Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 15 наурыздағы № 320 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 23-24, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік (мерзімдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесінде:
7-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен шартқа (келісімге) сәйкес үкіметтік сыртқы заемның қаражаты бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылса, онда оның паспортында міндетті түрде жылдар бойынша бөле отырып үкіметтік заемның жалпы құны қосымша көрсетіледі.";
18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде Бюджет комиссиясы қарайды.
Бюджет комиссиясы:
негізінде бағдарлама іске асырылатын нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты бюджеттік бағдарлама паспортының өзгерістерін;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің негізінде мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыруға байланысты бюджеттік бағдарлама паспортының өзгерістерін қарамайды.
Мұндай жағдайда бюджеттік бағдарламаның паспортына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының немесе жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгіленген тәртiппен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әзiрлейдi.";
31-1-тармақта "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң" деген сөздерден кейiн "тиiстi жылға арналған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
84-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 85-1-тармақпен толықтырылсын:
"85-1. Мемлекеттік мекемелердiң шығыстардың бiрiншi және екiншi топтары бойынша мiндеттемелерiн тiркеудi жүзеге асыру рәсімі мемлекеттік мекемелердiң ақы төлеуге шоттарын, ал үшінші және төртiншi топтар бойынша - 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеме ұсынатын Мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiмдi және 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бюджет қаражатын алушылар алдындағы Міндеттемелерді тiркеу туралы хабарламаны (Тапсырысты) (бұдан әрi - Өтінiм және Хабарлама (Тапсырыс) бекітуге негiзделедi.
Ерекше және өзге ағымдағы шығындарды жүзеге асыру, атқару құжаттарын орындау, сондай-ақ шығындарды жабуға заңды тұлғаларға ағымдағы трансферттердi, заңды тұлғаларға мақсатты ағымдағы трансферттердi, заңды тұлғаларға күрделі трансферттердi, өзге де күрделі трансферттердi мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) берушілерге немесе үш миллион теңгеден асатын сомаға бюджет қаражатын алушыларға бөлу кезiнде аумақтық қазынашылық органдары мемлекеттік мекеменiң ақы төлеуге шотының негiзiнде 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Өтінiмдi және Хабарламаны (Тапсырысты) қалыптастырады";
89-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мекеменiң тиiстi берушімен немесе бюджет ақшасын алушымен шарттар (бұдан әрi - Шарт) жасасуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес мынадай деректемелердi ескере отырып, берiлген рұқсаттар шегiнде жүзеге асырылады:";
он бесiншi абзацта:
"тауарлардың" деген сөзден кейiн "(жұмыстардың, қызметтердiң)" деген сөздермен толықтырылсын;
"қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын Шартты жасасу кезiнде" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкіметтік сыртқы заем жөніндегі шарт (келісім) шеңберiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем жөніндегі шарттың (келісімнiң) шеңберiнде мемлекеттік мекеме мен тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) берушiнiң арасында жасалған Шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi бiр қаржы жылынан асқан кезде Шарт бойынша мiндеттемелердiң сомасы мемлекеттік мекемеге жыл сайын бөлiнетiн рұқсаттардың шегінде тиiстi қаржы жылдарына бөлiнеді.";
91-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем жөніндегі шарттың (келісімнiң) шеңберiнде мемлекеттік мекеме мен тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушiлер арасындағы Шарт бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасалса, онда мiндеттемелердi тiркеу ағымдағы қаржы жылына арналған Шарт шеңберiнде мiндеттемелердiң мөлшерiне сәйкес мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттардың шегiнде жүзеге асырылады.";
үшінші абзацта "бюджеттік тағайындаулардың" деген сөздер "берiлген рұқсаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
95-тармақта:
оныншы абзацта "бюджеттiң есебiнен" деген сөздердiң алдынан "үкiметтiк сыртқы заемның қаражатынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"2 - үкiметтiк сыртқы заемдардың есебiнен;";
96-тармақтың бiрiншi абзацы ", тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнің немесе бюджет қаражатын алушының ЖБК" деген сөздермен толықтырылсын;";
102-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем туралы шарт (келісім) шеңберiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға арналған мiндеттемелердi тiркеу кезiнде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына 12-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген өтінiмдi бередi.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 12-6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына ұсынатын Берушiнi (бюджет қаражатын алушыны) енгізуге арналған өтiнiмге сәйкес бюджет қаражатын берушілер мен алушылардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргiзедi.
Мемлекеттік мекеме Берушiнi (бюджет қаражатын алушыны) енгізуге арналған өтiнiмдi толтырудың дұрыстығына жауап бередi.
