Осы жағдайда ?кімет темір жол көлiгiн қайта құрылымдауда алғашқы қадам жасады. Темір жолды қаржы-экономикалық сауықтыру үшiн 1997 жылғы 31 қаңтарда ?кіметтiң қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жолдарын қосу арқылы "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны құрылды.
Қабылданған шешiмнiң дұрыстығын кейiнгi жылдардың нәтижелерi растады. Барлық қаржы ағындарын бірiктiру, қаржылық тәртiптi қатаңдату және басқаруды орталықтандыру саланың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.
Қазақстанның темір жолы инфрақұрылымға және жылжымалы құрамға инвестициялар жасамай-ақ қолда бар активтердiң базасында толассыздықтың қажеттi деңгейiмен тасымалдау қызметiн және тарифтердiң өсуi салыстырмалы төмен болғанда поездар қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз еттi. Сала нақты бір деңгейде Қазақстанның iрi кәсiпорындарының қалыптасуында және нығаюында басты рөл атқарды.
Соңғы жылдары қол жеткiзiлген Қазақстан Республикасының экономикалық өсуi қамтамасыз етушi және тасымалдаушы қызметтегi бәсекелестiктi дамытуға және жеке меншiк инвестицияларды тартуға бағытталған темір жол көлiгiн одан әрi қайта құрылымдау қажеттiлiгiн белгiлейдi.
Осымен қатар қайта құрылымдаудың негiзгi қағидаттарының бірi темір жол желісін мемлекеттiң меншігінде сақтап қалу және оны Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттiлiгiн барынша қанағаттандыру және транзиттiк әлеуетiн кеңейту мақсатында дамыту болып табылады.
Сонымен бірге одан әрi қайта құрылымдау қажеттiлiгі Магистральдық желi операторының Ұлттық тасымалдаушыдан қаржылық бөлу және магистральдық желiге барлық тасымалдаушылардың бірдей қол жеткiзуiн қамтамасыз ету бөлiгіндегі оның iс-шараларын "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ темір жолдың әлеуетті-бәсекелестiк тасымалдау қызметiн табиғи-монополиялық қызметтен бөлу бөлiгiнде "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiрумен байланысты.
Әлемнiң дамыған елдерiнде бірнеше тасымалдаушылардың магистральдық желiге қол жеткiзу модельдерi қызмет ететiндігін айта кету керек, олардың пайдалану көрсеткiштерi ТМД елдеріндегіден айтарлықтай жоғары, ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген реформалаудың негiзгi бағыттарының дұрыстығын куәландырады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Темір жол көлiгiнiң мемлекет пен қоғам үшiн оңтайлы қызмет ету жүйесiне қол жеткiзу қайта құрылымдаудың мақсаты болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткiзу үшiн осы Бағдарлама мына мiндеттердi шешудi көздейдi:
темір жол көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
қамтамасыз ету қызметiн негізгі қызметтен бөлу;
магистральдық темір жол желісін тең пайдалану құқығын беру арқылы тасымалдаушылардың бәсекелес рыногын құру;
өндiрiстiк қуаттарды оңтайландыру, темір жол көлігінiң тиiмдiлiгiн арттыру;
жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелерiн шешу.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен
тетiгі
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 (бұр. ред. қара); 2006.30.06. № 606 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5.1-бөлім өзгертілді
5.1. Қамтамасыз ету қызметiн қайта құрылымдау
Локомотив жөндеу және вагон жөндеу деполарының негiзiнде заңды тұлғаларды құрғаннан кейiн олардағы қатысу үлестерi мен акциялар пакеттерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатуды жүзеге асыру.
Бұдан басқа, мыналар бойынша iс-шаралар жүргiзіледі:
жол жөндеуге мамандандырылған "Жолжөндеу" акционерлік қоғамының, "Жол жөндеушi" акционерлік қоғамы мен "Теміржолжөндеу" акционерлік қоғамының акциялар пакеттерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттық арқылы сату, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ" iске асырады;
бұрын шағын бизнес субъектiлерiне жалға берiлген мүлiктiк кешендердi қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттық арқылы сату, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ" iске асырады.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметке байланысты емес қызмет түрлерiн жүзеге асыруына жол бермейтiн талаптарына сәйкес "Теміржолсужылужабдықтау" ашық акционерлік қоғамы бөлу арқылы қайта құрылып, сумен жабдықтау қызметiне маманданатын "Теміржолсу" және жылумен жабдықтау қызметтерiн көрсететiн "Теміржолжылу" жаңа акционерлік қоғамдар құрылады.
Жылу және сумен жабдықтаудың жекелеген объектілерін жергiлiктi атқарушы билiк органдарына кейiнгi беру жүзеге асырылады.
Поездардың электр тартымына байланысты емес, "ҚТЖ" ҰК" АҚ" меншігінде тұрған энергиямен жабдықтау объектiлерi 2006 жылдың соңына дейін ағымдағы жылға арналған айналым қаражатымен бірге жергілікті атқарушы органдарға берiледi.
"Теміржолсу", "Теміржолжылу" акционерлік қоғамдарының бірден бір акционерi "ҚТЖ" ҰК" АҚ" болады.
2006 жылдың соңына дейін «Теміржолсу» және «Теміржолжылу» акционерлік қоғамдарының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектілері ағымдағы жылға арналған айналым қаражатымен бірге жергілікті атқарушы органдарға беріледі.
Теміржол байланысы жабдықтары базасының негізiнде толыққанды байланыс операторын құру үшiн "Көлiктелеком" акционерлік қоғамы құрылды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ" оның меншігіне (жарғылық қорына) технологиялық емес байланыс беруде қолданылатын барлық жабдықты бередi. Бұдан басқа, "ҚТЖ" ҰК" АҚ" "Көлiктелеком" АҚ-қа технологиялық емес байланыс көрсету үшiн бөлiнген магистральдық байланыс кабелiнiң жекелеген талсымдарын ұзақ мерзiмдi жалға (10-15 жыл) бередi. Аталған талсымдарды "Көлiктелеком" АҚ меншігіне беру мүмкiн емес, себебi олар технологиялық талсымдармен бірге магистральдық байланыс кабелiнiң iшiнде орналасқан және сатуға жатпайтын магистральдық желiнiң бөлiгi болып табылады. "Көлiктелеком" АҚ технологиялық емес байланысты беруде ғана қолданылатын жабдықтың меншiк иесi болып табылады.
"Көлiктелеком" АҚ-тың акциялар пакетінiң 26%-ы "ҚТЖ" ҰК" АҚ меншiгiнде сақталатын болады, акциялар пакетiнiң қалған 74%-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатылатын болады;
"Әскерилендiрілген темір жол күзетi" акционерлік қоғамы акциялар пакетінiң 100%-ы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншiгiнде сақталатын болады және сатуға жатпайды.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың Ақжайық, Павлодар және Қазықұрт жуу-булау станциялары - филиалдарының теңгерімiнде тұрған мүлiктiң негiзiнде кейiннен қатысу үлестерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатып, заңды тұлғалар құру болжанып отыр.
Қорғағыш екпе ағаштарды күту және қалпына келтiру жөніндегі бейiндiк емес қызметті бөлiп шығару мақсатында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың филиалдарының теңгерiмiнде тұрған мүлiктiң негiзiнде - Алматы, Астана және Ақтөбе станцияларында орналасқан қорғағыш екпе ағаштар дистанциялары кейiннен қатысу үлесiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатып, "Орманқорғау" жауапкершілiгi шектеулi серiктестігiн құру ұсынылып отыр.
Негізгі қызмет кәсiпорындарының қамтамасыз ету секторымен қарым-қатынасында дәстүрлi нарықтық тетiк қолданылады, бұл қамтамасыз ету секторының өнiмдiлігін арттыру көрсететiн қызметтерiнiң өзiндiк құнын төмендету үшiн қосымша ынтаны туғызады. Басы артық қуаттылықтар біртiндеп экономиканың басқа секторларына қайта бағдарланады.
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 (бұр. ред. қара); 2006.30.06. № 606 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5.2-бөлім өзгертілді
5.2. Негізгі қызметтi қайта құрылымдау
"Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық темір жол компаниясы (Магистральдық желi операторы) барлық тасымалдаушылардың магистральдық темір жол желісін пайдаланудың тең құқығын қамтамасыз етедi. Тасымалдау қызметiнде бәсекелестiктi дамыту өз (жалданған) жылжымалы құрамы бар жаңа тасымалдаушылардың пайда болуы есебiнен қамтамасыз етiледi.
Тасымалдаушыларды қалыптастыру процесi Қазақстан Республикасы темір жол көлiгiнiң қызмет ету ерекшелiктерiн, жүк айналымының барынша жоғары болатын кезеңдерде тасымалдарды үздiксiз қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жүргізiледi.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Ұлттық темір жол компаниясының қызметтерiн жүзеге асырады.
Бұдан басқа, темір жол жүйесiн пайдаланудың тез жағдайын қамтамасыз ету мақсатында "ҚТЖ" ҰК" АҚ магистральдық желiнiң қызметтерiн көрсетуге технологиялық байланысты табиғи монополиялық қызметтердi көрсетумен айналысады.
Көліктік сервис орталығы» АҚ бірнеше жүк жөнелтуші пайдаланатын кірме жолдарды беру жөніндегі қызметтерді тең жағдайда көрсете отырып, кірме жолдардың операторы функцияларын жүзеге асыратын болады. Ол үшін «Көліктік сервис орталығы» АҚ-қа магистральды темір жол желісінің негізгі қызметіне жатпайтын, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Магистральды желі дирекциясы» филиалының теңгеріміндегі кірме жолдар берілетін болады.
"Көлiктiк сервис орталығы" АҚ-на тиесiлi және бір жүк жөнелтушiмен пайдаланылатын кiрме жолдар заңнамада белгiленген тәртiп бойынша сатылады.
2003 жылы Компанияның құрамында құрылған қызметi магистральдық темір жол желісін пайдалану және күтiп-ұстау болып табылатын Магистральдық желi дирекциясы және поездар қозғалысын басқару мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету функцияларын орындайтын Тасымалдау дирекциясы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың құрылымдық бөлiмшелерi болып қалады.
Сонымен бірге 2003 жылғы қазанда пайдалану локомотив деполары мен пайдаланылатын локомотив паркi негiзiнде "Локомотив" акционерлік қоғамы құрылды, оның бірден бір құрылтайшысы "ҚТЖ" ҰК" АҚ болып табылады.
"Локомотив" акционерлік қоғамының негiзгi қызметi тасымалдаушылар мен магистральдық темір жол желісінiң операторына тең құқықты жағдайда локомотив тартымы қызметiн көрсету және тартымдық жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету болып табылады.
2005 жылғы 1 қаңтарға қарай барлық локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерi, локомотивтiк бригадалардың демалыс үйлерiмен қоса, дербес "Локомотивтiк сервис орталығы" акционерлік қоғамы болып бөлiнедi, оның бірден бір акционерi "ҚТЖ" ҰК" АҚ болып табылады.
"Локомотив" акционерлік қоғамы магистральдық және маневрлiк локомотивтер паркiн күтiп-ұстайды. Маневрлiк локомотивтер паркi Магистральдық желi операторына ("ҚТЖ" ҰК" АҚ) станциялық жұмысты жүргiзу үшiн жалға берiледi. Магистральдық желi операторына шаруашылық тасымалдарын жүзеге асыру үшiн сондай-ақ магистральдық локомотивтер паркi жалға берiледi.
