"Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу
және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы"
мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 25 ақпандағы № 222 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1111 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесi "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Орталықтың жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген, республикалық-бюджеттiң қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
1 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі" бөлiмiнде:
"Даму проблемалары бар балалар мен
жасөспірімдерді әлеуметтiк бейiмдеу және
кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық
ғылыми-практикалық орталығы 132"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-
практикалық орталығы 165".
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |