Бағдарламаның мiндеттерi:
эталондық база жай-күйiнiң проблемаларын, өлшем бірліктерiн қамтамасыз ету;
мемлекеттік жүйесiнiң негіздерін айқындау;
эталондық базаны, уақыт пен жиілiктің эталонын ұстау, сақтау шарттарын қамтамасыз ету;
мемлекеттік эталондарға халықаралық салыстыруларды қолдану және жүргізу болып табылады.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 5.1-кіші бөлiм өзгертілді (бұр ред. қара)
5.1 Машина жасау, аспап жасау, металлургия және басқа да өндiрістiк салалар
Негізгі бағыттар мыналар болып табылады: ұзындық ұшының шамаларын метрологиялық қамтамасыз ету үшiн - эталондық базаны 100-ден 1000 мм-ге дейiнгi ұзындық бірлігiнiң мөлшерiн жаңғыртудың және берудiң ауқымы бар ұзындықтың мемлекеттік эталонымен жабдықтау; микросызбалар, транзисторлар, жоғары жиілiкті тораптар, электромагниттi сәулелену аппаратура параметрлері бақылауының аспаптарына калибрлеуді ұйымдастыру үшін - 30-дан 3000 МГц-ге дейінгі жиiлiк ауқымында 0,1-ден 1 В-ға дейiнгi электр кернеуiнiң эталонын жасау; пирометрлерді салыстырып тексерудi ұйымдастыру мақсатында
800-ден 1500 оС-ға дейінгі ауқымда 1-ші разрядты эталондық монохроматикалық пирометрiн сатып алу,
0-ден 2500 оС-ға дейiнгi ауқымда температураның мемлекеттік алғашқы эталонын құру.
Тәуелсiз жаңғырту үшiн бірлiк анықтай отырып толық сәйкестікпен уақыт пен жиiлiк бiрлігінiң мемлекеттік эталонын уақыт эталонын цезийлiк стандартпен, қабылдағыш-синхронизатормен, жиiлiк компараторымен әрi қарай жабдықтау қажет.
Iске асыру тетiгi:
100-ден 1000 мм-ге дейiнгi ұзындық бірлігінiң мөлшерiн жаңғыртудың және берудің ауқымын кеңейту мақсатында ұзындықтың мемлекеттік эталонын жаңғырту;
30-дан 3000 МГц-ке дейiнгі жиiлiк ауқымында 0,1-ден 10 В-ға дейiнгi электр кернеуiнiң мемлекеттік алғашқы эталонын құру;
0-ден 2500 оС-ға дейiнгi ауқымда температураның мемлекеттік алғашқы эталонын құру;
уақыт пен жиілiктiң цезийлік стандартын, қабылдағыш-синхронизаторды, жиілiк компараторын сатып алу болып табылады.
5.2 Отын-энергетикалық кешені
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 5.2-кіші бөлiм өзгертілді (бұр ред. қара)
Энергетикалық ресурстар бойынша елдiң әлемдiк бағаларға өтуi, оларды өндiрiсте тиiмдi жұмсау, үдемелi энергия сақтайтын технологияны енгізу өлшеуiш техниканы әрi қарай жетілдiрудi және өлшемдердiң дәлдiгi мен шынайылығын одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
Iске асыру тетігі:
сұйықтықтардың үлесті электр өткiзгiштігінiң мемлекеттік алғашқы эталонын жасау;
1-ші разрядты эталондық тұз өлшеуiш кондуктометрдi сатып алу; 1x10-6-дан 1 Гн-гe дейiнгi ауқымда индуктивтік бiрлігінің мемлекеттік екiншi эталоны;
1 Ом номиналды мәнi бар электрлiк қарсылықтың алғашқы эталонын жасау;
0,2 пФ номиналды мәні бар электрлік сыйымдылықтың алғашқы эталонын жасау;
1x10-3-тен 1А-ға дейiнгi ауқымда тұрақты электр тоғы күшiнiң мемлекеттік эталонын жacaу;
1x10-3-тен 20А-ға дейiнгі ауқымда ауыспалы электр тоғы күшiнiң мемлекеттік эталонын жасау.
5.3 Мұнай-газ өндіруші өнеркәсіп
Мұнай және мұнай өнiмдері сапасын бағалау және өлшеуiш-есептегіш техника бақылаушыларын, мұнай және газды тасымалдау кезiнде пайдаланылатын қысым мен температураның жоғары дәлдiктегі түрленгіштерін салыстырып тексерумен қамтамасыз ету мұнай-газ өндіруші өнеркәсiптi метрологиялық қамтамасыз етудi дамытудың негізгi бағыттары болып табылады.
Iске асыру тетігi:
650-ден 2000 кг/м3-ге дейiнгi ауқымда сұйықтық тығыздығы бірлігiнiң мемлекеттік алғашқы эталонын жасау;
0,05-тен 10 МПа-ға дейiнгi ауқымда артық қысымның мемлекеттік алғашқы эталонын жасау;
4,0x10-7-ден 1,0x10-1 м2/с-ға дейiнгi ауқымда сұйықтықтың кинематикалық жабысқақтық бiрлігінiң мемлекеттік алғашқы эталонын жасау болып табылады.
5.4 Қоршаған ортаны бақылау
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 5.4-кіші бөлiм өзгертілді (бұр ред. қара)
Табиғи антропогенді экожүйелердiң жағдайын және қозғалысын жылдам түрде бақылауды қамтамасыз ететін өлшемдердiң жүйешесi Экологиялық мониторингтiң жергілiкті, аймақтық ұлттық және басты деңгейлеріндегі жүйенiң негiзгi блогы болып табылады. Мониторингтің тиiмділігі шама бірліктерi эталондарының және стандарттық үлгілер жиынтықтарында орналасқан алынатын экологиялық ақпараттың шынайылығымен айқындалады.
Iске асыру тетігі:
0 және 1-ші санатты газды орталардағы компоненттердiң молярлы үлесi және салмақтық концентрациясы бірліктерiнiң жұмысшы эталондарын сатып алу;
1,47-1,94 өлшемдер ауқымындағы сынушылық көрсеткiшi бірлігiнiң мемлекеттік алғашқы эталонын жасау;
3,547-10,317 өлшемдер ауқымындағы pH шәкілiнiң мемлекеттік алғашқы эталонын жасау;
5-тен 100 %-ға дейiнгі ауқымда 1-разрядты гигрометрдi сатып алу болып табылады.
5.5 Мемлекеттік есептеу операциялары
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап гирлер мен олардың жиынтықтарына қойылатын, халықаралық талаптармен үйлестiрiлген талаптарды белгілейтiн МЕМСТ-тың 7328-2001 "Гирлер. Жалпы техникалық шарттардың" және материалдық құндылықтарды талап етілетiн дәлдiкпен есептеудi қамтамасыз ету қажеттілiгiмен бастап енгізілуімен және эталондық базаны әрі қарай жабдықтау қажеттілiгі туды.
Iске асыру тетігі:
эталондық базаны салмақ бірлiгiнiң эталондық жиынтығымен, мемлекеттік екiншi эталонмен және жұмысшы эталонымен әрі қарай жабдықтау болып табылады.
5.6 Ауыл шаруашылығы
Астық және астық өнімдері ылғалдылығының өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету және олардың метрологиялық деңгейін арттыру. Iске асыру тетiгi 5-тен 45%-ға дейiнгi ауқымда астық және астық өнiмдерi ылғалдылығын жаңғыртуға арналған жоғары дәлдiкті қондырғы сатып алу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 5.7-кіші бөлiм тақырыбы өзгертілді (бұр ред. қара)
5.7 Мемлекеттік эталондарға қызмет көрсету және оларды бірге алып жүру
Icкe асыру тетігі мынадай iс-шараларды қамтиды:
шет елдердiң шамалар бірліктерiнiң мемлекетаралық және халықаралық, сондай-ақ ұлттық эталондарымен салыстыруды (салыстырып тексеруді) жүргізу;
сатып алынатын жабдықты сақтау және пайдалану шарттарын қамтамасыз ету;
мемлекеттік эталондарды жаңғырту үшін шығын материалдарын және көмекші өлшем құралдарын сатып алу;
мемлекеттік эталондарды жөндеуден өткізу;
мемлекеттік эталондарға қызмет көрсететiн қызметкерлердi ұстау;
мемлекеттік эталондарға қызмет көрсететін қызметкерлердi оқыту.
5.8 Астана қаласында Эталондық орталық салу
Құрылыстың негiзгi мақсаты республикада мөлшерi барлық қолданылатын өлшем құралдарына берілетiн шамалар бірліктерiн жаңғыртатын мемлекеттік эталондарды сақтау және ұстау шарттарын қамтамасыз ету болып табылады.
Сатып алынатын эталондар мен эталондық жабдық оларды орнату үшiн үй-жайды талап етедi. Үй-жайлар ғылыми зерттеулердi, халықаралық салыстыруларды және бірліктерді мемлекеттік эталондардан жұмысшы эталондарға берудi жүргiзу үшiн сақтау, қолдану шарттарын қамтамасыз ету қажет.
Астана қаласында Эталондық орталықты салу туралы шешiм қабылданды (Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2001 жылғы 19 маусымдағы мәжілісiнiң хаттамасы) және Астана қаласының әкімі "Астана жаңа қала" еркiн экономикалық аймақтан 0,693 га алаң жер бөлiндi (2002 жылғы 12 наурыздағы № 3-1.414-П шешiмi). Эталондар мен эталондық жабдықтарды орналастыруға арналған орындар эталондарды сақтаудың шарттарына қойылатын қатаң талаптарды қамтамасыз етуi қажет: тиiстi температураны, ылғалдылықты, кедергiден қорғалушылықты (вибро, электрлiк және басқа) және сейсмоберiктiлiкті ұстау.
Эталондық орталықтың ғимаратын салуды ұйымдастыру iске асыру тетігі болып табылады.
Жоба зертханалық және әкiмшілiктiң екi негiзгі корпустарын салуды көздейдi. Эталондық орталықтың зертханалық корпусында өлшемдердiң 17 түрi бойынша 21 эталонды орналастыру және өлшем құралдарына сынақ жүргiзу үшiн сынақ орталығын орналастыру жоспарланып отыр.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 5.8-кіші бөлiммең толықтырылды
5.8 Салыстырып тексеру зертханасын құру
Негiзгi бағыт номенклатуралық тiзбеге енгiзілген және мемлекет үшiн әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызы бар қызмет салаларында пайдаланылатын барлық өлшеуiш техниканы салыстырып тексерумен қамтамасыз ету болып табылады.
Iске асыру тетігі: салыстырып тексеру зертханасын құру және салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыру үшiн салыстырып тексеретін және көмекшi жабдықты сатып алу қажет.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 5.9-кіші бөлiммең толықтырылды
5.9 Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру
және жүргiзу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргiзу қызметкерлер штатын ұстауды, персоналды оқытуды, зертханааралық салыстырмалы салыстырулар нәтижелерiн өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi жасауды және әзiрлеудi, анықтамалық-ақпараттық қор құруды және жиынтықтауды, салыстыру объектілерiнiң 3 түрін сатып алуды, байланыс қызметтерiн, iссапар және басқа шығыстарды талап етедi
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 6- бөлiм өзгертілді (бұр ред. қара
Бағдарламаны қаржыландыру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігiнiң эталондық базасын дамытуға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржы есебінен жүзеге асырылады.
2004 жылға қаржыландырудың қажеттi көлемi 455,0 млн. теңгенi құрайды, 2005 жылға 1692,14 млн. теңге, 2006 жылға 1170,652 млн. теңге
Жыл сайынғы көлемдер тиiстi жылға арналған тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделген көлемдерге сәйкес нақтылануы тиiс.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 7- бөлiм өзгертілді (бұр ред. қара
Эталондық база мемлекет қауiпсiздiгiне кепiлдеме беруi (метрологиялық тәуелсiздiк және жеткiлiктілiк), шикізаттың, ресурстардың, материалдардың, өнiмнiң сапасын және санын шынайы бағалауды іске асыру мақсатында орындалатын өлшемдердің дәлдiгiн дұрыс бағалауы қажет.
Бағдарламаны іске асыру:
техникалық дамыған елдердің халықаралық эталондарының және ұлттық эталондарының дәлдiгiне сәйкес эталондарды 15 бірлік бiрiншi эталондарды, 3 бірлік екiншi және 3 бірлік жұмыс эталондарды сатып алуға Астана қаласында халықаралық талаптарға сәйкес ұлттық ғылыми-техникалық институтын (Эталон орталығын) салуға;
30-дан кем емес мемлекетаралық және халықаралық эталондарды шетел өлшем бірліктерiмен салыстыруды (салыстырып-тексеру) жүргізуге, уақыт жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастыққа қатысуға, мемлекеттік эталондарды сақтаушы ғалым атағына 20 маманды оқытуға мүмкiндiк бередi.