"Қазтеміржолкөлiк" акционерлік қоғамы жүк тасымалын дербес жүзеге асыратын болады. Жылжымалы құрамға ағымдағы қызмет көрсетуге және тоқтатып қоюға арналған жөндеу базасымен қамтамасыз ету мақсатында оған "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалдарының теңгерiмiнде тұрған жөндеу базаларының, Арыс, Балқаш, Құсмұрын және Орал станцияларындағы, бұрын өндiрiстiк кооперативтер мен жауапкершілігі шектеулi серiктестiктерде жалда болған пайдалану деполарының мүлкi берілетiн болады.
Қазкөліксервис» АҚ-тың акциялары пакетінің 100%-ы темір жол көлігінің контейнерлік тасымалдарын, ішкі және транзиттік қатынастардағы мультимодальдық тасымалдарды дамыту үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың жарғылық капиталында сақталатын болады. Бұл ретте 2006 жылы «Қазкөліксервис» АҚ «Қазтеміржолкөлік» АҚ-тан фитингтік тұғырнамалардың бүкіл мүкәммал паркін қабылдайды.
Каскоркөліксервис» АҚ-тың акциялары пакетінің «Қазкөліксервис» АҚ-қа тиесілі 12,69%-ы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың меншігіне берілетін болады. "ҚТЖ" ҰК" АҚ-қа тиесiлi "Кеденкөлiксервис" АҚ акциялары (33%), контейнерлiк аулалардың және терминалдық шаруашылықтың жұмысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету үшiн 2006 жылға дейiн "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың жарғылық капиталында сақталады. 2006 жылдың үшінші тоқсанында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға тиесілi "Кеденкөлiксервис" АҚ акциялар пакетiнің 33%-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатылатын болады.
2006 жылдың соңында темір жол көлiгiнiң құрылымы мынадай болады:
Нарық секторын қалыптастырғаннан кейінгі темір жол саласының
Құрылымы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі | | _______________|_____________ | Бәсекелес | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | "Лизингтік Бәсекелес нарық | (табиғи монополия) | жолаушылар нарық |_____________________________| вагон Магистралды желі Тасымалдау компаниясы" дирекциясы дирекциясы АҚ Жеке (МТЖ операторы) Локомотивтерді меншік жүк | жөндеу жөніндегі тасымалдау- _____|________ АҚ мен ЖШС шылар | "Қазтемір- | "Жолаушы- "Локомотив" | жолкөлік" АҚ| лар тасы- Жеке меншік АҚ (100%) __| (100%) | малын Вагондарды локомотив | | басқару- жөндеу жөніндегі компания- "Локомо- | "Қазкөлік- |__дың опе- ЖШС лары тив сер- | сервис" АҚ | ративтік Жеке меншік вистік __| (100%) | техноло- Жолаушылар вагондар мен орталығы" | | гиялық вагондарды контейнер- (100%) | | орталығы" жөндеу жөніндегі лер опера- | | ЖШС АҚ және ЖШС торлары | | |_ "Каскор- | "Кеденкөлік- "Әскери- | көлік- | "Жолаушы- сервис" АҚ "Көлік- лендірілген | сервис" АҚ | лар тасы- (100%) телеком" АҚ темір жол | (12,69 %) |__малы" (74%) күзеті" АҚ__|_ | АҚ Жол жөндеу (100%) | "Көліктік | (100%) жөніндегі АҚ | сервис | | орталығы" АҚ| "Багаж "Орманқорғау" "Жолаушылар | (100 %) | тасымалдары" ЖШС транс" | | АҚ компаниясы" | | (100%) ЖШС "Көлік- | "Вокзал- | (жекеменшік телеком" АҚ | сервис" |__"Вагон- "ЖБС" ЖШС жолаушылар (26%) __|_ сыныптан тыс| сервис" тасымалдаушы) станциялар АҚ| (100%) (Алматы-1, | 2, Астана, | "Қала маңы Ақтөбе, |__тасымалдары Қарағанды) АҚ" (100%) Бейінді емес сала Вагон-мейрамха- Вокзалдар Сумен жабдықтау Жылумен жабдықтау Энергиямен наларда қызмет (1-5 объектілері объектілері жабдықтау көрсету сынып) объектілері |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ ұсынатын магистральдық темір жол желісінiң қызметтерiне ақыны табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi. "ҚТЖ" ҰК" АҚ барлық тасымалдаушылардың магистральдық темір жол желісіне бірдей және тең құқықты қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Клиенттер үшiн тасымалдарға ақы төлеу магистральдық темір жол желісінiң қызметтерi үшiн ақыдан және темір жол көлігінiң өзге де қызмет түрлерiне арналған бағадан тұратын болады.