Бюджеттен түсетiн түсiмдердi салық төлеушiге қайтаруды жүзеге асыру кезiнде Берушіні (бюджет қаражатын алушыны) енгізуге арналған өтінімді салық органы аумақтық қазынашылық органына береді.";
109 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"109. Мемлекеттік мекеме осы Ереженiң 85-1-тармағында көзделген құжаттарды аумақтық қазынашылық органына берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық органы 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша төрт данада тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушінің немесе бюджет қаражатын алушының атауын, CTH-iн және ЖБК-сiн көрсете отырып Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырды.
Барлық даналарға аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысы бұрыштама қояды, оның бiрiншi басшысы күнiн көрсете отырып қол қояды және мөрмен расталады. 12-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) төртiншi данасы және шарттың көшiрмесi аумақтық қазынашылық органында қалады, бiрiншi, екiншi, үшiншi даналары 12-1, 12-2, 12-3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемеге беріледі.
110. Хабарламаның (Тапсырыстың) алынған даналарына мемлекеттік мекеменiң бiрiншi басшысы және бас бухгалтер қол қояды және мемлекеттік мекеменiң мөрiмен расталады.
Мемлекеттік мекеме Хабарламаның (Тапсырыстың) бiрiншi және екiншi даналарын 12-1, 12-2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) тиiстi берушіге немесе бюджет қаражатын алушыға бередi.
Егер Хабарламаның (Тапсырыстың) сомасы үш миллионнан асатын болса, онда Хабарламаның (Тапсырыстың) бiрiншi данасын 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беруші немесе бюджет қаражатын алушы екiншi деңгейдегi банкке немесе оның банктік шоты ашылған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бередi.
Мемлекеттік мекемелер ақы төлеуге шотты қалыптастыру кезiнде "төлемнiң тағайындалуы" деген бағанда оның негізiнде ақшаны аудару жүзеге асырылатын құжаттың атауынан, нөмiрi мен күнiнен басқа, Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмiрi мен күнін, сондай-ақ төлемнiң "ағымдағы" немесе "түпкі" мәртебесiн көрсетедi.
Хабарламаның (Тапсырыстың) екiншi данасын тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушi немесе бюджет қаражатын алушы 12-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды түпкі беру (жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету) кезiнде мемлекеттік мекемеге бередi.";
112-тармақта "мемлекеттік мекемелердiң міндеттемелер және төлемдер" деген сөздер "мемлекеттік мекемелердiң міндеттемелері және тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) түпкi төлеу кезіндегі төлемдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
114-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Ақы төлеуге ағымдағы шот - бұл алдын ала төлеудi қоса алғанда, мемлекеттік мекемелердiң тиiстi мiндеттемесiн аралық төлеудi жүзеге асыру үшін қалыптастырылатын ақы төлеуге шот.
Ақы төлеуге түпкi шот - бұл мемлекеттік мекеменiң тиiстi мiндеттемесiн түпкi төлеудi жүзеге асыру үшiн қалыптастырылатын ақы төлеуге шот.".
116-тармақта:
алтыншы абзацта "бюджеттiң есебiнен" деген сөздердiң алдынан "үкiметтік сыртқы заемдардың қаражатынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетіншi абзацпен толықтырылсын:
"2 - үкiметтiк сыртқы заемдардың есебiнен;";
отыз бесiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Төлемнiң тағайындауында міндетті түрде мемлекеттік мекеме мен бюджет қаражатын алушы арасындағы Шарттың және мемлекеттік мекеменiң Хабарламасының (Тапсырысының) нөмiрлерi мен күнi, сондай-ақ "ағымдағы" немесе "түпкi" түрінде ақы төлеуге шоттың мәртебесi көрсетiледi.";
119-тармақта:
бiрiншi абзацта "қабылданған" деген сөз "тіркелген" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан басқа, тауарларды беруге (жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге) түпкі ақы төлеу кезiнде мемлекеттік мекеме Қаржы министрлігінiң аумақтық қазынашылық органына 12-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) екiншi данасын бередi.";
129-тармақта:
"және нөмірi" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Түпкi" мәртебесi бар ақы төлеуге шот жүргiзу кезiнде аумақтық қазынашылық органдары 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) қосымша даналарын қалыптастырады. 12-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) бiр данасына аумақтық қазынашылық органының бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттік берген тұлға қол қояды, мөрмен расталады, орындалған және қазынашылық органдарында тiркелген мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерiн есепке алуды жүргізу үшiн мемлекеттік мекемеге берiледi. 12-4-қосымшаға сәйкес Хабарламаның (Тапсырыстың) екiншi данасы аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысының қолымен және мөртабанымен расталады және мемлекеттік мекемелердiң орындалған мiндеттемелерiн жабу үшін аумақтық қазынашылық органында қалады.";
