыми-техникалық деңгейi олардың ұлттық эталондарды бара-барлығын және жүргiзілетiн өлшемдердiң дұрыстығын танудың заңды негiзін құрайтын шет елдердің ұлттық эталондарымен халықаралық салыстырудың терiс нәтижелерiне алып келедi.
Бұдан басқа, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiне жататын бiрқатар бастапқы эталондар, сондай-ақ жұмысшы өлшем құралдары тиiстi мемлекеттік эталондардың болмауына байланысты салыстырып тексеруге республикадан тысқары әкетіледi (Ресейге, Украинаға). Жыл сайын әртүрлі өлшем құралдарының 30-дан астамы, оның iшiнде газдардың ылғалдылығын анықтауға арналған гигрометрлер, сынап буларының газ талдауыштары және басқалары оларды салыстырып тексеру үшiн республикадан тысқары әкетiледi. Эталондық материалдардың болмауына байланысты газ талдауыштары, астық дымқыл өлшеуiштердi, полярографтарды, хроматографтарды және басқа да өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезiнде қиындықтар туындайды, эталондық материалдар Ресейден сатып алынады.
Бұл жағдай отандық өнімнің әлемдiк рынокқа шығуын айтарлықтай дәрежеде тежейді, республиканың өзiнiң бастапқы эталондарын және жұмысшы өлшем құралдарын салыстырып тексеруге мәжбүр басқа елдерге техникалық және экономикалық тәуелдiлiгiн туғызады.
Әсiресе бұл метрологиялық қамтамасыз етуi тиiстi деңгейде емес отын-энергетикалық кешен, мұнай-газ өндiрушi өнеркәсіп, сондай-ақ машина жасау салалары, тамақ өнеркәсiбi, телекоммуникациялар сияқты экономиканың қарқынды дамушы салаларына қатысты болады.
Осыған байланысты, экономика салаларының перспективалық қажеттілiктерiн қамтамасыз ету үшін жаңа эталондарды құру және қолда барын жаңғырту эталондық базаның дамуының басым бағыттары болып табылады.
3.1 Машина жасау, аспап жасау, металлургия және басқа өндірістiк салалар
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында машина жасаудың және аспап жасаудың жекелеген түрлерi үшiн металл өңдеуге арналған станоктар, сүйреу стандары, мұнай-газ өндiрушi жабдықтар және басқалары сияқты өнiмдерді ұйымдастыру және шығару оларды әрi қарай дамытудың орындылығына байланысты басымдықты болып табылады. Мұндай өндiрiстердi жүзеге асыру кезінде геометриялық шамалардың өлшем құралдарының айтарлықтай саны пайдаланылады: сыртқы және iшкi мөлшерді, күрделi жұмысшы тыстардың параметрлерін, түзу сызықтан және жалпақтықтан ауытқуды өлшеу. Қазiргi уақытта ұзындықты өлшеу аспаптарын жөнге келтіру және калибрлеу үшін пайдаланылатын 2 санатты ұзындықтың аяқталу шамалары салыстырып тексеру үшiн республикадан тысқары әкетiледi.
Микропроцессорлық техника мен технологияның дамуына байланысты электр шамаларын өлшеу дәлдігiн арттыруды талап ететiн аса кіші ұзындықтарды цифрлы-ұқсас дабылдарды дәл өлшеу болмай отыр.
Республикада экологиялық мониторинг үшiн радиолокациялық және навигациялық жүйелерде, жоғары жиiлiкті радио байланысында, электромагниттi сәуле шығаруды бақылау аппаратурасында микросызбалардың, транзисторлардың, диодтардың параметрлерiн бақылау үшін пайдаланылатын аспаптарды калибрлеуге арналған жағдай жоқ.
Металлургияда және басқа да қайта өңдеу салаларында жүйелер, оның ішiнде температураны қашықтықтан анықтайтын пирометрлер кең қолданылады. Республикада пирометрия саласындағы метрологиялық база бірнеше эталондық пирометрлермен (10 шамасында) және 1000 данаға жуықты құрайтын жұмысшы аспаптардың паркіне қызмет көрсететiн 2-разрядты температуралық лампалармен шектеледi. Бұл эталондарды мерзiмдi салыстырып тексеру Ресейде жүргiзіледi.
