"Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу
және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы"
мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 25 ақпандағы N 222 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Орталықтың жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмде реттiк нөмiрi 167-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"167-3. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы";
2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, республикалық-бюджеттiң қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
1 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмiнде:
"Даму проблемалары бар балалар мен
жасөспірімдерді әлеуметтiк бейiмдеу және
кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық
ғылыми-практикалық орталығы 132"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-
практикалық орталығы 165".
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов
|