297-тармақтың үшiншi абзацында "шегiнде" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заемның шеңберiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
302-тармақтың бiрiншi абзацы "мемлекеттік мекемелер" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен" деген сөздермен толықтырылсын;
316-тармақтың екiншi абзацы "жоспардан тыс түсiмдердi" деген сөздерден кейiн ", республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түскен қаражатты және мемлекет ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн жеке меншiкке сатудан түскен қаражатты" деген сөздермен толықтырылсын;
371-тармақта:
1) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Шартты тiркеуге арналған өтiнiмнiң "Шарттың атауы" деген жолында берушінің атауын, СТН-iн және ЖБК-сiн қосымша көрсету керек.";
3) тармақшада:
бiрiншi абзацта "шартты тiркеу туралы анықтаманы" деген сөздерден кейiн "(45-қосымша) (бұдан әрi - Анықтама (45-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Анықтама (45-қосымша) төрт данада ресiмделедi. Анықтаманың (45-қосымша) барлық данасына аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысы бұрыштама қояды, оған бiрiншi басшы немесе ол уәкілеттiк берген тұлға қол қояды және мөрмен расталады. Анықтаманың (45-қосымша) төртiншi данасы Шарттың көшiрмесiмен бiрге аумақтық қазынашылық органында қалады, бiрiншi, екiншi және үшiншi даналары мемлекеттік мекемеге берiледi.";
5) тармақшада "шартқа өзгерістер енгізу туралы анықтама" деген сөздер "Анықтама (45-қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақшаның бесінші абзацында "шартты тіркеу туралы анықтама" деген сөздер "Анықтама (45-қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Мемлекеттік мекеме Анықтаманың (45-қосымша) үшіншi данасын өзiнде қалдырады, мiндеттемелердiң үшiншi және төртiншi топтары үшін Анықтаманың (45-қосымша) бiрiншi және екiншi даналарын тауарларды бередi. асатын болса, онда Анықтаманың (45-қосымша) бiрiншi данасын тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) берушi немесе бюджет қаражатын алушы оның банктiк шоты ашылған банкке бередi.
Мемлекеттік мекемелер төлем тапсырмасын қалыптастыру кезiнде "төлемнiң тағайындалуы" деген бағанда оның негiзiнде ақшаны аудару жүзеге нөмiрi мен күнiн, сондай-ақ төлемнiң "ағымдағы" немесе "түпкi" мәртебесiн көрсетедi.";
11, 12-1, 12-2-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес 12-3, 12-4, 12-5, 12-6, 45-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 15 наурыздағы № 320 қаулысына
1-қосымша
11-қосымша
Берiлген күні ____ ж. "___" __________
Мемлекеттік мекеме |
Бюджет түрi |
Қаржыландыру көзі 1 |
Міндеттемелерді тіркеуге арналған өтінім
Күні 20__ ж. "___" ________
1. Мемлекеттік мекеменiң атауы Шығыстың сипатта. масы: Берушiнiң ЖСК: Бюджеттік сыныптаманың коды | Беру шi. нің коды | Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушiнiң (бюджет қаражатын алушының) атауы, СТН-і және мекен- жайы, берушi банктiң (бюджет қаражатын алушының) атауы және БСК | Тауарлардың (жұмыс. тардың, қызметтер. дің) атауы | Саны | Бағасы | Сома. сы | |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
БАРЛЫҒЫ | |
| | |
2. Басшылардың қолы | 3. Төлемдер кестесі | |
ММ басшысының аты-жөні | негіздемелік- құжат | өтiнiм % | төлеу күні | сомасы | |
Қолы__ күні 20_"_"____ | |
| |
ММ қаржы тобы басшысы. ның аты-жөні | | |
| |
| |
Қолы__ күні 20_"_"____ | | |
| |
М.О. | | |
| |
| | | | | | | | | |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 15 наурыздағы № 320 қаулысына
2-қосымша
12-1-қосымша
№ 4-02 нысан
Міндеттемелерді тіркеу туралы хабарлама (тапсырыс)
1-данасы
Күні
N өтінім | N мiндеттемелерді тiркеу туралы хабарлама (Тапсырыс) |
Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
Сипаттамасы | Саны | Бағасы | Сомасы |
────────────────────────────────────────────────────────────────────
────────────────────────────────────────────────────────────────────
Барлығы
────────────────────────────────────────────────────────────────────
Мемлекеттік мекеменiң атауы
Мемлекеттік мекеменің коды
Бюджеттік сыныптаманың коды
Мемлекеттік мекеменiң басшысы М.О.
Мемлекеттік мекеме қаржы тобының басшысы
Алдын ала төлем туралы ақпарат |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX.XX Алдын ала төлем сомасы 0.00 Teңгеpiм XX,XXX,XXX.XX Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан аспайды) Мем. мекеме қаржы тобының басшысы |
Қазынашылық органының басшысы ___________________
(қолы, аты-жөнi)
Жауапты орындаушы ___________________
(қолы, аты-жөні)
М.О.