салыстырып тексеру зертханасын құру және әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызы бар қызмет салаларында пайдаланылатын өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;
аккредиттелген зертханалар жүргiзетiн өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу сапасын қамтамасыз ету
8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЛШЕМ БIРЛIГIН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МЕМЛЕКЕТТІК ЖYЙЕСIН ДАМЫТУДЫҢ
2004 - 2006 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН
IСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ IС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
ҚР Үкіметінің 2005.14.04 № 356 Қаулысымен 8- бөлiм жаңа редакцияда (бұр ред. қара
P/c № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орын- далуы- на жауап- тылар | Орын- далу мерзiмi | Болжам- ды шығыс- тар (млн. теңге) | Қаржы- ландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Мына жабдықтарды сатып алу немесе жаңарту: 1) 100 мм-ден 1000 мм-ге дейiнгі ұзындық бірлігiнiң мөлшерiн беру және жаңғырту ауқымын кеңейту мақсатында ұзындықтың мемле- кеттік эталонын жаңарту; 2) 0,95 ықтимал- дық кезінде 2-ден 6оС-ға дейiнгі сенiмдi қателігі бар 800-ден 1500о С-ға дейiнгі ауқымдағы 1-раз- рядты эталонды монохроматикалық пирометрдi сатып алу; 3) 2х10-5 ерекше емес жүйелi қате- лiк кезiнде 3х10-6 өлшем нәтижелерi- нiң орташа шаршы- лық ауытқуы бар 0,05-тен 10 МПа-ға дейiнгi ауқымда артық қысымның мемлекет- тік алғашқы эталонын жасау; 4) салмақ бірлігінiң мемле- кеттік эталондық кешенiн жасау (екiншi және жұмыс эталондары); 5) ерекше емес жүйелiк қателiгi 0,15 %, орташа шаршылық ауытқуы 5х10-5 артық емес, өлшем ауқымы 0,001-ден 50 См/м-ге дейiн сұйықтықтардың үлестi электр өткiзгіштігінiң (ҮЭӨ) мемлекеттік алғашқы эталонын сатып алу; 6) 0,1...0,25 % салыстырмалы қателігі, R салыс- тырмалы үлестi электр өткiзгiш- тігі 1х10-4-тен 100См/м-ге дейiнгi өлшем aуқымы бар 1-разрядты эталондық тұз өлшеуiш кондукто- метрдi сатып алу; 7) тұрақтылығы 1х10-5 кем емес, өлшем нәтижесiнiң орташа шаршылық ауытқуы 1х10-5 -тен 3х10-5-ке дейiн, индуктив- тілiгi 1х10-6-: 1 Гн ауқымындағы бірліктің мемле- кеттік екiншi эталонын сатып алу; 8) газды орта- ларда молярлы үлес бірліктерi- нің және компоненттердiң салмақтық концентрациясының 0 және 1-разрядты жұмыс эталондарын сатып алу; 9) абсолюттiк қателігі 0,2-ден 0,5 %-ға дейiн, минус 60-тан плюс 60оС-ға дейінгі температура кезiнде 5-тен 100 %-ға дейінгі өлшем ауқымында 1-разрядты салыс- тырмалы ылғалдылық гигрометрін сатып алу; 10) өлшем нәти- жесiнiң орташа шаршылық ауытқуы 0,02 %, 5-тен 45 %-ға дейiнгi ауқымдағы астық және астық өнiмдерi ылғалды- лығының бiрлігiн жаңғыртуға арналған жоғары дәлдiктi қондырғы сатып алу; 11) уақыт пен жиiлiк эталонын уақыт пен жиілiк цезийлiк стандар- тымен, қабылдағыш- синхронизатормен, жиiлiк компарато- рымен одан әрi жабдықтау; 12) 30-дан 3000 МГц-қа дейінгі жиілiк ауқымында 0,1 - 1 В электрлiк кернеулi мемлекеттік алғашқы эталонды сатып алу; 13) жүйелiк қателігі 0,00005 - 0,3оС-дан артық емес, өлшем нәтижесiнiң орташа шаршылық ауытқуы 0,00005 - 1,4оС-дан артық емес 0-ден 2500о -ға дейiнгi ауқымдағы темпера- тура бірлігiнiң мемлекеттік алғашқы эталонын сатып алу; 14) 3,547 - 10,317 өлшем ауқымындағы pH шәкiлінің мемле- кеттік алғашқы эталонын сатып алу; 15) жүйелiк қателiгi 3х10-7 ден аспайтын, 10 тәуелсiз қадаға- лау кезiнде 3х10-8 өлшем нәтижесiнiң орташа шаршылық ауытқуы бар 1 Ом номиналдық мәндi электр қарсыласу- ының мемлекеттік алғашқы эталонын сатып алу; 16) жүйелiк қателiгі 5х10-7, 2x10-7өлшем нәтижесiнің орташа шаршылық ауытқуы бар 0,2 пФ номиналдық мәндi электр сыйымдылық бірлі- гінiң мемлекеттік алғашқы эталонын сатып алу; 17) тәуелсiз қадағалаулар