Шамалар мен салмақтардың III Бас конференциясының шешiмiне сәйкес физикалық шамалардың Халықаралық жүйесiнде уақыт бірлігi мынадай болып айқындалған: секунд - Цезия-133 атомы негiзгi жай-күйiнiң екi өте жiңiшке деңгейлерiнiң арасындағы өткелге сәйкес келетiн 9192631 770 сәулелену кезеңдерi.
Уақыт бiрлігін оның анықтамасына толық сәйкес тәуелсіз жаңғырту үшiн уақыт эталоны құрамында цезийлік стандарт болуы қажет.
3.2 Отын-энергетикалық кешен
Энергетикалық және басқа табиғи ресурстарды үнемдеу республиканың экономика салаларының алдында тұрған маңызды мiндеттердiң бiрi. Қазiргi уақытта отын-энергетикалық кешенде бақылаудың төмен дәлдiктi өлшем құралдарының айтарлықтай саны қолданылады: қолданылуы жыл сайын айтарлықтай шығын әкелетiн электр энергиясын есептегiштер, шығын өлшеуiштер, кондуктометрлер, жылу есептегіштер. Мысалы, республикадағы өндiрілетiн электр энергиясының өлшем қателiгiн электронды жүйенiң электр есептегiштерiн пайдалану кезінде 2%-дан 0,5%-ға дейін азайту электр энергиясын ақшаға шаққанда 1,5 млрд. эквиваленттi теңгенi үнемдеуге мүмкiндiк бередi.
Экономикалық жоғалтулар электр энергиясын өндіру, бөлу, тұтыну және сыртқы сауда кезінде, оның iшiнде электр энергиясы есебінің жеткiлiксiз дәлдiгiнiң және сапасын бағалаудың жоқтығы нәтижесiнде болады.
Талдау көрсетіп отырғандай, электр берудiң iрi жүйеаралық және мемлекетаралық желілерінде есептеу қателігі 1,0-1,5%-ды, энергияны iрi өндiрушiлерде және тұтынушыларда 1,5-4,0%-ды, тұрғын үй-коммуналдық салада 3%-ды құрайды. Электр энергиясы сапасына тиiсті бақылаудың жоқтығы қосымша энергетикалық желiлердегi жоғалтулардың ұлғаюына компьютерлер мен есептегiш техника жұмысының бұзылуына әкелiп соғады. Мұндай жағдай электрлік шамалардың өлшем құралдарын салыстырып тексеруге арналған қажетті эталондар мен эталондық жабдықтың жоқ болуына байланысты мүмкін болып табылады: 1 разрядты индуктивтiктiң шамалары, индуктивтiктiң жұмыстық шамасын, индуктивтiктің көпірлерiн және өлшеуiштерiн, тоқ трансформаторларын салыстырып тексеруге арналған қондырғы (дәлдiк сыныбы 0,005) пайдаланылатын өзара индуктивтіктің орауыштары.
Су дайындаушы қондырғылардың пайдаланылу режимi су дайындаушы, жылу энергетикалық және желілiк жабдықтардың iшкi беттерiнiң тоттануы арқылы болған үнемділіктің төмендеуiнсiз және зияндылығынсыз электростанция және жылу желiлерi кәсіпорындарының жұмысын қамтамасыз етуi қажет. Суды бақылау қазандардың "қорөктенетiн" суының үлесті электр өткiзгіштiгiн өлшейтiн кондуктометрлермен, сондай-ақ тұз өлшеуiштермен жүргiзіледi.
Республикада технологиялық судың сапасын бақылауға арналған (жылуэлектрлiкорталық, авиаотрядтар) энергетика және авиацияда қолданылатын тұз өлшеуіштер салыстырып тексерумен қамтамасыз етiлмеген.
Сұйықтықтардың үлестi электр өткiзгіштiгi бірліктерiнiң мөлшерiн жаңғырту, сақтау және беруге арналған мемлекеттік алғашқы эталон жоқ.
3.3 Мұнай-газ өндiрушi өнеркәсiп
Каспий теңiзiнің қазақстандық секторында барлау жұмыстарын жүргiзу, мұнай және газды қайта өңдеуші күштерді қайта жаңарту және ұлғайту, мұнай-газдық машина жасауды дамыту, мұнай-химиялық саланы дамыту, экспорттық күштердi кеңейту мұнай-газ саласы дамуының ағымдағы жай-күйіне, оның әлеуетi мен экономикалық орындылығына байланысты дамудың басымдығы болып табылады. Қазақстан континенталды ел екенiн және көмiрсутек шикiзаты қорлары негiзгi әлемдiк рыноктардан алыс орналасуын ескере отырып, мұнай және газ тасымалдау мәселесiн шешу республика үшiн басымдық маңызға ие.