Берушiге нұсқаулық: тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушi
немесе бюджет қаражатын алушы оның банктiк шотына ақшаны есепке алу
кезiнде екiншi деңгейдегі банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға беру үшiн
1-данасы - берушiге
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 15 наурыздағы № 320 қаулысына
3-қосымша
12-2-қосымша
№ 4-02 нысан
Міндеттемелерді тіркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)
2-данасы Күні
N өтiнiм | N мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарлама (Тапсырыс) |
Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
Сипаттамасы | Саны | Бағасы | Сомасы |
Барлығы
────────────────────────────────────────────────────────────────────
Мемлекеттік мекеменiң атауы
Мемлекеттік мекеменің коды
Бюджеттік сыныптаманың коды
Мемлекеттік мекеменiң басшысы М.О.
Мемлекеттік мекеме қаржы тобының басшысы
Алдын ала төлем туралы ақпарат |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX.XX Алдын ала төлем сомасы 0.00 Teңгеpiм XX,XXX,XXX.XX Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан аспайды) Мем. мекеме қаржы тобының басшысы |
Қазынашылық органының басшысы ___________________
(қолы, аты-жөнi)
Жауапты орындаушы ___________________
(қолы, аты-жөні)
М.О.
Берушiге нұсқаулық: осы Мiндеттемелердi тiркеу туралы
хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi)
берушінiң мемлекеттік мекемеге беруi үшiн, тауарды (жұмыстар мен
қызметтердi) түпкi беру кезінде берушi немесе бюджет қаражаттың алушы осы
Хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес түпкi төлемдi жүзеге асыру үшiн екiншi
данасымен бiрге оларды мемлекеттік мекемеге беру күнiнен бастап отыз күн
iшiнде тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беру туралы растайтын
құжаттарды беруi тиіс.
2-данасы - берушiге
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 15 наурыздағы № 320 қаулысына
4-қосымша
12-3-қосымша
№ 4-02 нысан
Міндеттемелерді тіркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)
3-данасы Күні
N өтiнiм | N мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарлама (Тапсырыс) |
Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
Сипаттамасы | Саны | Бағасы | Сомасы |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Барлығы
____________________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменiң атауы
Мемлекеттік мекеменің коды
Бюджеттік сыныптаманың коды
Мемлекеттік мекеменiң басшысы М.О.
Мемлекеттік мекеме қаржы тобының басшысы
Алдын ала төлем туралы ақпарат |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX.XX Алдын ала төлем сомасы 0.00 Teңгеpiм XX,XXX,XXX.XX Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан аспайды) Мем. мекеме қаржы тобының басшысы |
Төлем туралы ақпарат |
N | Ақы төлеуге шоттың N | Төлем күні | Төлемнің N | Төлемнің сомасы | Орындалмаған міндеттемелер қалдығы |
Қазынашылық органының басшысы ___________________
(қолы, аты-жөнi)
Жауапты орындаушы ___________________
(қолы, аты-жөні)
М.О.
Мемлекеттік мекемеге нұсқаулық: осы Мiндеттемелерді тiркеу туралы
хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес төлемдi жүзеге асыру үшiн үшiншi данасын
қазынашылық органдары ондағы мiндеттемелердi тіркеу үшін және "түпкі"
мәртебесi бар ақы төлеуге шотты жүргiзу кезiнде қалыптастырады және
мемлекеттік мекеменің бухгалтерлiк eceптi жүргізуi үшiн қолданады.
3-данасы - мемлекеттік мекемеге
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 15 наурыздағы № 320 қаулысына
5-қосымша
12-4-қосымша
№ 4-02 нысан
Міндеттемелерді тіркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)
4-данасы Күні
N өтiнiм | N мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарлама (Тапсырыс) |
Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
Сипаттамасы | Саны | Бағасы | Сомасы |
Барлығы
────────────────────────────────────────────────────────────────────
Мемлекеттік мекеменiң атауы
Мемлекеттік мекеменің коды
Бюджеттік сыныптаманың коды
Мемлекеттік мекеменiң басшысы М.О.
Мемлекеттік мекеме қаржы тобының басшысы
Алдын ала төлем туралы ақпарат |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX.XX Алдын ала төлем сомасы 0.00 Teңгеpiм XX,XXX,XXX.XX Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан аспайды) Мем. мекеме қаржы тобының басшысы |
Төлем туралы ақпарат |
N | Ақы төлеуге шоттың N | Төлем күні | Төлемнің N | Төлемнің сомасы | Орындалмаған міндеттемелер қалдығы |
Қазынашылық органының басшысы ___________________
(қолы, аты-жөнi)
Жауапты орындаушы ___________________
(қолы, аты-жөні)
М.О.
Қазынашылық органына нұсқаулық: осы Мiндеттемелердi тiркеу туралы