кезiнде 1х10-16 -дан 1х10-9А-ға дейiнгі ауқымда 1х10-3, 1 А және 10x10-3 - 2х10-4 тоқ күшiнiң номи- налдық мәнiнде 5х10-8 А өлшем нәтижесiнiң орташа шаршылық ауытқуы бар 1х10-16-дан 1х10-9-ға дейiнгі ауқымда 1х10-3, 1 А және 25х10-3 - 5x10-4 тұрақты электр тоғы күшi- нiң номиналдық мәнiнде жойылмаған жүйелiк қателiгi 2х10-7 А-дан аспауы қажет тұрақты электр тоғы бірлігiнiң мемлекеттік алғашқы эталонын сатып алу; 18) жүйелiк қателігі 1х10-5 - 3х10-4 өлшем нәти- жесінiң орташа шаршылық ауытқуы 1х10-3 - 20 А ауқымында 1х10-6 - 5x10-6 ауыспалы электр тоғының күш бірлігiнiң мемлекеттік алғашқы эталонын сатып алу; 19) 1х10-4 өлшем нәтижесiнiң орташа шаршылық ауытқуы бар 4,0х10-7 -ден 1,0x10-1 м2/с.ға дейiнгi ауқымда сұйықтықтардың кинематикалық тұтқырлық бірлі- гiнің мемлекеттік алғашқы эталонын сатып алу; 20) жүйелiк қателігі 3х10-6, 1,2х10-6 кездейсоқ қателігі бар 650- ден 2000 кг/м3 өлшемдер ауқымын- да сұйықтық тығыз- дығы бiрлігінiң мемлекеттік алғашқы эталонын сатып алу; 21) жүйелiк қателiгi 2х10-6, кездейсоқ қателігі 1х10-6, сәулелену толқындары ұзынды- ғының мәндерi 0,467; 0,480; 0,508; 0,633 мкм, 1,47 - 1,94 өлшем- дер ауқымындағы сынушылық көрсет- кiшi бірлігінің мемлекеттік алғашқы эталонын сатып алу. | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | Жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде | 2004 ж. - 185 2005 ж. - 302,75 2006 ж. - 317,888 | Респуб- ликалық бюджет |
2 | Мемлекеттік эталондарға қызмет көрсетудi және оларды бiрге алып жүрудi жүзеге асыру: 1) мемлекетара- лық және халықаралық, сондай-ақ шет елдердiң шама бірліктерiнiң ұлттық эталонда- рымен салыстырулар (салыстырып тексе- рулер) жүргiзу; 2) сатып алына- тын жабдықтың сақталу және пайдалану шартта- рын камтамасыз ету; 3) эталондарды жаңарту үшiн шығыс материалда- рын және көмекшi өлшем құралдарын сатып алу; 4) эталондарды жөндеуден өткізу; 5) эталондарға қызмет көрсетудi жүргiзу; 6) уақыт пен жиiлiк мемлекет- тiк қызметiнiң қызметкерлер штатын ұстау; 7) білiктiлiгiн тұрақты арттыру мақсатында персоналды оқыту; 8) жабдыққа сервистік қызмет көрсетудi (уақыт пен жиiлiк мемле- кеттік эталонын өндiрушiлердi тарту және олармен келісім жасасу жолымен) қамтамасыз ету; 9) уақыт қызмет- терінің халықара- лық ынтымақтас- тығына қатысу; 10) уақыт дабылдарын теледидар және радиостанциялар бойынша тарату; 11) эталондық кешендi тұрақты дамыту (әрi қарай жабдықтау, жаңарту). | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ | Жыл сайын 10 қаңтаp және 10 шілде | 2004 ж. - 70 2005 ж. - 141,632 2006 ж. - 137 | Респуб- ликалық бюджет |
3 | Астана қаласында Эталондық орталық салу. | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ (жинақ-тау); Астана қала- сының әкімі | Жыл сайын 10 қаңтар және 10 шiлде | 2004 ж. - 200 2005 ж. - 1200 2006 ж. - 699,163 | Респуб- ликалық бюджет |
4 | Салыстырып тексеру зертханасын құру және әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызы бар салаларда пайдала- нылатын салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыру. | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ | Жыл сайын 10 қаңтар және 10 шiлде | 2005 ж. - 41,5 2006 ж. - 10 | Респуб- ликалық бюджет |
5 | Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн зертханааралық салыстыруды жүргі- зуді ұйымдастыру. | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ | Жыл сайын 10 қаңтар және 10 шiлде | 2005 ж. - 6,258 2006 ж. - 6,571 | Респуб- ликалық бюджет |
| Жиыны: Қазақстан Республикасының өлшем бірлігiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе- сiн дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыруға арналған бюджет қаражатының көлемi. | | | 2004 - 2006 жылдар | 2004 ж. - 455 2005 ж. - 1692,14 2006 ж. - 1170, 652 | Респуб- ликалық бюджет |