Мұнай және мұнай өнiмдерiнің сапасын бағалау кезiнде бақылауға жататын параметрлердiң бiрi тығыздық пен жабысқақтық болып табылады. Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң тығыздығы мен жабысқақтығын өлшеу: коммерциялық есептің тораптарында, сұйық өнiмдi өндiру және тасымалдаудың технологиялық процесстерiн бақылау және реттеу кезiнде жүргізiледi.
Сұйық және жартылай сұйық орталардың тығыздығы мен жабысқақтығын жоғары дәлдiкпен өлшеу мұнай химиясында, химияда, фармацевтикада, құрылыс материалдарын өндiруде өнiмдi сертификаттау кезiнде жүргiзiледi.
Тығыздықтың және сұйықтықтың кинематикалық жабысқақтығы бірліктерiнiң мөлшерiн жаңғырту, сақтау және беруге арналған сұйықтықтың тығыздығы бірлігiнiң және сұйықтықтың кинематикалық жабысқақтығы бірлігiнiң мемлекеттік алғашқы эталондар жоқ.
Мұнай мен газды тасымалдау кезiнде бақылау мен басқару процесстерiн автоматтандыру үшiн республикаға өз метрологиялық сипаттамалары бойынша эталондарға жақындастырылған өлшеуiш-есептегiш бақылаушыларының әртүрлi типтерi әкелiнедi.
Артық қысымның мемлекеттік екiншi эталонының жоқтығы республиканың артық қысымның өлшем құралдарын салыстырып тексеруге деген сұранысын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi.
3.4 Қоршаған ортаны бақылау
Мұнай мен газдың қорларын белсендi түрде игеру экологиямен байланысты алға тартады.
Мұнай мен газдың кен орындарын әзiрлеушi iрi компаниялар қоршаған ортаны қорғау мәселелерiмен белсендi түрде айналысуына қарамастан, республикада экологиялық жағдай бұрынғысынша күрделi болып қалуда және тұрақты бақылауға алынуы тиiс.
Атомдық және химиялық өнеркәсiптiң, металлургиялық өндiрiстің, автокөлiктiң қосалқы өнiмдерiнiң шығарындылары қоршаған ортаны ластаудың басқа да көздерi болып табылады.
Таза газ бен газ қоспасы газ компоненттерiнiң араласпасы бірлігiнiң мөлшерiн беретiн негiзгi құралдары болып табылады. Қазiргi кезде республикада газ қоспаларын аттестацияланған өндiрiс игерiлген жоқ.
Атмосфераның жай-күйiн бақылау саласында өлшеуiш талдамалық мiндеттерiне қоршаған ортадағы қышқылдықты, өндiрiстiк және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң өндiрiстiк және қойма үй-жайларындағы атмосфера ауасының ылғалдығын анықтау жатады, ылғалдыққа және рН тәкілiне қатысты аспаптар сол үшiн қажет.
Қоршаған ортаның ластануын бақылау саласында, сондай-ақ қауiптіліктiң 1 және 2 сыныптарына (улар) жататын органикалық ластануды анықтауға арналған аспаптар - эталондары жоқ бірлік мөлшерiн беру үшiн сынғыштық көрсеткiштерiн бағалауға арналған рефрактометрлер қолданылады. Бірлік өлшемiн рефрактометрлерге беруге арналған эталондар жоқ.
3.5 Мемлекеттік есептеу операциялары
"Өлшем бiрлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 шiлдедегі № 52-II Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес мемлекеттік есептеу операцияларын iске асыру кезiнде қолданылатын өлшем құралдары мiндеттi салыстырып тексеруге жатады.
Салмақ шамалары материалдық құндылықтарды есептеу кезіндегі негiзгi өлшем құралдары болып табылады (таразылар мен гирлер).
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап гирлер мен олардың жиынтықтарына қойылатын халықаралық талаптармен үйлестірiлген талаптарды белгілейтiн MEMCT-тың 7328-2001 "Гирлер. Жалпы техникалық шарттардың" енгiзiлуiмен E1, Е2 дәлдік сыныбындағы гирлерді салыстырып тексеруге қажеттілiк туды, олар эталондық өлшем құралдарының жоқ болуына байланысты республикада метрологиялық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілмеген.