Тәуелсiз тасымалдаушылар "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ-мен келісілген тасымалдау жоспарлары бойынша жұмыс iстейдi.
Қайта құрылымдаудың аталған iс-шараларын iске асырудың нәтижесiнде тасымалдау рыногында жеке тасымалдаушылар қызмет ететiн болады. Темір жол көлiгiнiң мемлекеттік реттеу жүйесiнде 5.4. "Темір жол көлiгiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi күшейту" iшкi бөлiмiнде жан-жақты баяндалған өзгерістер болады.
5.3. Жолаушылар тасымалын қайта құрылымдау
Жалпы экономикалық тиiмдiлiктi арттыруға бағдарланған жолаушылар тасымалын реформалаудың мiндеттерi:
жолаушылар тасымалын жүк тасымалынан қаржылық және ұйымдық бөлу;
қаржы ағындарының толық айқындылығына қол жеткiзу, шығындарды қысқарту және демеуқаржыны азайту, жеке меншiк сектордың рөлiн күшейту;
жолаушылар тасымалында бәсекелестiктi енгізуден тұрады.
Жолаушылар тасымалы қызметiн функционалдық белгілерi бойынша екi блокка бөлуге болады:
негізгі қызмет - жолаушылар тасымалы, багаж тасымалы;
қамтамасыз ету және сервистiк қызметi - жолаушылар вагондарын жөндеу (Алматы вагон жөндеу зауыты - ABЗ), пайдалану жолаушылар вагоны деполары (ЛВЧД) жүзеге асыратын жолаушы вагондарға техникалық қызмет көрсету, ЛВЧД теңгерiмiндегі кiр жуу комбинаттарының көрсететiн қызметтерi және жолаушыларға вагон-мейрамханаларда қызмет көрсету, вокзалдар.
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 (бұр. ред. қара); 2006.30.06. № 606 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5.3.1-бөлім өзгертілді
5.3.1. Жолаушылар тасымалдарының қамтамасыз ету және сервистiк
қызметiн қайта құрылымдау
Қамтамасыз ету және сервистiк қызметтi қайта құрылымдау жолаушылар тасымалындағы шығыстардың айқындылығын және республикалық және жергілiктi бюджеттерден мақсатты субсидиялануын қамтамасыз ету үшiн оны негізгіден бөлуге бағытталған және мынадай iс-шаралардан тұрады:
Алматы вагон жөндеу зауыты жолаушылар вагондарына күрделi жөндеудi орындай отырып, қамтамасыз ету қызметiнiң субъектiсi болып табылады және қайта құрылымдау қағидаттарына сәйкес бөлiнiп шығарылуға жатады. Жеке "Алматы вагон жөндау зауыты" АҚ құру көзделiп отыр, оның акциялар пакетi 2006 жылдың 4-тоқсанында қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сатылады, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ iске асырады.
Әлеуеттi сатып алушылар тарапынан қызығушылық болмаған жағдайда кредиттiк мiндеттемелер сомасы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-та сақталып, онымен магистральдық желi қызметтерiнiң төлемiне (тарифке) енгізу есебiнен өтелуi тиiс.