3.6 Ауыл шаруашылығы
Бiріншi кезекте астық пен жемге жататын ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiруде технологиялық процесстердің параметрлерін және басқаруды бақылау кезiнде ылғалдылық анықтаушы роль атқарады, астықтың жай-күйi, сақталуы, сатып алу және сату кезіндегі есептің шынайылығы ылғалдылыққа байланысты болады.
Жедел анықтау, сондай-ақ элеваторларда нан қабылдаушы пункттерде ылғалдылықты бақылау кезiнде қазiргі кезде астық пен астық өнiмдерiнiң ылғалдылық бірлігін жаңғыртуға арналған жоғары дәлдiктi қондырғының болмауынан метрологиялық қамтамасыз етiлмеген ылғал өлшеуiштер қолданылады.
Ылғалдылық зертханалық жағдайларда ұзақ уақыт iшiнде құрғату шкафтарының көмегімен айқындалады.
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын, оның iшiнде астық шаруашылығын көтеру және дамыту астық пен астық өнiмдерiнiң ылғалдылығын анықтау бойынша қазiргi заманғы өлшем құралдарын тартуды, жедел әдiстердi пайдалануды, өлшемдер деңгейінiң дәлдігін жоғарылатуды, ылғалдылық аспаптарын салыстырып тексеру үшін жағдайлар жасауды және метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін шешуді талап етеді.
3.7 Мемлекеттік эталондарға қызмет көрсету және оларды бiрге алып жүру
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 3.7-кіші бөлiмнiң тақырыбы өзгертілді (бұр ред. қара)
Заңға сәйкес (10-бап) мемлекеттік эталондарды құру және ұстау мемлекет есебінен іске асырылады.
1999 жылғы жай-күй бойынша Мемстандарттың қарамағында 19 мемлекеттік эталон болды.
Республикалық бюджеттің қаржысына 1999 жылдан бастап мыналар сатып алынған:
1999-2000 жылдары - эталондар мен эталондық жабдықтардың 10 бірлігi; 2001 жылы - эталондар мен эталондық жабдықтардың 13 бірлiгі;
2002 жылы - эталондар мен эталондық жабдықтардың 3 бірлігi;
2003 жылы - эталондар мен эталондық жабдықтардың 13 бірлігі.
2004 жылдың басында эталондар мен эталондық жабдықтардың саны 58 бірлікті құрайды.
Осы Бағдарламаның шеңберiнде 21 бірлік эталондар сатып алу жоспарланып отыр.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 3.8-кіші бөлiммең толықтырылды
3.8 Салыстырып тексеру зертханасын құру
Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында пайдаланылатын өлшем құралдары салыстырып тексерiлетiн өлшем құралының белгiленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталатын және оның бұдан әрi қолдануға жарамдылығы анықталатын мiндетті салыстырып тексеруге жатады.
Қазiргi уақытта азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғауды, соның iшiнде медицина және ел қорғанысы саласында қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кезiнде, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау кезiнде, сауда-коммерциялық операциялар және сатып алушы (тұтынушы) мен сатушы (жеткізушi, өндiрушi, орындаушы) арасындағы, соның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерi және басқа салалардағы есептесулер кезiнде қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша аккредиттелген заңды тұлғалар көрсететiн қызметтердiң сапасы туралы мәселе өзектi болып отыр.
Өлшемдер нәтижелерiнiң шынайылығы көрсетілген қызмет салаларында мемлекет үшiн әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызға ие.
Шет ел тәжiрибесiн зерделеу жоғарыда көрсетiлген салаларда пайдаланылатын өлшем құралдарын салыстырып тексерудi мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратынын көрсетедi.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 3.9-кіші бөлiммең толықтырылды
3.9 Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру
және жүргiзу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу рәсiмiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды және жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.
Жүргiзілетiн өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу сапасын қамтамасыз ету үшін аккредиттелген салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының (орталықтарының) арасында зертханааралық салыстырулар жүргiзу қажет.
Салыстырулар бақылау тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады және республикада өлшемдердiң бірлігiн және талап етілетiн дәлдiктi қамтамасыз ету және метрологиялық қызметтердiң техникалық құзыреттілiгiн растау мақсатында жүргiзілуi тиiс.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты өлшем бірлігiн қамтамасыз етуге экономика салаларының өлшем бірліктерiн қамтамасыз етуге деген қажеттіліктерiн толық қанағаттандыруға өлшем бiрліктерін қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнің негiздерін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің эталондық базасын жоспарлы түрде құру және жетілдіру болып табылады.